Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет30/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51

      3. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргеннен 
кейін жұмысқа кіретін, сондай-ақ ӛндірісте кәсіптік оқытудан ӛткен он сегіз 
жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ӛндірімнің азайтылған нормалары белгіленуі 
мүмкін. 
      4. Жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті 
жұмыстың толық ұзақтығы кезінде қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеу деңгейіне 
дейін қосымша ақы тӛлей алады. 
      
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 320
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз) Заңымен.
 
      
183-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек
 
                
және тынығу режимінің ерекшеліктері
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме 
жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды 
іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ 
оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады. 
      
184-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
 
                
материалдық жауапкершілігін шектеу
 
      Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік 
туралы шарт жасасуға тыйым салынады. 
 
17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР ӚЗГЕ
 
АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
185-бап. Жҧмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
 
                
бҧзуды шектеу
 
      1. Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он тӛрт 
жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп 
отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп 
отырған ӛзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында 
кӛзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. 
      2. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта 
және одан кӛп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды 
ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша ӛтініші бойынша еңбек шартының 
мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс 
аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. 
      
186-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын
 
                
жҧмыстар
 
      1. Әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше 
зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. 
      2. Әйелдердің ӛздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті 
қолмен кӛтеруіне және жылжытуына тыйым салынады. 
      3. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, 
әйелдердің жүктерді қолмен кӛтеруінің және қозғалтуының шекті нормаларын 
еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы 
уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды. 
      
187-бап. Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа
 
                
да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің
 
                
ерекшеліктері
 
      1. Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс 
және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға 
жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып 


алуға құқығы жоқ. 
      2. Жұмыс берушінің: 
      1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі 
балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды; 
      2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру 
мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, 
отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп 
отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме 
жұмысқа тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын 
жұмысқа жіберуге құқығы жоқ. 
      
188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған ҥзілістер
 
      1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік және 
арнайы үзілістерден басқа, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 
бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап 
алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде әрбір үш 
сағаты сайын: 
      1) бір баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде отыз минут; 
      2) екі немесе одан да кӛп баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде 
бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі. 
      2. Осы баптың 1-тармағында кӛрсетілген қызметкердің ӛтініші бойынша 
баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және 
тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің 
(ауысымының) басында немесе аяғында беріледі. 
      3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына 
кіреді. Үзілістер уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа 
жалақысы сақталады. 
      
189-бап. Әйелдерге және отбасылық міндеттері бар басқа
 
                
да адамдарға толық емес жҧмыс уақытын белгілеу
 
      Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар 
әйелдің, үш жасқа дейінгі баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенің, асырап 
алушының, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сәйкес 
күтім жасайтын қызметкердің жазбаша ӛтініші бойынша оларға толық емес жұмыс 
уақыты режимін береді. 
      
190-бап. Жҥкті әйелдерге жҧмыс уақытының жиынтық есебін
 
                
қолдануды шектеу
 
      Егер жұмыс күнінің ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жүкті 
әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебін қолдануға жол 
берілмейді. 
      
191-бап. Жҥкті әйелдерді басқа жҧмысқа уақытша ауыстыру
 
      Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа 
жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың 
әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. 
      
192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектілігін
 
                
белгілеу кезінде әйелдерге берілетін кепілдік
 
      Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың 
алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс 
біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 
      
193-бап. Жҥктілікке және босануға байланысты
 
                
демалыс
 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау