Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы n 251 Кодексі



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет25/51
Дата16.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#26935
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51

      1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса 
алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға 
құқығы бар. 
      2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
ӛтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не 
жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. 
      3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
ӛтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында кӛзделген 
кепілдіктерді пайдаланады. 
      4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру 
аяқталғаннан кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде 
жұмыс берушіде жұмыспен ӛтеуге міндетті. 
      5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің 
кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған 
жағдайда қызметкер ӛзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен ӛтеу 
мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мӛлшерде жұмыс берушіге ӛтейді. 
      
144-бап. Оқыту шартының мазмҧны
 
      1. Оқыту шарты: 
      1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке 
сілтемені; 
      2) жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін
      3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен 
ӛтеу мерзімін; 
      4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен ӛтемақы тӛлемдерін; 
      5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс. 
      2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған ӛзге де талаптар 
қамтылуы мүмкін. 
 
12-тарау. ЖҦМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
 
      
145-бап. Жҧмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік
 
                
кепілдіктер
 
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 
      1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс 
алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға және 
жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға; 
      3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге; 
      4) жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган және жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 
      5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін кӛрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс 
орындары туралы ақпараттар беруге; 
      6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды 
даярлауға бағдарлауға
      7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес ӛңіраралық қайта 
бӛлуге; 
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жӛніндегі шараларды 
әзірлеуге және іске асыруға; 
      9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа 
жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жӛніндегі 
міндеттерін белгілеуге; 
      10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға 
тікелей ұйымдарда жағдай жасауға; 
      11) жұмыспен қамту жӛніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен 
ӛзара іс-қимылына
      12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 
жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді. 


      
146-бап. Азаматтардың жҧмысқа орналасу саласындағы
 
                
қҧқықтары
 
      Азаматтардың: 
      1) жұмыс берушілерге тікелей ӛтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың 
жұмысқа орналасуына жәрдем кӛрсететін жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі 
уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек 
делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға; 
      2) жұмысты ӛзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден 
жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға; 
      3) жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органдардан және 
жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар 
алуға; 
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар. 
      
147-бап. Жҧмыс берушінің жҧмысқа орналастыру кезіндегі
 
                
қҧқықтары мен міндеттері
 
      1. Жұмыс берушінің: 
      1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға; 
      2) жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органдардан еңбек 
нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, 
толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар. 
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті органға: 
      қызметкерлердің ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе 
штатының қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы 
жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын
      қызметкерлерді жалдауға деген қажеттіктері туралы және жұмыспен қамту 
мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтармен әңгімелесудің 
нәтижелері туралы бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті. 
      
148-бап. Еңбек делдалдығы
 
      Жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттігі: 
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді 
жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету; 
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем кӛрсету; 
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге 
жолдама беру; 
      4) еңбек нарығы жӛніндегі деректер базасын қалыптастыру; 
      5) ӛтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу
      6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер кӛрсету; 
      7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері 
жӛнінде ӛзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады. 
 
13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӚТЕМАҚЫ ТӚЛЕМДЕРІ
 
      
149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық
 
                
міндеттерді орындаған кезде берілетін
 
                
кепілдіктер
 
      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген 
жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға 
тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек 
міндеттерін орындаудан босатады. 
      2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін 
аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы 
орташа жалақысынан тӛмен емес жалақы тӛленеді. 
      3. Мерзімді әскери қызметін ӛткеріп келген қызметкер ӛзі мерзімдік 
әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға жұмысқа қабылдау 
кезінде артықшылықты құқыққа ие болады. 


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау