58
2.
Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар,
даму» атты Жолдауы.
3.
Қ.Ж.Бектаева, А.Е.Ерболат»Типтік арнайы білім беру оқу бағдрламалары».
Алматы-2010 жыл.
4.
Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М.,
2001.
5.
Дубровина И.В. Об индивидуальных особенностях школьников. – М., 1975.
6.
Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982.
7.
Байтұрсынова А.А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму
болашағы». Оқу құралы.- Алматы, 2008
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ахметова Насип Муқасқызы
Атырау қаласы, №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы ушін жағдай жасау арқылы
парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Қазіргі таңда
барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді. Инклюзивтік
білім беру дегеніміз–барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері
шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық еңгізу және әлеуметтік
бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды
айыратын кедергілерді жоюға, ата-ананаларын белсенділікке шақыруға,
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы
қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған
мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту–ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалптастырады.
Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесімді
дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру
арқылы дамыту ең жауапты іс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін