Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет18/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73

49 
 
әкеліп  соқтырып,  жылдан-жылға  көбеюде.   Мектепте  де,   үйде  де  ондай 
балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Л.С.Выготский: «Бала бойындағы 
кемістікті  оларға  үнемі  қамқорлық  көрсетіп,  оқыту  мен  тәрбиелеу  істерін 
жүйелі  жүргізу  арқылы  әлеуметтік  жолмен  толықтыруға  болады»,-  деп 
айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар 
аударып,  қамқорлық  көрсетуде.  Соның  бір  көрінісі  –    жалпы  білім  беретін 
мектептерде  арнайы  сыныптардың  ашылуы.  Біздің  міндетіміз  –  даму 
мүмкіндігі шектеулі балаларға,ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру. 
Балалардың  ақыл-ой  дамуының  тежелуі  туралы  айтатын  болсақ,  оның 
білімді  меңгеру  дағдысы  толықтай  сақталып,  деңгейлері  өз  құрдастарынан   
2-4 
жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің 
негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі 
әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы 
мүмкін.  Психиатр,  невропатологтың  зерттеулері  бойынша,  психикалық 
дамуының  тежелуі  балада  малярия,  тұмау,  сары  ауру,  іштегі  улану  сияқты 
аурулардан  кейін  пайда  болады.  Психикалық  дамуының  тежелуінің  негізгі 
бұзылыстары–интеллектуалды  деңгейі,  көбіне  таным  процестері.  Зейіні, 
логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. 
Психикалық  дамуының  тежелуі  бар  балалардың  оқу  үлгерімі  төмен 
болады.  Бұл  балалардың  оқуға  үлгермеушілігі  1-сыныптан  бастап  көріне 
бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу 
дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері: 

сабақ процесіне жай қосылады; 

оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды; 

берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; 

оқуы мен жазуы жай; 

оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; 

есептер шығарған кезде қателер жібереді; 

тез шаршағыш; 

сыныптстарымен аз араласады; 

өз ойын анық айта алмайды. 
Психикалық  дамуының  тежелуі  бар  балалар  көбіне  олигофрения 
балаларға  ұқсайды,  Бірақ,  егер  де  оқу  процесі,  әдістемелік  нұсқаулары 
дұрыс  ұйымдастырылған  болса,  1-3  жылда  өз  құрдастарының  білім 
дағдысын  қуып  жетуге  болады.  Бұл  туралы   Л.С.Выготскийдің:  «Кемтар 
бала  қалыпты  баланың  деңгейіне  жету  үшін  қазіргі  ерекше  құралдарды 
қолданған жөн»,- деген сөзі бар. 
Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  оның  бойындағы  туа  біткен  табиғи 
мүмкіндіктерін  дамыту,  бағалау,  сенім,  үлгі  көрсету,  талап  ету  арқылы 
жауапкершілігін  жетілдіруге,  ынтымақтастық  педагогикасын  пайдалану 
арқылы  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  болады.  Баланың  дамуы  бұзылған 
кезде  оның  қоғамда  әлеуметтену  процесі  және   әрі  қарай  бейімделуі 
қиындайды.  Қамқорлаумен  қатар  емдеу  туралы  ол  қоршаған  ортада  «Өз 
орнын  таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ 
туады.  Ол  үшін  не  істеу  қажет?  Бұл  үшін  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  
әлеуметтік  оңалту  және   бәрінен  бұрын   оларды  белсенді  әрекет  пен 


50 
 
қоршаған  ортаны  тану  үшін  мүмкіндік  беретін  шынайы  әрекеттерге  тарту 
қажет. 
Педагогика  жүйесіндегі  балаларды  оқыту  мен  дамытудың  маңызды 
құрамдас бөлігінің бірі–мүмкіндіктері шектеулі балаларды мінез-құлқындағы 
кемшіліктерді  ескере  отырып  оқыту,  олардың  ой-өрісін  дамыту,  қоршаған 
ортаға  бейімділігін  арттыру  болып  табылады.  Жалпы,  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  жүріс-тұрысындағы  кемшіліктер  олардың  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына,  оның  жеке  қасиеттеріне,  яғни  оқу,  жазу,  ортаға  бейімделу 
әрекеттерінің 
бұзылуын 
қалыптастырып, 
баланың 
үлкендермен, 
құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Сондықтан да психикалық 
даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  оқу  үрдісін  қабылдау  және  танымдық 
қабілеттерінің  қалыптасу  қиындығы  тән  құбылыс.  Ал  танымдық  қабілетті 
дамыту  ойлау  қызметін  жетілдірумен  тығыз  байланысты.  Баланың  ойлау 
қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы 
қабілетіне  қарай  ең  басты  мәселені  айыра  білсе,  демек  ол  мәнді 
тапсырмаларды орындай алады. 
Менің ұстаздық жолымда қалыпты балалармен жұмыс істегеніме        18 
жыл,  ал  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  істеп  келе  жатқаныма 
үшінші  жыл.  Осы  аз  ғана  уақыттың  ішінде  мен  мүмкіндігі  шектеулі 
балалармен  жұмыс  істеудің  қиындығы  мен  үлкен  жауапкершілікті  қажет 
ететіндігін  сезініп  те  үлгердім.  Себебі,  қалыпты  балаларға  сабақ  беру 
барысында еңбегіңнің жемісін тез көресің. Қалыпты балалар қоршаған ортаға 
тез бейімделеді, айтқаныңды тез ұғады. Тіпті, сабақ оқымай келген қалыпты 
балаға қаттырақ сөйлесең, ұрысқанның өзін ол дұрыс қабылдай алады, келесі 
жолы ондай қателік жібермеуге тырысады. Мектеп табалдырығын енді ғана 
аттап басқан бүлдіршіннің оқығанын, жазғанын, сабаққа деген құлшынысын 
көрудің өзі бір бақыт. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар болса, даму жүйесінде 
ауытқушылықтар  болғандықтан  өз  қатарластарынан  артта  қалған,  қоршаған 
ортаға  бейімделуі  баяу,  кейбіреулері  денсаулығына  байланысты  ақырын 
қимылдайды, көбіне көңіл - күйі төмен болатындықтан да қатты сөйлегенді 
қабылдай  алмайды.  Мұндай  балалардың  ата-аналарымен  жұмыс  істеудің  де 
өзіндік  қиыншылықтары  бар.Мүмкіндігі  шектеулі  бала  үйреткеніңді 
қабылдайды,    дегенмен,  бұл  ұзақ  жүретін  процесс.  Бір  сыныпта  бес 
мүмкіндігі шектеулі бала болатын болса, әрқайсысының қабылдау деңгейі әр 
түрлі.  Бірі  түсінгенді  екіншісі  түсінбейді,  бірін-бірі  тыңдағысы  келмейді, 
сабақтың өзін көңіл-күйіне қарай қабылдайды. Бұл балаларға қатты сөйлеуге 
болмайды,  тек  асқан  шыдамдылықпен баланың  тілін  таба білу  керек.  Яғни, 
сабақ түсіндіру барысында әр балаға қабылдау деңгейіне қарай түрлі тәсілді 
қолдану керек. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне 
емес,  танымдық  іс-әрекет,  яғни  баланың  жанына  жақын  заттарды  еске 
сақтату, ойландыру, елестету, бала бойындағы түрлі қабілеттерін дамытумен 
тығыз  байланысты.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  дамуы  үшін есте сақтауы 
мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, 
білік  дағдысының  қалыптасуы,  еске  сақтау  және  ойлау  қабілетімен  тығыз 
байланысты. 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау