55
Оқушыларға мазмұнды суреттер сериясы бар суреттер беріледі. Олар
оқиғаның басы, ортасы, аяғы қайсы екенін тауып, әңгіме құрастырады.
Мысалы: «Аяз ата», «Бағбан», «Портрет» т.б. суреттер топтамалары беріледі.
Бұл жаттығу ойлауы мен байланыстырып сөйлеуін дамытады. Жаттығуды
мәтін арқылы беруге де болады. Мәтіндегі орны ауыстырылған сөйлемдерді
мазмұны бойынша қойып шығу тапсырылады.
«Белгісін тап» жаттығуы.
Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы
сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма – тәтті, сиыр – сүтті,
түн – қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш белгісін таптыруға болады.
«Қарама-қарсы мағынасын тап!» әдісі.
1.
Жуан –
2.
Биік –
3.
Тар –
4.
Кішкентай –
5.
Салқын –
6.
Ұзын –
7.
Ақ –
8.
Ашық –
9.
Қою –
10.
Өткір –
11.
Ашық –
12.
Жоғары –
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін мынадай тапсырмалар
беруге болады.
Мен өз тәжірибемде мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлық
үдерісін дамыту мақсатында ойын элементтерін көптеп пайдаланамын.
Мысалы, көру арқылы қабылдауды дамытуға арналған «Әріптер»,
«Айырмашылықты тап»,«Аяқталмаған бейнелер», түс, пішін, көлемді
ажыратуға арналған «Дәл осындай пішіндегі затты тап», «Қандай фигура
артық?», «Заттың түсі қандай?», тактильді сезімталдықты дамытуға арналған
«Әріпті тап», «»Жылдың төрт мезгілі», «Мысықты ұстап ал», есту арқылы
қабылдауды дамытуға арналған «Қандай музыкалық аспаптың ойнағанын
тап», «Ақырын және қатты», сондай-ақ ұсақ моториканы дамытуға арналған
«Әріптер», «Саусақтар амандасады», «Оркестр», «Таңғажайып жануар»
ойындарын ойната отырып түзету сабақтарын өткіздім.
Мен сабақтарымда төмендегідей ойындарды жиі өткізіп тұрамын.
«Кімде қандай қасиет бар».
Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз
жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне
берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.
«Өзің жалғастыр….»
Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты….
Айнұр досын ренжітіп алғандай болды…
Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті….
56
Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауын тапсырып,
соңынан баланың ойын талқылауға болады.
«Түспен ажырату».
Ойынның мақсаты: адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды,
жақтарын түспен ажырату.
Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды
тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын
соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі
түсіндіріп береді.[7]
Енді 7-сыныпта өткізген «Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырата білу»
тақырыбындағы сабағыма тоқталайын.
Қазақ тілі .7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырату, мысал
келтіру.
Сабақтың мақсаты: жалаң, жайылма сөйлемдердің айырмашылығын
түсіндіру;
тәрбиелілігі: оқушыларды тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу;
дамытушылығы: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік
қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Коррекциялық мақсаттары: артикуляциялық дағдыларды және
фонематикалық есту, қабылдау қабілеттерін дамыту. Саусақ жаттығулары
арқылы түрлі психикалық үрдістерін ояту. Дыбыстық жинақтау, талдау
қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: сөйлейтін «Әліппе», пластикалық карта арқылы
жұмыс жасайтын «Ноутбук»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың коррекциялық мақсаттарын іске асыру жоспары:
Саусақ жаттығулары. «Саусақ амандасады»
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ. Жалаң, жайылма сөйлем.
1-
тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны.
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн жылынды. Күн көктемде жылынды.
2-
тапсырма. «Сергіту сәті» («Өз есіміңді ерекше ата» ойыны)
Күннің суретін салып, әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін
жазады.
Бастауыш пен
баяндауыштан
тұрады
Тұрлаусыз
мүшелерден басқа
тұрлаусыз мүше де
қатысады.
57
ұқыпты таза
тәртіпті мұқият
тілалғыш алғыр
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Анықтама жаттау.
Осы сабақта «Өз есіміңді ерекше ата» ойынын жүргіздім. Адамның есімі
–
оның бетке ұстар құралы. Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге, олар
біздің мінезімізге, сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Қанекей,
өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық.
Мұғалім баланы ортаға шақырады. Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде
болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз бетіне түсіруіне болады.
Ал енді 7-сыныпқа өткізген «Менің отаным – Қазақстан»
тақырыбындағы сабағымда «Заттың түсі қандай?», «Айырмашылықты тап»,
«Аяқталмаған бейнелер» ойын-жаттығуларын пайдаландым.
Қорыта айтқанда, біз-педагогтар, «Әрбір бала – бір жұлдыз,
жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық. Өздері кемтар болып
келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мен биылғы жылы сабақ беретін
7-
сынып оқушысы Дүзелова Айкөркем, 9-сынып оқушылары Мырзағалиева
Арайлым мен Ламиха Әйгерім денсаулығына байланысты үйден оқиды. Олар
менің әр сабағымды, әр кездесуімді асыға күтіп отырады. Осының өзі менің
жаныма медеу. Мені олардың алдағы өмірі қатты ойландырады. Сондықтан
оларды түзету-дамыту жолында күш-жігерімді аямай, ізденіп, еңбектеніп
келемін. Қазіргі күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау
Университетінде дефектология мамандығында оқып жатырмын. 2011 жылы
Атырау қаласында «2011-2020 жж. білім беру мемлекеттік бағдарламасы
мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір дағдысы, әлеуметтік құзіреттілігін
қалыптастыруға талаптану» тақырыбында білім көтеру курсынан өттім.
Осы жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасағым
келеді.
1.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың (аудан көлемінде) кәсіптік білім алуына
мүмкіндіктер жасалса;
2.
Ауылдық жердегі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет тарапынан
әлі де болса көмектердің ұйымдастырылуы аса қажет;
3.
Осы топтағы баланың ата-анасымен, балаға көбірек көңіл бөлініп, ұдайы
қамқорлыққа алынса;
4.
Күрделі ақыл-ой кемістігі бар балаларды психолог-дефектолог оқытса;
5.
Күрделі ақыл-ой кемістігі бар балалардың сенсорлық үдерістерін
қалыптастыру мақсатында түзету сабақтарына сағат қосылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан –2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Жолдауы
Айкөркем
Достарыңызбен бөлісу: |