11
Сатып алу құрылымында елорда үлесі республикалық көлемде
(3049,7 млрд. теңге) 11% құрайды. Елордалық кәсіпкерлер сатып алудың жалпы
көлемінен 10,7% немесе 36,1 млрд. теңгені қамтамасыз еткенін айтып өту керек,
бұл өндірістің орналасу өңіріне өнім жеткізудің республикалық көлемінің
шамамен 4% құрайды. Сонымен қатар, басқа өңірлердің резиденттерінен сатып
алудың көлемі шамамен 26% немесе 204,8 млрд. теңге сомасындағы ең жоғары
үлестердің бірі болып табылады, бұл Алматы қаласының деңгейіне сәйкес келеді
(26,1% или 205,7 млрд. теңге).
Шетелдік компаниялардың өнім жеткізу көлемі 95,1 млрд. теңгені немесе
28,3% құрады, бұл жалпы республикалық көлемнің 7,2% құрайды.
20013 жылмен салыстырғанда елорданың басқа өңірлердің резиденттерінен
сатып алу көлемі 43,5%-ға 2013 жылғы 142,7 млрд. теңгеден 2014 жылы
204,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Алайда, елорда қажеттілігін қамтамасыз
етудегі өңірлердің жалпы салмағы тиісінше 68,7%-ден 61%-ға дейін азайды.
Резидент еместердің жеткізетін өнім көлемі 46%-ға, 65,1 млрд. теңгеден
95,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал үлесті салмағы керісінше, 31,3%-дан 28,3%-
ға дейін қысқарды.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеуші сектор
құрайды – 84,1% (2012 жылы 81,1%, 2013 жылы 83%), өндіріс және электр
энергиясын, газды және суды бөлу – 15,9% (талданып жатқан жылдар бойынша
тиісінше 18,9% және 17 %).
2015 жылы салалар құрылымы сол деңгейде маңызды емес
ауытқушылықтармен сақталды – өңдеуші өнеркәсіп үлесі 83,4%, электр
энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату – 16,6% құрады.
Индустриялық парк аумағында, сондай-ақ 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық – инновациялық дамуының
мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ҮИИДМБ)
Индустрияландыру картасы
шеңберінде жаңа кәсіпорындарды пайдалануға енгізу өңдеуші секторда
әртараптандыру деңгейінің ұлғаюына әсер етті. Бүгінгі күні машина жасау
саласының кәсіпорындары барлық өнімнің 33% өндіреді, металлургия саласы
12
0,6 %-дан 15,2%-ға дейін өсті, басқа бейметалл минералды өнім үлесі
27 % құрайды.
Тауарларды шығару номенклатурасының кеңеюі нәтижесінде 2014 жылы
кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың саны 20 мың адамға артты немесе
жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 7,5% құрады (17,1 мың адам –
2012 жылы және 19 мың адам - 2013 жылы).
Жалпы, республикалық көлемде Астана қаласы үлесінің 2012 жылғы 1,3%-
дан 2013 жылы 1,5% және 2014 жылы 1,9%-ға дейін ұлғаюы байқалады.
3-диаграмма
2012-2014 жылдары
өңдеуші өнеркәсіп салалары құрылымының өзгеруі
Талданып жатқан кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылғы
276,2 млрд. теңгеден 2014 жылғы 389,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2013 жылы
өсу индексі 2013 жылмен салыстырғанда 6,7% құрады, 2015 жылы 2%-ға дейін
төмендеу байқалады.
4-диаграмма
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің өсу
серпіні, млрд. теңге,
%
2014 жылы 32 еседен астам даму серпіні металлургия өнеркәсібінде
байқалды, дайын металл бұйымдарын шығарудың өсімі 31%, басқа бейметалл
бұйымдарының өндірісі 21%, резинадан және пластмассадан жасалған
бұйымдардың өсімі 6,8%, тамақ өнімдері 6,6% құрады және т.б.