16
Smart City жобасы негізіне 6 бағыттың өзара әрекетіне негізделген
еуропалық ақылды қалаларды дамыту үлгісі жатты.
Smart Astana жобасы шегінде білім беру, денсаулық сақтау, қалалық
инфрақұрылым, қызметтер, қауіпсіздік және өзге де салаларда пилотты Smart
жобалар (
Smart Astana, Smart мектеп, Smart емхана, Smart көшелік
жарықтандыру, Smart tracking, Smart tickets, Smart payments, ӨСКЖ, 109
Зияткерлік байланыс – орталығы, 13-00 бірыңғай медициналық Call- орталық,
Open Wifi әлеуметтік жоба, Болашақтың мектебі – бүгін, 3D технологиясының
құзіреттілік орталығы, Е-жедел жәрдем)
іске асырылды
«Ақылды» қаланы құрудың негізгі мақсаты елорда тұрғындары мен
қонақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүруі және жұмыс
істеуі үшін аса жоғары қолайлы жағдайлар жасау.
Қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету мақсатында аумақтағы құқық
бұзушылықтарға, лаңкестік қауіптерге автоматты түрде әсер ету және тіркеу
жүйелері орнатылды, олар қазіргі уақытта күндіз және түндегі көріністі түсіретін
223 бейнебақылау камерасы.
Қазіргі уақытта, қаланың 17 мектебінде барлық мектеп оқушыларын
электронды куәліктермен қамтамасыз етумен «Болашақтың мектебі - бүгін»
ақпараттық жүйесі» жобасы іске асырылуда, олардың көмегімен балалардың
мектепке және қзге де қоғамдық орындарға баруын автоматты түрде бақылауға,
мектеп және көқпшілік кітапханаларда кітаптарды тіркеу және алуды қамтамасыз
етеді.
Денсаулық сақтау саласында тиісті түрде қызмет көрсету үшін «113
Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығы» жобасы іске асырылуда, ол
пилотты түзімде «№ 10 қалалық емхана» МКК-да жүргізілуде. «Smart емхана»
жобасының арқасында 300-ден астам жұмыс орындары автоматтандырылды, 315
бірлік персонал оқытылды, зерттеу хаттамаларының 750-ден астам түрі енгізілді,
106 мыңнан астам емделушіге қызмет көрсетілді, интернет және өз-өзіне қызмет
көрсету терминалы арқылы онлайн-түзімде дәрігердің қабылдауына шамамен 2
мыңнан астам пациентке қызмет көрсетілді. Пилотты жоба 2015 жылдың
маусымынан бастап Астана қаласының № 4 емханасында жұмыс істеп тұр.
Smarttracking пайдалану шығыстарын төмендету, орнатылған GPS трекер
және жүйелердің көмегімен көлік құралдарының айналымын төмендету және
тиімді басқару мақсатында іске асырылады.
Жоба орнатылған GPSтрекерлердің көмегімен коммуналдық қызметтің
көлік құралдарының мониторингін және бақылауды және жүргізілген жұмыстар
бойынша есеп құруды тәулік бойы іске асырады.
2015 жылдың желтоқсанында пилотты жоба «Астана - Тазалық» ЖШС және
«Астана Көгалдандыру Құрылысы» АҚ құрамында іске асырылды, оларда 20
көлік құралы «Smarttracking» жүйесіне қосылды.
Пилотты жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 25% жанар май
шығысын үнемдеуге қол жетті, сондай-ақ, шамамен 27% автокөлік құралдарының
айналымы қысқарды.
Аталған жобаларыдң кеңеюі және көпшілікке таралуы қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге, денсаулықты жақсартуға, қызметтер мен үрдістерді
17
автоматтандыруға, электр энергиясын тұтынуды үнемдеуге, мәдени мекемелерге
баруды
ұлғайтуға,
коммуналдық
қызметтердің
көлік
құралдарын
мониторингілпуге және бақылауға, бюджетті үнемдеуге, елорда тұрғындарының
қаражаты мен уақытын үнемдеуге бағытталған. ,
2013-2015 жылдар кезеңінде Астана қаласында өндірілген инновациялық
өнім көлемі 356,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2015 жылы – 111,2 млрд.
теңге немесе республикалық көлемнің 29,5%.
Астана қаласында инновациялық – белсенді кәсіпорындардың саны жыл
сайын артуда, сонымен 2013 жылы – 179, 2014 жылы – 214 және 2015 жылы – 541
бірлік кәсіпорын немесе 2014 жылға өсім 16,3% және 2015 жылы 60,4%.
Инновация саласында инновациялық белсенділік деңгейі бойынша елорда
2015 жылыдң қорытындысы бойынша 2 орынға ие (1-сурет), инновация
саласындағы инновациялық белсенділік 2013 жылы 11,1%, 2014 жылы – 10,7%
және 2015 жылы – 13,2%.
1-сурет. Облыстар бойынша 2015 жылғы инновация белсенділігінің
деңгейі, %
Жалпы 2015 жылы өндірілген инновациялық өнім көлемі 111,2 млрд.
теңгені құрады, бұл 2012 жылыдң деңгейінен 23 есеге жоғары (4,8 млрд. теңге).
Инновациялық белсенділік деңгейі 2015 жылы 13,2%, 2014 жылы – 10,7%, 2013
жылы – 11,1% құрады.
Елорда экономикасына тартылған капитал салымдарының жалпы көлемі
2013-2015 жылдары 1976,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттік
инвестцииялар -748,3 млрд. теңге, кәсіпорындардың жеке қаражаты – 937,7 млрд.
теңге, қарыз қаражаты – 277,8 млрд. теңге. 2015 жылыдң қорытындысы бойынша
782,3 млрд. теңге тартылды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 30%-ға жоғары (547,5
млрд. теңге), қарыз қаражатын ұлғайту есебінен тиісінше 53,5 млрд. теңгеден 65,6
млрд. теңгеге дейін, 2-кестеге сәйкес. Бұл Астана қаласына тартылған
инвестицияларыдң Республикалық көлемге 11%-дан астамын құрайды.
2-кесте
Тартылған инвестициялар көлемі
Көрсеткіштің атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
18
млн. теңге
үлес, %
млн. теңге
үлес, %
млн. теңге
үлес, %
Негізгі капиталға құйылатын
инвестиция
көлемі,
оның
ішінде
547 489,8
100
646 633,9
100
782 326,1
100
бюджет қаражаты
224 527,7
41
213 858,1
33
309 899,9
39,6
жеке
қаражат
251 969,9
46
315 739,6
48,8
369 985,4
47,2
банктердің несиелері
17 498,6
3,2
23 462,3
3,6
36 837,6
4,7
басқа қарыз қаражаты, оның
ішінде:
53 493,6
9,8
93 573,8
14,4
65 603,2
8,3
Резидент еместердің қарыз
қаражаты
1 175,3
0,2
2 299,8
0,3
3 330,9
0,4
Инвестицияны қаржыландыру құрылымында 2015 жылдың қорытындылары
бойынша бюджет қаражаты үлесінің 2014 жылғы 33%-ға және 2013 жылғы 41%-
ға қарсы 39,6%-ға дейін қысқаруын айтып өту керек. Шетел инвесторларының
қаражат үлесі 2013 жылғы 0,2%-дан 2015 жылы 0,4%-ға дейін, немесе 1,2-тен
тиісінше 3,3 млрд. теңгеге дейін.
5-диаграмма
Инвестиция көздерінің құрылымы, млрд. теңге
Инвестициялардың
технологиялық
құрылымында
ғимараттар
мен
құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар
жоғары үлеске ие, олар бойынша 2015 жылдың қорытындылары бойынша үлес
56,3% немесе 3,9 млрд. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда
(3,0 млрд. теңге) осы ерекшелік бойынша инвестиция көлемінің тиісінше
23%-ға ұлғаюы байқалады.
Елорданың инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру соңғы жылдары
машина мен құрал-жабдық, құралдар мен керек-жарақ сатып алуға бағытталған
инвестиция көлемінің өсуіне мүмкіндік тудырды. Ол жерде 2014 жылдың
қорытындылары бойынша 183,8 млрд. теңге тартылды, бұл 2013 жылғы
қорытындыдан 8%-ға артық (170,1 млрд. теңге) және 2012 жылдан 28%-ға
(257,7 млрд. теңге) төмен.
2011-2015 жылдар кезеңінде жеке инвестициялар үлесі 2 есеге ұлғайды
(25,7%-2011, 55%-2015 жж.).
6-диаграмма