35
Білім алушылардың жалпы құрамы жыл сайын 2012 жылғы 30,7 мың
адамнан 2013 жылғы 29,8 мың адамға дейін және 2014 жылы 28 мың адамға дейін
төмендеуде, оның 12072 оқушысы мемлекеттік және 16014 жеке меншік
колледждерінде оқиды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша ТжКО жүйесі оқушыларының саны
1774 педагогтарға қысқарды, бұл 2014 жылыдң деңгейінен 3,6%-ға және 2013
жылдың деңгейінен 6,8%-ға төмен.
Осы бағыт бойынша әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша шаралар
қабылданды. Сонымен, 2015 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша әлеуметтік
серіктестіктермен 2298 шарт және 11 меморандум жасалды.
Негізгі проблема еңбек нарығында сұраныстың және ұсыныстардың
теңгерімсіздігі болып табылады, бұл ТжКБ ұйымдары шығаратын кадрлар
санымен және мамандар қимасындағы бос орындардың сәйкессіздігімен
негізделеді.
2012-2014 жылдар бойы өндіріс саласында дайындалған мамандар саны
құрылған жұмыс орындары санынан 1,9 есеге немесе 4104 бос орында
7917 түлекке артық. Осындай ұқсас жағдай көлік және байланыс салаларында да
байқалады, ұсыныстың артықтығы 40% (2965 бос орын болған жағдайда 4250
түлек) құрады.
Қарама – қайшы жағдай білім беруде және денсаулық сақтауда қалыптасты,
онда кадрлар шығару мамандарға деген тапшылықты тек қана 72,2% немесе 11821
бос орын болған жағдайда 8538 түлектің орнын толтырды. Тағы да құрылыс және
коммуналдық шаруашылық саласында теңгерімсіздік байқалады, онда 3 есепті
жылы 11478 жаңа жұмыс орындары құрылды, сонда кадрлар шығару 1 мың
адамды құрады.
Осындай жолмен, ТжКБ мекемелерінің жұмысқа орналастырылған
кадрларының үлесі 80%-дан артық емес, яғни, әрбір бесінші түлек жұмыссыздар
нарығын толықтырады.
Жастар саясаты
Астана қаласында жастар саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 213,4 мың
адамды құрады, немесе халықтың жалпы санының 25,0%.
36
Елорданың жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 2015 жылы
шамамен 52,7 мың адамды құрады, бұл 2013 жылыдң деңгейінен 8,4%-ға немесе 4
мың адамға (48,6 мың адам) көп.
2016 жылдың басына қалада 80-нен астам жастар ұйымдары тіркелген,
алайда, олардың 20-30 ұйымы ғана белсенді түрде жұмыс істейді.
2013-2014 жылдар бойы жастарды әлеуметтік біріктіру саласында жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызды жобалар конкурстарына
жастар ұйымдарын тартумен оны іске асыруға мүмкіндік беретін әрекетті тетік
әзірленді және ендірілді.
NEET жастар үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 6,8% құрайды,
бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,5 есеге (17%) төмен және 2014 жылмен
салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді.
Балалар мен жасөспірімдерді толық түрдегі демалыспен және ойын-
сауықпен қамтамасыз ету мақсатында салауатты өмір салты оқуларына тарту
үшін қалада 15 аулалық мектеп ашылды және жақсы жұмыс істеуде. Аулалық
клубтарды ашу қаланың аумақтық бөлінуіне сәйкес, сондай-ақ, аудандар
бойынша жастар саны есебіне сәйкес ашылғандығын атап айту қажет. Барлығы
осы аулалық клубтарда 5 мың бала мен жасөспірімдерді тартумен 72 үйірме және
спорт секциялары белсенді түрде жұмыс істейді.
Қаланың жоғары оқу орындары жанында 20 мыңнан астам адаммен
қамтылған 348 демалыс ортылығы жұымс істейді. Оқу мекемелері құрамында
жастар өзін-өзі басқарулар, яғни Жастар істері жөніндегі комитеттер өз қызметін
атқаруда.
2014 жылы «Астана жастары» КММ ашылды, оның құрамында елордадағы
еңбек нарығын дамытудың ағымдық жағдайлары және негізгі тенденциялары
және болашақ мамандық таңдауда консультативтік көмек көрсету туралы 15
жастан 17 жас аралығындағы балалардың ата – аналарымен кәсіби бағдарлық
жұмыстар ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау
Халық денсаулығының жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы
жауапкершілік деңгейін көрсететін әлеуметтік бағыттылығының интегралды
көрсеткіші болып табылады.
Осыған
байланысты,
2011-2015
жылдарға
арналған
Қазақстан
Республикасының денсаулығын дамытудың «Саламатты Қазақстан» атты
мемлекеттік бағдарламасы шегінде жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптерін
ендірумен алғашқы медициналық – санитарлық көмекті (бұдан әрі - АМСК)
жетілдіру жүргізілуде, Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі шегінде жоғары білікті
медициналық көмекті (бұдан әрі – ЖБМК) қаржыландыру маңызды түрде
ұлғайды, бұл жаңа объектілерді енгізу, қолданыстағы объектілерді жөндеу және
техникалық қайтадан жарақтандыру есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының
материалдық – техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік тудырды.
Анықталған ауруларды кейіннен сауықтырумен, алдын алу тексерулерін
жүргізумен және балаларды сауықтырумен әлеуметті маңызды ауруларды ертерек
37
анықтау үшін халықты скринингтік тексеруді жүргізу кеңейтілді, тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде дәрі-дәрмектік
құралдармен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ, салауатты
өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының, қоғамның күшін
біріктірудің арқасында қоғамдық денсаулықты қорғау және нығайту мәселелері
бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттердің тиімділігін
көтеруге
бағытталған
меморандумдар
мен
сектораралық
іс-шаралар
жоспарларына қол қойылды және іске асырылуда.
Астана бойынша негізгі медициналық – демографиялық көрсеткіштер соңғы
жылдары оң тенденцияға ие және орташа республикалықтан жақсы жағына
өзгерумен ерекшеленеді. Соңғы жылдары елордада табиғи өсіммен және ішкі
көші – қон ағынымен негізделген халықтың тұрақты түрде ұлғаюы орын алған.
2013 жылдың басымен салыстырғанда елорданың жалпы саны 129600 адамға
ұлғайды, басты себебі, ішкі, сондай-ақ, сыртқы көші – қон есебінен, және 2016
жылдың 1 қаңтарына 872 600 тұрғынды құрады, оның ішінде еркектер
420 593, әйелдер 452 007.
Халықтың туылуы 2013 жылғы 27,5-тен 2014 жылғы 28,96-ға дейін және
2015 жылы 30,25-ке дейін ұлғайды, ал өлім 2014 жылғы 4,28-ге, 2013 жылғы 4,44-
ке қарсы 2015 жылы 4,47-ға дейін төмендеді.
15-диаграмма
Демографиялық коэффициенттер
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 2014 жылы 100мың адамға
шаққанда 141,1 жағдайды құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (100 мың
адамға шаққанда 100,5) 40%-ға ұлғайды, 2012 жылмен салыстырғанда
салыстырғанда (100 мың адамға шаққанда 156,6) 9,8% азайды. Ісік ауруларынан
өлім 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 82,9 жағдайды құрады және 2013
жылмен салыстырғанда 2,2%-ға (100 мың адамға 81,1), 2012 жылмен
салыстырғанда 2,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 85,2) азайды.
Соңғы бес жыл бойы әлеуметтік маңызды аурулардан өлім саны
көрсеткішінің төмендеуі және тұрақталуы орнықты тенденцияға ие. Сонымен,
туберкулезден өлім көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендеді,
100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 2012 жылғы 6,7 қарсы 3,9 құрады. 2014
жылы туберкулезден өлім 100 мың адамға шаққанда 3,1 құрады, 2013 жылы – 2,9.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 2015 жылы 100 мың адамға
Достарыңызбен бөлісу: |