Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет78/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122

Арғынбекова Р. 
Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 
№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
       
Бүгінгі  таңда  тіл  тағдыры,  оның  болашақ    мәртебесі    бәрімізді 
толғандырады.  Қазақ  тілінің  ертеңі  қалай  болады,  оның  қолдану  аясы  мен 
қызметі  қандай,  «Тіл  туралы»  заңның  мемлекеттік  дәрежеде  орындалуы 
қалай  жүргізілуде  сияқты  т.б.  сұрақтар  барлық  жұртты  ойландыратыны 
белгілі,  өйткені  бүгінгі  таңда  егеменді   елдің  XXI  ғасырдағы  саяси-
әлеуметтік,  қоғамдық,  мәдени    келбеті  қазақ  тілімен  тікелей 
байланысты  екенін  ұғынып  келеміз.  Елбасы  Н.Назарбаев  «Білім  беру 
реформасы  Қазақстанның  бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге 
мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  құралдардың  бірі»  –  деп  атап  көрсетті. 
Әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  мақсатында  білімді  жеке  тұлғаға  қарай 
бағыттау  көзделіп,  оқу-әдістемелік  жүйесіне  жаңа  талаптар  қойылды.  орыс 
тілді    мектептерде    қазақ  тілі  мен    әдебиетін    оқыту    аясында  тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым  дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, 
анализ  ,  салыстыру  және  бағалау    дағдыларын    дамыту    нәтижесінде 
оқушылар  алған    білімдері  мен  үйренген  дағдыларын    кез  келген  орта 
жағдайында  бәсекеге  қабілетті  болуға, қарым – қатынас  үдерісінде  тиімді  
қолдануға  мүмкіндік береді. Демек,  көпшілік ортада  қазақ  тілін  қатысымға  
енгізуге  әрбір азамат жауапты,  мемлекеттік  тілді  меңгеру  елдің бірлігін  
білдіреді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнін  кіріктіруде    бағдарламаның  негізгі 
мақсаты – білім деңгейі жоғары, ой – өрісі дамыған ,  өз ойын еркін  жеткізе 
алатын, туындаған  мәселелерді шеше  білетін  және  шынайы  өмірге  бейім  
жаңашыл ұрпақ  тәрбиелеу.  Мемлекеттік  тілді  құрметтеу  және  өзге ұлт  
өкілдерімен    қарым  –  қатынасын  нығайту  –  Қазақстандағы    ұлтаралық 
келісім  кепілі.  Алайда,  әдістеме  ғылымындағы  жаңалықты  терең  сезіне 
қабылдау,  оны  дер кезінде пайдалану  қазақ  тілі  әдістемесінің бүгінгі  заман 
талабына  сай  қазақ  тілі  жүйесін  жетілдіріу  шараларына  үн  қосу  әрбір 
ұстаздың  мүдесі  деп  ойлаймын.  Тілді  оқытудың  озық  технологияларымен 
танысу,  тәжірибелер  алмасу,  сабақтарды  ұйымдастырудың,  жүргізудің 
оңтайлы  тәсілдерін  ұсыну,  тың  әдістерді  сарапқа  салу  ізденімпаздықты, 
шығармашылықты  талап  етеді.  Әрбір  әдістеме  үлкен  шығарымпаздық  өнер 
іспеттес  болса,  әдістеме  бағытында  да  тілді  оқытудың,  оның  қадір-қасиетін 
шәкірттерге  түсіндіріп,  ұлылығы  мен  кеңдігін  ұқтыру  үшін  қазақ  тілін 
оқытқанда  қойылатын  талап-тілектерге  жаңаша  көзқараспен  қарауымыз 
керек. 
      
Ол  үшін  ұстаз  қай  тілдің  болсын  оқыту  стратегиясын    жақсы  білуге, 
оқыту  процесіне  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға  бүкіл  әлемдегі  басқа 
тілдерді  оқытудың  әртүрлі  тиімді  әдістемелерін  білуге  тиіс.  Бұл  –  уақыт 
талабы.  Алдымен,  әрине  оқулықтарға  аса  зор  көңіл  бөлгеніміз  жөн.  «Тіл 
туралы» заң қабылдаған соң қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне қандай көлемде, 
қалай  үйрену  мәселесі  ғылыми  тұрғыдан  қарастырыла  бастады.  Бұл  салада 
бірнеше  әдістемелік  еңбектер,  оқулықтар  шығып,  бағдарламалар  жасалды. 
170 
 


Бірақ,  қазіргі  әдістемелік  ғылым  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  бүге-шүгесіне 
дейін  үйрететін,  мәтінмен,  жаттығумен  қалай  жұмыс  істеу  керектігін, 
оқытушыға  қажеттінің  бәрі  кітаптың  ішінде  бәрі  дайын  болуы  мүмкін 
еместігін ашық айтады. Шындығында да оқыту ісі бір сарынды үлгі емес.  
      
Әрине,  оқулық  кешенін  тиімді  пайдалану,  әдіс-тәсілдерді  түрлендіріп 
отыру әр ұстаздың шеберлігіне байланысты.  
      
Қорыта  айтқанда,  тілді  үйретудегі  күнделікті  туындап,  дамып  келе 
жатқан  түрлі  әдіс-тәсілдер  мен  оқыту  түрлері  лингвистикалық  тұрғыдан 
шартты  болып  табылады.  Қоғамдағы  тілдің  қызметі  мен  даму  деңгейі 
тармақтары мен күнделілігі қандай болса, оны оқытып үйретудегі әдістер мен 
тәсілдердің деңгейі  де сондай болмақ. 
                                 
БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК 
ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Әбілаева Д.А. 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Н.Әлімқұлов атындағы орта 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Тастанбекова А.Д. 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр орта мектеп- 
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
 
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,  
ал, біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» 
А.Байтұрсынов 
 
 
Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тілі. 
Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы. Ұлтаралық 
қарым-қатынастың ұйытқысы. Бүгінгі қоғам, еліміздің білім беру жүйесінен 
көптілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. «Қазақ тілі» 
пәніне  арналған  бағдарлама,  білім  берудің  Ұлттық  жүйесін  халықаралық 
стандартқа негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған міндеттеріне сай 
және  коғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  үдерістерді,  ұлттардың 
бейбітшілік  пен  келісім  өмір  салтын  қалыптастыру  саясатын  ұстану 
қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып,  Мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиімді 
әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.  
 
Орыс  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім 
беру  бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу 
тұрғысынан,  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  жеткізу  мен  қатар, 
мектеп  мұғалімдерінің  өздері  балаларды  белгілі  бір  тәсілмен  оқытатынын 
біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қарай 
ықпалдастыратынын  түсіну  болып  табылады  (Мұғалімдерге  арналған 
нұсқаулық, 35-бет).  
171 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау