Бағдарламаның басымдықтары: рухани құндылықтар, жалпыға бірдей
міндетті білім беру бағдарламасы негізінде құрылуы, тілдік дағдыларды
қалыптастыруға негізделгендігі.
Дүниежүзінде білім беру жүйесі озық дамыған Англия, Сингапур,
Германия, Норвегия, Австралия сияқты елдерде жалпыға бірдей білім беру
бағдарламасы
күтілетін
нәтижеге
бағытталған.
Сондай-ақ,
оқу
бағдарламасының мақсаты басты төрт тілдік дағдыны қалыптастыруға
негізделген. Олар:1.Тыңдалым; 2.Айтылым; 3.Оқылым; 4.Жазылым.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсатынан туындайтын
міндеттер: коммуникативті, үш тілді білетін және оны қолдана алатын,
шығармашыл, функционалды сауатты, сыни тұрғыда ойлай алатын, өзіне де
басқаға да сыни тұрғыда қарайтын, өзгенің пікірімен санасатын, өз пікірін
белгілі аргументтермен дәлелдей алатын, білімін жинақтай, саралай алатын
жаңашыл ұрпақ қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасы сындарлылық теориясына негізделген. Оқылым
дағдысын қалыптастыруда мұғалім бақылаушы және тыңдаушы болуы керек.
Мұғалім оқушының түсініп оқуына қолдау көрсетеді. Мұғалімнің ролі нақты,
дәл сұрақтар қояды, жаңа білімді алдыңғы біліммен байланыстыра отырып
игеруге қолдау көрсетеді. Оқылымның нәтижесі – түсіну және түсінік
қалыптастыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданылатын дәстүрлі
емес, жаңа оқыту әдіс-тәсілдері сан алуан.Олардың тиімділігі – күтілетін
нәтижеге жеткізуі. Әдіс-тәсілдерді қолдануда басты ұстаным- субьект-
субьектілік, қатесі үшін жазаламай, қатесін түзетіп оқыту, ынтымақты
қарым-қатынаста ,топтық жұмыс жағдайында, кері байланыс жасай отырып
оқыту.Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшелігінің бірі –
критериалды
бағалау.
Критериалды
бағалау
екіге
бөлінеді.
1.қалыптастырушы бағалау; 2.жиынтық бағалау. Дәстүрлі оқыту үдерісінде
оқушы білімінің деңгейін көрсететін ұғым, көрсеткіш – баға. Ал, жаңа
бағдарлама бойынша бағалау - / «баға» деп айтып отырған жоқпыз/ – әр сабақ
бойындағы тәсіл, тіпті үдеріс деуге болады. Әр тапсырмадан кейін бағалауға
болады,оны әртүрлі формада / «бағдаршам», «екі жұлдыз, бір тілек», «Бас
бармақ»/ жүзеге асыруға болады. Оқушының өзін-өзі бағалауын дескриптор
арқылы жасауға болады. Оқушы бұл арқылы өзінің сабақ бойында неге қол
жеткізгендігін анық біледі, өзіне сын көзбен қарайды, ішкі уәжі артады.
Қалыптастырушы бағалау әр сабақ үстінде бір немесе бірнеше рет іске
асырылады, ал жинақтық бағалау тоқсанына бір рет немесе жылдық бағалау
ретінде жасалуы мүмкін. Жиынтық бағалауды мұғалім қоймайды, ол үшін
арнайы мектепішілік координатор болуы қарастырылады.Бағдарламаның
тағы бір жаңалығы – сынып реті, меңгерілетін дағдылар,оқу мақсаты сандық
формада кодпен берілген. Мысалы, сабақта тыңдалым және айтылым
дағдысы іске асырылуы керек болса, бірінші - сынып реті , содан кейін
дағдылар орналасу ретімен беріледі. Мысалы: 1Т1А2 деп тұрса, 1-сынып,
одан кейін тындалым,айтылым дегенді білдіреді . Бағдарламада тыңдалым –
Т1 деп белгіленсе, орналасу ретіне қарай айтылым А2 деп белгіленеді.
168
Жалпы оқу бағдарламасында жоспарлау ұзақ мерзімді, орта мерзімді,
қысқа мерзімді болып үшке бөлінеді. Ұзақ мерзімді , орта мерзімді
жоспарлар мұғалімдерге дайын күйінде келсе, қысқа мерзімді сабақ жоспары
-
мұғалімнің күнделікті сабақты жоспарлауы. Сонымен қысқа мерзімді сабақ
жоспары – күнделікті әр сабаққа жасалатын жоспар.Онда нақты тақырыпқа
байланысты сабақтың барлық кезеңдері уақытпен белгіленіп жоспарланады.
Оқу мақсаттары дайын , ол ұзақ мерзімді сабақ жоспарында берілген. Сабақ
мақсаттары осы оқу мақсатынан шығады. Күтілетін нәтиже сабақ мақсатынан
емес, жалпы оқу мақсатынан шығады. Қалыптасқан шаблоны бар.Тілдік
мақсат бірнеше кезеңнен тұрады. Мысалы: мәтінге байланысты жаңа
сөздерді, сөз тіркестерін меңгерту, диалог құрау. Алдыңғы оқумен
байланыстыру осы тақырып бойынша оқушының бұрыннан білетін
мәліметтерін , жалпы сол жөнінде не білетінін еске түсіре отырып, оқу.
Сабақтың жоспарланған басы, ортасы , аяғы болады.
Ағылшын ғалымы Бенжамен Блум оқу кезіндегі іс-әрекеттердің
атауларын «білу,түсіну,ажырату,жинақтау,саралау, қолдану» деп береді.
Білу, түсіну төменгі сыныпта іске асырылса, жоғары сыныптардың
оқушылары саралайды, жинақтайды. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
табиғи әдіс, ТКО/тыңдау, көру, орындау/, оқытудың үдемелілігі,спиральды
оқыту, рөлдік ойындар, аудио,бейне материалдар қолдану немесе АҚТ
пайдалану, белсенді оқылым стратегиялары, графикалық органайзерлерді,
табиға ресурстарды қолдану. Бұл әдіс-тәсілдердің әрбірі өз ішінде көптеген
тәсілдерге бөлінеді. Бұл сабақ барысында оқушының жан-жақты ақпарат ала
отырып, өз ойын басты мақсатқа шоғырландыра білуге, тыңдағанын айта
алуға, оқығанын түсінуге, жаза алуға жетелейді.
Бізге «мінсіз оқушы» кім деп сұрақ берсе, «білімді, тәрбиелі, үлгілі,
қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын, көшбасшы» деген сияқты
анықтамалар береміз, ал әлемдік білім кеңістігінде «мінсіз оқушының»
анықтамасы – «тілтабысқыш, проблеманы шеше алатын, бақытты» оқушы
екен. Сонда болашақта біздің оқушыларымыз тілдің грамматикасындағы
етістіктің шақтарын немесе одағайдың түрлерін білмей-ақ , айтылғанды,
тыңдағанды түсінетін, оқығанынайта алатын, жаза алатын, ең бастысы үш
тілде еркін түсінісе алатындәрежеге жетуі қажет.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған
білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі
«Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін,
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп.
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
169
Достарыңызбен бөлісу: |