Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет85/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122

Оқыту  барысында  оның  әр  түрлі  жақтарын  қамтамасыз  ететіндей  бір 
мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы тиіс. 
Бұл оқыту тәсілі әр түрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, 
сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болмақ.  
Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше,  сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, 
рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман 
мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, педагогикалық-психологиялық 
сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та 
талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, 
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа 
технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  білігі  мен  білімі  жоғары 
жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 
 
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Сатыбалдиева Ж.К. 
Алматы облысы, Райымбек ауданы, 
С.Бейсембетұлы атындағы орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
       
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасында  тіл  пәндерінің  берілу  жайы 
да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, 
оқылым,  жазылым  -  жетілдіруге  бағытталған.  Бұл  төрт  дағды  оқу 
жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір–бірімен тығыз 
байланысты.  Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып  отырады  және 
сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман  болуы  мүмкін  емес.Жаңа 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, 
рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 
әсерін  тигізеді  әрі  өзін-өзі  дамытып,  оқу  –  тәрбие  үдерісін  тиімді 
ұйымдастыруына  көмектеседі.  Сонымен,  жаңа  технологияларды  меңгеру  – 
жаңа  формация  мұғалімін  қалыптастыруға  қойылатын  негізгі  талап  болып 
отыр. Білімді ақпараттандырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпараттық 
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетін 
толық, тиімді араластыру. 
Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болуы  ғана  емес, 
тарихи  –  қоғамдық,  педагогикалық  –  психологиялық  сауаттылық,  саяси  – 
экономиялық  білімділік  және  ақпараттық  сауаттылық  талап  етіледі.  Заман 
талабына  сай  білім  беру  үдерісінде  жаңалыққа  жаны  құмар, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісін  ұштастыра  білген, 
186 
 


оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер  меңгергенде  ғана  бүгінгі  күн 
талабына  сай  ұстаз  бола  алады.Жаңа  бағдарламаның  басты  мақсаттарының 
бірі  –  баланы  оқыта  отырып,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру. 
Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай 
білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.Сабақты тартымды 
да  қызықты  етіп  өткізу  –  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіне,  білімділігі  мен 
біліктілігіне  байланысты  болады.  Егер  мұғалім  өзінің  әр  сабағында  ұлттық 
дәстүрді  қадірлей  білуге,  адамгершілікке,  ізгілікке,  тәлім  –  тәрбие  беруге 
назар  аударатын  болса,  онда  сабақ  үдерісінде  оқушылар  өзіне  –  өзі  баға 
беруге, әлсіз тұстарын сын көзбен қарауға, өзінің жетістігін жете түсінуге, өз 
бетімен іздене білуге дағдыланады 
Диалогтік  оқыту  әдісін  сабақ  кезеңінде  тиімді  пайдалану  – 
жаңашылдыққа  жатырқай  қарамай,  тың  тәсілге  ізденіс  көзқараспен  келуге, 
еркін  ойлы,  бай  тілді  тұлғаның  қалыптасуына  жол  ашады.«Шәкірттерімнің 
сөздік  қорын  әрі  қарай  қалай  жетілдіруге  болады?»  деген  сұрақ  барлық 
мұғалімнің көкейінде тұратыны сөзсіз. Бұл орайда өз тәжірибемде диалогтік 
оқыту оқушылардың тілін дамытуға тигізер көмегі зор деген пікірге келдім. 
Осы  әдіс  арқылы  сыныпта  тұйық  оқушылар  ашылып,  белсенділіктері  арта 
бастады.  Сабақ  кезеңінде  шәкірттерімнің  «оқшауланып»  оқымай,  жұпта, 
топта диалог жүргізу арқылы бір – біріне түсіндіру, талқылау, достық қарым 
– 
қатынас жасау ықпалы арта түседі. Себебі диалогтік оқыту ұжымдық және 
өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Оқушы диалог құру нәтижесінде білім 
алады. Сонымен қатар оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады және сыни 
тұрғыда еркін ойлау қабілетін ұштайды. 
Сабақтардағы басты өзгерістер – бұрынғы өткен дәстүрлі сабақтардан 
айырмашылығы  көбінесе  оқушылардың  топпен  біріге  отырып  жұмыс 
істеуінде  және  оқушылар  жаңа  тақырыпты  проблемалық  сұрақтар  арқылы 
өздері  ашуы  және  мақсат  қоя  білуінде.  Сондай-ақ,  басқа  да  өзгерістер 
сабақтың  әр  кезеңдерінде  көрініп  отырады.Менің  осы  бағдарламадан 
түйгенім – оқушының әр сабақтан өзіне қажеттілігін табуы. «Жақсы оқитын 
баланы  мадақтама  –  өр  көкірек  болады,  нашар  оқитын  баланың  еңсесін 
түсірме» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, әр оқушының жүрегіне жол таба 
білу керек. 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА 
МАЗМҰНЫ 
 
Енкежикова Н.К., Керейбаева Г.М. 
Алматы облысы, Талғар  ауданы, №21 орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 
 
      
Қазақстан  Республикасында  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 
шеңберінде білім беруүдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер 
енгізілуде.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл,  қарым-қатынас  тілі  – 
орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  –  әлемдік  кеңістіктітану  тілін  оқытуда  жаңа 
187 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау