Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет24/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

48 

 

қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру 



мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын "Дарын" 

республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды.  

Бағдарламаның  мақсаты:  дарынды  балаларды  іздеу,  тәрбиелеу,  оқытудың  негізгі 

стратегиясын  анықтау,  Қазақстан  Республикасының  интеллектуалдық  потенциялын 

қалыптастыру  мен  дамыту;  талантты  жастарды  әлеуметті-мәдениетті  қалыптастыруына 

ықпал ету.  

Негізгі міндеттері:  

-  Қазақстан Республикасының зерделі әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу;  

-  дарынды  балаларды  анықтау  мен  іріктеу,  оқыту  мен  дамыту  және  де  оларға  қолдау 

көрсету жүйесін жасау;  

-  дарынды  тұлғаны  дамытуда  инновациялық  технология  ауқымындағы  халықаралық 

жұмыс тәжірибесін, әрекеттестікті кеңейту;  

-  дарынды  балалар  мен  жасөспірімдерді  әлеуметтік  және  құқықтық  қорғауды  қамтамасыз 

ету. 


Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені:  

-  Шығармашылық дарындылық:  

-  Шығармашылық жұмыстар, жобалар жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу;  

-  Көркемдік дарындылық: шығармашылық сайыс,  ән, би театр үйірмелері;  

-  Интеллектуалдық дарындылық:  

-  Интеллектуалы ойындар, жаттығулар т.б.   

-  Психомоторлы дайындығы, академиялық дарындылық:  

-  Спорттық сайыстар,  олимпиадалар  

Техникалық дарындылық: құрастырмалы ойыншықтар, техникалық құралдармен жұмыс.  

Дарынды балаларды оқытуда келесі қағидаларды ұстанған жөн:  

1.    Оқу  материалы  негізінде  қарастырылатын  тақырыптарды,  мәселелерді  кең  түрде 

талқылау;  

2.  Пәнаралық бағытты ұстану;  

3. Оқушылардың өздері таңдап алған мәселелерді терең зерттеу;  

4.  Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;  

5. Продуктивті абстрактілі ойлау мен жоғары ақыл-ойдық процесстерді дамыту;  

6. Ашық түрдегі міндеттерге оқу материалдарының көптігі;  

7.  Зерттеу қабілеттерін дамыту;  

8.  Жаңа  идеялар  бар  немесе  қалыптасқан  көзқарастарға  толықтырулар,  қарсылықтар 

енгізетін нәтижелерді жоғары бағалау, ынталандыру;  

9. 

Өзін-өзі 



түсінуге, 

басқа 


құрбылары 

арасындағы 

ұқсастықтар 

мен 


айырмашылықтарды  түсінуге,  өзінің  қабілеттерін  тануға  мойындауға  бағытталған 

әрекеттерді қолдау;  

10.  Кез-келген  жағдайларда  рухани  құндылықтарын  сақтай  білу,  патриоттық  сезімін 

нығайту т.б.  

Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагог тұлғасына қойылатын талаптар: 

-  жоғары профессионализм, оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда педагогикалық 

нормалар мен стереотиптердің еркіндігі;  

-  шығармашылыққа бейімділігі мен креативтік ойлау;  

-  эрудияның кеңдігі;  

-  психологиялық-педагогикалық дайындықтың жоғары деңгейлігі, балалар мен ата-

аналармен эмоциялық орта қалыптасқан қарым-қатынасты орнату;  

-  жоғары жалпы мәдениет пен адамдарға гумандық көзқарастың болуы.  



 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдарын  түсіндіріңіз. 




49 

 

2.  Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс–әрекеттің қағидалары 



қандай? 

3.  Дарынды тұлғаны дамытудың әдістері  қандай? 

 

Дәріс №10 Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық 

қатынасын қалыптастырудағы сынып  жетекшісінің іс-әрекеті 

Жоспары: 

1.  Денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтына  құндылық  қатынасын  қалыптастырудың 

әлеуметтік – экономикалық шарттары 

2. Оқушының салауатты өмір сүру стилінің негізгі компоненттері 

3. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік  -  педагогикалық 

технологиясы.   

Мақсаты:  «Салауатты  өмір  салты»  туралы  түсінік  бере  отырып, 

балалар  мен 

жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы  ерекшеліктерін ұғындыру.

 

Глоссарий:  



Салауаттылық  -  дененің  моральдық  және  әлеуметтік  саулықтың,  есендіктің 

толыққанды түрдегі жағдайы.  



Деннің  саулығы  -  адамның  қоршаған  ортаға  байсалды,  теңгерушілік  қатынасын 

білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы. 

Әдебиеттер: 

1.  С.Ш. Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.  

2.  Жирова  Т.М.  Развитие  ценностей  здорового  образа  жизни  школьников.-М.:  Панорама, 

2005. 


3.  Кукушин  В.И.  Теория  и  методика  воспитания.  –  М.:  Издательский  центр  «Академия», 

2002.  


4.  Основы 

воспитательной  деятельности  современного  классного  руководителя 

[Текст]:учебное пособие /сост.: М.И. Шилова, Н.В.Бекузарова. 

5.  Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.  

6.  СуминаТ.Г.  Теория  и  методика  воспитательной  работы:  курс  лекций.Т.Г.Сумина 

Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010. 

  

«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге  жасаған қамқорлыққа байланысты болады. 



Дене үйлесімділігі  арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте 

күш-қайратқа  негіделеді»  (П.С.Брегг)-дегендей,  оқушылардың  бақытты  болуы,өмір 

қуанышын  қызықтауы,  олардағы  әрекеттің  барлық  түрінің  жоғары  нәтижелі  болуы-өзін-өзі 

жақсы  сезінуі  және  дене  мүшелерінің  ең  жоғары  деңгейде  қызмет  етуімен  тығыз 

байланысты.  Осы  бағытта  жас  жеткеншіктерді  тәрбиелеу  әрі  тартымды  және  онша 

қиындықты  туғызбайды.  Себебі,  дені  сау  бала  барлық  бастамалар  мен  істерге 

қанағаттанарлық сезіммен,көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады.  

Дүниеге  сеніммен  шаттана  қарайды.  Мұндай  жағдай  тұлғаның  барлық  жағынан 

дамуына  бірден-бір  кепіл  болады.  Бұл,  тәрбиенің  мақсаты  ретінде  баланың  әлеметтену 

жағдайына нәтижелі ықпал етеді. 

Платон «мемлекет туралы» өзінің философиялық трактатында жазған пікірі бойынша 

біздің назарымызды екі жағдайға аударады:  «Адамның денесі үшін гимнастика, жаны үшін 

музыка» қажет. Ондағы айтайын деген ойы, біздің көзқарасымыз бойынша, «гимнастика» тек 

денені  жаттықтыру  үшін  ғана  емес,  ол  адамды  «әдемілік  заңы»  бойынша,  дене  мүшелерін 

үйлесімділік  пен  көтеріңкілікке  тәрбиелеудің,  ал  «музыка»-тар  мағынасында  біздің  тек 

музыка жағдайында ғана біліміміз деп түсінбеуімізді, керісінше барлық музаға (көркем өнер 

мен ғылымның қамқоршы құдайы) қызмет көрсету деп түсіну керектігін меңзейтіндей. 

Олай болса, «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз? 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау