Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет25/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36

50 

 

«Салауаттылық»,  яғни  «деннің  саулығы»-Бүкіләлемдік  денсаулықты  сақтау 



ұйымының 

Жарғысында 

көрсетілгендей 

дененің, 

моральдық 

және 


әлеуметтік 

саулықтың,есендіктің толыққанды түрдегі  жағдайы.  «деннің саулығы»  - адамның қоршаған 

ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы. 

«Өмір  салты»  адамның  денелік,  интеллектуальдық  және  еңбек  әрекетін;  тұрмыстық 

өзара  қарым-қатынасын;  дағдысын,  орныққан  мінез-құлық  тәртібін,  өмір  сүру  қарқынын; 

бірсарынды  жұмысы,  демалысы  және  қарым-қатынас  ерекшелігін  жатқызуға  болады.  Олай 

болса,  «өмір  салты»-деннің  саулылығына  нәтижелі  ықпал  ететін  «салауатты  өмір 

сүру»ұғымын білдіреді. 

Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын» 

- ең жақсы үйлесімді тәртіп; 

- иммунитетті және денені шынықтыру; 

- дұрыс тамақтану; 

- орнықты өмір сүру әдет;  

- зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да-әдет қалмайды»); 

- жоғары дәрігерлік белсенділік-деп түсіндіреді. Себебі XXI ғасырдың адамы-дені сау, 

рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушылардың  салауатты өмір 

сүруін қалыптастыру- мемлекеттің қамқорлығы. 

Деннің сау болуы-ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат 

алу,  баланың  жаңа  жыл  сыйлығын  шыдамсыз  тосқанындай,  әрбір  таңды,  күнді  асыға 

ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең 

қажеттісі, өзіңді өзің сүю, құрметтеуден басталады.  

Ол  үшін,  оқушыларды  алдына  өмірлік  маңызды  мақсат  қоя  білуге  тәрбиелеу  қажет. 

Оған  жету,  ерінбей,  шалдықпай  үлкен  еңбек  етуді  қажет  етеді.  Ондағы  еңбек-деннің  сау 

болуын қажет етеді.  

Философтардың  айтуынша,  бақытты  адамдардың  көңіл-күйі  тек  оларды  қоршаған 

қандай  да  болмасын  өмірге  ғана  байланысты  болып  келетіндігі,  сонымен  бірге  сол  өмір 

туралы  адамның  өз  ойы  қандай  болатындығына  да  байланыстылығы.  Осындай  көзқарас 

баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. 

Табиғат  адам  баласын  бақытты  және  қуанышты  өмір  сүруге  жаратса,  ол  оны 

тайсалмай және төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет. 

«Салауатты өмір салтына» 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, 

ақыл-ойдың  айқындылығы.  Бұл  үшеуі  тәрбие  жұмысының  мақсатын  анықтау  мен  оны 

ұйымдастырудың  негізгі  қазығы,  діңгегі  және  баланың  өзін-өзі  тәрбиелеуінің  жетекші 

бағыты болуы тиіс.  

Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесі: 

1. 


Күн сәулесін пайдалану.  

-  мүмкіндігіне  орай  күннің  көзінде  жиі  болуға  тырысыңыз.  Денеңізді  күнге  жеңіл 

қыздыру үшін, оның сәулесімен шомылыңыз. Ол үшің, демалыс кезінде 2-3 апта мөлшерінде 

күннің көзінде болуды әдетке айналдырыңыз; 

-  күннің  жарығын  пайдаланып  өсірген  бақша  өсімдіктері  және  жеміс  –жидектерімен 

көптеп  қоректеніңіз.  Әсіресе  күннің  көзінде  өсетін  хлорфиллді  көптеп  пайдаланыңыз.  Ол 

үлкендер үшін де және балалар үшін де өте қажет тамақ болып есептелінеді;  

- үлкендердің және балалардың әрекетінде көбінесе күнді бейнелеу әдетке айналсын: 

сурет  салу,  бөлмені  немесе  интерьерді  безендіру,  қабырғаға  сурет,  картиналарды  іздеу 

картиналарды ілу, өлең, тақпақ, ән тыңдау т.с.с; 

-  серуен  құру  барысында  күннің  адам  өміріне,  құстарға  өсімдіктер  мен  жан-

жануарларға, жалпы тіршілік болмысына тигізер өте маңызды қызметі туралы әңгіме құруды 

ұмытпаңыз. Одан кімде болмасын үлкен әсер алады; 

- балалармен қарым- қатынаста күнге қатысты сөздерді жиі қолдануға дағдыланыңыз. 

Мысалы, «Күнім менің», «Cен бүгін күн сәулесі секілді әдемісің немесе жарқырайсың»  т.с.с 

2. Таза ауамен демалу 




51 

 

-  таза  ауа,  ең  алдымен,  ол  адамның    организміне  -  оттек  береді,  суық  ауа  –оның 



денесін шынықтырады, соққан жылы әрі нәзік жел – қуаныш сезімін шашқандай болады. Сол 

үшін де таза ауада  жиі  болуға тырысу керек:  серуен құру, жұмысқа  баяу бару немесе одан 

жаяу  қайту,  сенбі-жексенбі  күндері  қала  немесе  ауыл  сыртында  демалу.  Яғни,  тәулігіне  24 

сағат таза ауада болуға немесе онымен демалуға тырысу қажет; 

-  үйде  терезенің  ашық  көзінде  ұйықтауды,  таза  ауада  дене  шынықтыруды  әдетке 

айналдыр; 

-  киіміңіз  денеңізге  ауа  өткізуді  қамтамасыз  етсің,  ешбір  жағдайда  синтетикалық 

материалдан тігілген киімді кимеңіз! Әуе ваннасын қабылдауды ұмытпаңыз. 

- емді оттек коктейлін қабылдауды ұмытпаңыз; 

- тыныс алу жолдарын жаттықтыруды үнемі пайдаланып отырыңыз.  

- өзіңнің организміңді темекі түтінімен улама! Өзіңнің ортаңда темекінің адам өміріне 

зияны  жайында  белсенді  үгіт  насихат  жүргізуді    ұмытпа.  Ол  сенің  қоғам  алдындағы 

борышың. 

3. Таза суды пайдалану  

-  құрамында  суы  бар  бақша  өсімдіктерін,  жеміс-жидектерін  және  шырын  сөлін 

пайдалануды ұмытпа! Бұлақ, күмістелген, магниттелген, тазаланған суларды пайдалан. Оны 

15-30  минут  шамасындай  уақытта  ас  ішер  алдында,  шөлдеген  жағдайда  және  полиэтилен 

бутылкасын пайдаланған сусын, шырынмен, сонымен  қатар сапасы төмен қызыл шараппен 

қосып ішкен дұрыс. 

- міндетті түрде денеңе суды пайдалан: күнделікті таңертеңгілік суық сумен шайыну, 

кешкілік  ыстық  сумен  былау  қабылдау,  содан  кейін  таза  әрі  жұмсақ  ормалмен  денеңді  

ысқылау, денеге суды ақтарып, төгіп құю, табиғи ашық су суаттары мен көлдерде, өзендерде 

шомылуға әдеттен және суасты массаж алуды ұмытпа  

-  су  тақырыбына  арналған  сурет,  өлең,  тақпақ,  әнді  пайдаланып  отыру  жүйке 

тамырларының    шаршауын  бәсеңдетуде  және  оған  ем  жасау  үшін  пайдаланудың    маңызы 

зор. 


4. Табиғи тамақтану 

-  егерде  М.Киммелдің  сөзіне  сүйенсек,  дұрыс  тамақтану  –бұл  ғылым  және  көркем 

өнер  ашу,  ыза  қорқу,  сенімсіздік,  алаңдаушылық  –тамақты  қалыпты  сіңірудің    бірден-бір 

жауы.  Тамақ  қабылдау  барысында  ұрсысу,  дауыс  көтеру,  жүйкені  шаршату,  реніш  білдіру 

т.с.с. денсаулықтың ең қауіпті жауы.  

5.  Ашығу.  

П.С.Брегг бойынша ашығудың мақсатына –адамның барлық организмін толық сауығу 

жағдайына  жеткізуді,  оның  барлық  қызметтерін  жандандыру,  жаңартуды  көздейді.  Себебі, 

ашығу  процесінен  кейін  қан  айналым  жақсарады,  өмір  сүру  ұзарады,  тамақ  жақсы 

қорытылады,  ақыл-ой    күші  қиындыққа  төтеп  беруге    шыңдалады.  Яғни,  ашығу  –адамның 

ішкі жан тазалығына апаратын жол. 

6.  Дене жаттығулары.  

Ол  көп  жақты  болып  келеді.  Бізге  дене  жаттығуларының  емдік  қасиеті  бұрыннан 

мәлім  және  ол  дәлелденген:  Денеге,  Жан-дүниеге,  Ақыл-ойға  кешенді  ықпал  етеді. 

Ж.Ж.Руссо жүру және қозғалыс ми мен ойдың жұмыс істеуіне ықпал етеді, -дейді.  

Салауатты  өмір  зиянды  әдеттермен  үйлеспейді.  Алкоголь  және  басқадай 

маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға 

жан-жақты  кедергі  келтіреді.  Зиянды  әдеттер  көптеген  аурушаңдықтың  қауіптілік  факторы 

болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

 

Қазіргі  кезде,  жоғарғы  сынып  оқушыларына  жүргізілген  эпидемиологиялық 



тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып 

бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

 

Маскүнемдікке  бейім  келетін  ең  қиын  кезең  -  жасөспірім  кезеңі.  Бұл  кезеңде 



жасөспірімдер  тіршілігінде  бірқатар  маңызды  өзгерістер  болып  жатады.  Біріншіден, 

организмнің  психо-эндокриндік  қайта  құрылуы  қалыптасады,  екіншіден  жаңа  көзқарас, 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау