Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет21/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

42 

 

арасындағы  айырмашылық  деңгейінің  өте  үлкен  болуы.  Жеке  тұлғалық  мінез-құлық 



деңгейіндегі  девиацияның  ең  жалпы  себебі-жеке  тұлғаның  объективті  қасиеттерінің,  соның 

ішінде  оның  талаптарының,  қабілеттерінің,  сонымен  қатар  әлеуметтену  үрдісінде 

қалыптасқан  қасиеттердің  қоғамдық  қарым-қатынастар  жүйесіндегі  алатын  позиция 

талаптарымен сәйкессіздігінің нәтижесі ретінде «әлеуметтік тәртіпке келтірмегендік» болып 

табылады. 

Әлеуметтану ғылымында жеке тұлғаның әлеуметтену тетіктері мен салаларының ара 

жігі  ажыратып  көрсетіледі.  Әлеуметтену  тетігі-бұл  адамның  әлеуметтік  ақпаратты 

қабылдайтын  және  меңгеретін  тәсілдері.  Психологтардың  пікірінше,  олардың  қатарына 

сендіру, бейімделу, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету және т.б. жатқызу қажет. 

Әлеуметтену    салалары    —    бұл    әлеуметтік    тәжірибені  игеруге  ыкпал    ететін  

әлеуметтік  институттар.  Олар  макроорта (әлеуметтік карым -   қатынастар  жүйесі)  және  

микроорта    (отбасы,    мектеп,  жақын  тұрмыстық,  достық  және  басқа  қоршаған  орта 

шеңберіндегі қарым-қатынас) болып екіге бөлінеді. 

Әлеуметтену  үрдіс ретінде  әртүрлі  әлеуметтік  институттармен жүзеге  асырылады.  

Әлеуметтану    институттары  -    арнайы  құрылған    немесе    қалыптасқан    мекемелер    мен  

органдар    жүйесі.  Олардың  мақсаттары    мен    міндеттері  —  білім  беру  жэне  тәрбиелеу 

жолымен жеке тұлғаны дамыту болып табылады. 

Әлеуметтану  институтынын  алғашқысы  және  бастысы  — отбасыЖеке тұлғаның 

өнегелі  қалыптасуында  отбасының  ықпалы  ерекше.    Адамды    сезіну    сезімталдылығы,  

эмоционалды  зеректік, сезгіштік  және  өзге  адамның  жан  дүниесін  түсініп,  жанашырлық 

көрсету  —  осының    барлығы    отбасында,    балалардың  туыстарымен  өзара  қарым-

қатынасында калыптасады. 

Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика 

жасау  мен  түзетуге  және  тұлғалық  дамытуға  қатысты  бірыңғай  тәсіл  жоқ.  «Қиын 

жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» 

стереотипінде  қоғамға  қауіпті  белгілі  мінез-құлықтар  бар  және  ол  балалардың  өздері  де, 

ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын 

қамтиды. 

«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:  

-  Өз  нормалары,  түсініктері,  жаргондары,  жалған  аттары  мен  беделді  адамдары  бар 

белгілі  бір  топқа  ену.  Бұл  топ  оның  референттік  тобын  алмастырады  және  оның 

әлеуметтену үрдісін бағыттайды;  

-  Мектеп,  отбасы  тарапынан  жүргізілетін  тәрбиелеу  жұмыстарына  белсенді  қарсылық 

білдіру,  әлеуметтік  құндылықтарды  қабылдамау.  Ол  тек  нашар  оқып  қана  қоймайды, 

бұны  мақтан  тұтады,  ішімдікті  ішіп  қана,  темекіні  шегіп,  балағат  сөздер  айтып  қана 

қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;  

-  Өзіндік сананың қалыптасу үдерісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзі 

шынайы  сын  тұрғысынан  бағалай  алмайды  немесе  өзін  формальды  емес  тобының 

ұстанымы  тұрғысынан  бағалайды  немесе  психологиялық  қорғаныстың  әртүрлі 

амалдарын қолданады.  

Қиын  жасөспірімдердің  жеке  тұлға  ретінде  калыптасуының  маңызды  факторы 

отбасындағы  жағымсыз  жағдайлар  болып  табылады.  Ата-аналар  жасөспірімдермен  карым-

катынасты  жиі  ауырсынып,  кей  кезде  «дұрыс»  тәрбиелеуге  кіріседі,  түсініктемелер  талап 

етеді,  дауыс  көтереді,  қоркытады.  Бұндай  ата-аналардың  балалармен  карым-қатынасы 

кездейсоқ,  ауық-ауық  орын  алатын  әрекет  сипатында  болады.  И.С.  Конның  айтуынша,  жас 

өспірімдердің  мінез-құлықтарының  әлеуметтік  немесе  психологиялық  аспектілерінің 

барлығы өмірдің қазіргі немесе өткен кезеңіндегі олардың отбасылык жағдайларымен тығыз 

байланысты  болады.  Әке  мен  ананың  бала  тәрбиелеу  әдістеріндегі  ымырасыздығы 

жасөспірімге не жақсы, не жаман, нақты жағдайда кімдікі дұрыс, ата-ананың қайсысына сену 

қажет, кімді тыңдау керек екендігін дұрыс ұғынуға кедергі жасайды. 




43 

 

Ата-анаға  деген  абырой  мен  сый-құрметті  жазғырумен  немесе  жанашырлық  ceзімге 



шакырумен  қалыптастыра  алмайды.  Бедел  байыпты,  парасатты,  адал  жолмен  жүзеге  асқан 

карым-қатынас  нәтижесінде  бірте-бірте  өседі.  Жасөспірімдер  ата-анасының  сөздері  мен  ic-

әрекеттерін  олардың  кәсіби  дәрежелері  мен  білім  деңгейлерімен  салыстыруға  бейім. 

Жасөспірімдік кезеңде ата- аналардан ерекше психологиялық түйсік пен педагогикалық 

мәдениет  талап  етіледі.  Бұл  ата-анаға  жасөспірімдермен  өзара  қарым-қатынас 

сипатын  дер  кезінде  өзгертіп,  жасөспірімдерге  өмірлік  тәжірибесі  мен  өзінің    біліктілігінің  

арқасында олардың өздері дұрыс шеше алатын мәселелерге қатысты ic-әрекеттеріне еркіндік 

беру қажет. 

Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынас сипаты олардың қарым-

қатынасының  өмірлік  болашағына  қатты  әсер  етеді.  Үлкендер  балалардың  орнына  бірдене 

жиі жасай салуға тырысады не бәрін жасай салады немесе олардың ic- әрекетін, әр кадамын 

қадағалап,  кipicin  отырады.  Бұндай  жағдайда  жасөспірімде  таңдау  болмайды,  оларға  өз 

бетінше шешім кабылдаудың кажеті жоқ болады. Осыдан өмірде кездесетін әр алуан 

жағдайлармен  бетпе-бет  келгенде  дәрменсіздік,  тұрақсыздық  пайда  болады. 

Жасөспірімдердің  мінез-құлқын анықтайтын негізгі мотив, өз icінің дұрыстығын дәлелдеуді 

қалау  бұндай  тыйымдар  атмосферасында  жүзеге  аспай  қалады.  Осының  кecipiнeн  өзара 

қарым-қатынас  босаңсып,  тіптi  нашарлап  кетуi  мүмкін.  Ата-аналар  жасөспірімдердің  

өздерінің  пікірін  елемеуін,  олардың  нұскауына  қарсы  әрекет  етуін,  олардың  бақылауына 

қарсылық көрсетуін байқайды. 

  Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторлары:  

а)  тәрбиеленбегендігінің  себебінен  қажетті  білімдердің,  біліктердің,  дағдылардың  

жоқтығынан  немесе  теріс  тәрбиеден  бұзылғандығынан,  мінез  –  құлқындағы  жағымсыз 

таптаурындардың 

қалыптасқандығынан 

баланың, 

жеткіншектің 

өзін 

дұрыс 


ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік –педагогикалық олқылықтар; 

ә)  жайсыз  отбасылық  қарым  –  қатынастардан,  баланы  тәрбиелеуде  ұлттық  салт–

санада  қалыптасқан  этнофункционалдық  ерекшеліктерді  мүлдем    ескермеуден,  отбасыдағы 

жағымсыз  психологиялық  ахуалдан,  оқудағы  жүйелі  сәтсіздіктерден,  сынып  ұжымындағы 

құрбыларымен  өзара  қарым  –    қатынастың  орнамағандығынан,  ата  –    аналарының, 

мұғалімдердің,  сыныптас  жолдастарының  және  т.б.  дұрыс  емес  әділетсіз,  дөрекі,  қатал 

қатынастарынан туындайтын теріс психологиялық жайсыздықтардан; 

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы  

ауытқушылықтарымен,  жас  ерекшелік  дағдарыстарымен,басқа  да  физиологиялық 

және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;  

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде 

дамитын  әлеуметтік  –    психологиялық  ауытқушылықпен,  әлеуметтік  және  жеке 

құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен сипатталады.  

   Психологтардың  пікірінше  сыртқы  факторлар  негізінде қаланатын  мінез  -  құлықты 

түзетуге жататындар : 

1.  Қоғамда  болып  жатқан  үдерістер:  қоғамдық  құндылықтың  иерархиялы  өзгермеуі 

мемлекеттік  идеологияның  болмауы:  қылмысты  жазалауды  заңның  дұрыстығы,    құқық 

қорғау  қызметкерлерінің  өз  жұмысына  жауапкершілік  алуы.  Жұмыссыздық  (ашық  және 

жабық)  отбасына  әлеуметтік  қолдау  мен  жәрдем  ақының  дұрыс  қарастырылмауы  ақпарат 

көздері  арқылы  қаталдық  және  зорлық  туралы  көп  насихат  жасалуы,    баланың  дене  және 

психикалық  жағынан  түзетуге  және  көмек  көрсетуге  қажетті  мекемелердің  аздығы,  балаға 

ақысыз  сапалы    үйірмелердің,  қосымша  білім  алу  көздерінің  қарастырылмауы,  керісінше 

ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады. 

2.  Отбасы  жағдайы  және  оның  ахуалы  бүтін  емес  отбасы:  отбасының  материалды 

жағдайы  (кедейлік  және  байлық),  ата  -    ананың  төменгі  әлеуметтік  -    мәдени  деңгейі: 

отбасында  тәрбие  стилінің  болмауы  (ата  -    ана  қаталдығы,    балаға  жүйелі  талаптың 

қойылмауы,  жазалаудың  әділ  болмауы):  балада  өзіндік  құндылықтың  болмауы:  баланың 

мүмкіндік  қажеттілігін  өтеуде  асыра  сілтеушілік  немесе  жеткізбей  бағалау:  ата  -  ананың 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау