Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

54 

 

Мұғалім  оқушыларға  терең  білімді  береді,оны  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысымен 



байланыстырады,  мамандықты  таңдауда  оларға  көмектеседі,  әрбір  мектеп  бітіруші 

оқушының тағдырына жауап береді, сынып жетекшілеріне, ата  – аналарға көмек көрсетеді. 

Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі 

мамандықты таңдауға даярлайды. 

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге) кәсіптік ақыл-

кеңес,  кәсіптік ақпарат,  кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу. 

1.  Кәсіптік ақпарат.  

Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының 

бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы 

түсініктер  алады.  Мамандық  бойынша  адамға  қойылатын  талаптармен  таныстырылады. 

Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. 

2.  Кәсіптік ақыл-кеңес.  

Негізгі  мақсаты  —  балалардың  денсаулық,  анатомиялық-физиологиялық  және 

әлеуметтік  психологиялық  жағдайын  талдау  негізінде  жоғары  сынып  оқушыларының 

назарына  кәсіптік  топтар  мен  мамандықтарды  ұсыну.  Кәсіптік  ақыл-кеңес  жұмысына  ата-

аналар  құрамынан,  шефтік  мекемелер  мен  өндіріс  орындарынан  қызметкер  мамандар 

тартылады.  Кей  жағдайда  кәсіптік  ақыл-кеңес  жұмысы  өндіріс  орындарында,  кәсіптік 

техникалық  училищелерде  өндірістік  оқу  цехтарында,  кәсіптік  бағдар  беру  кабинеттерінде 

жүргізіледі 

4.  Кәсіптік іріктеу.  

 Оқушының  мамандықты  меңгеруге  жарамдылығын  арнаулы  әдістеме  арқылы 

анықтауға  бағытталған  зерттеу  процесі.  Қоғамда  кәсіптік  іріктеу  белгілі  бір  мамандықтың 

түріне  зорлықпен  жүргізілетін  «бейімдеушілік»  түрінде  болса,  кәсіптік  іріктеудің 

(профотбор)  негізіне  оның  гуманистік,  тәрбиелік  мәні,  жастардың  жаңа  жағдайда  жұмысқа 

«үйренуі» жатады. 

5.  Кәсіптік бейімделу.  

Кәсіптік  бейімделу  (профадаптация)  жұмыс  орнында,  тәжірибелік  еңбек  әрекетінде 

іске  асады.  Кәсіптік  бейімделу  дегеніміз  —  мамандыққа  жаңа  жағдайда  бейімделу.  Онда 

жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі 

және  мамандыққа  қызығуын  қанағаттандыруының  мәні  ерекше.  Кәсіптік  бейімделудің 

тиімділігі  тек  қана  нақтылы  еңбек  нәтижелерінен  көрінбейді,  ол  сонымен  қатар  өндіріс 

ұжымында, еңбекке жаңа  араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі  жұмыстың нәтижесінде 

іске асады. 

Сынып  жетекшісі  кәсіптік  бағдар  беру  жүйесінің  компоненттеріне  сүйеніп,  оқу–

тәрбие  жұмысы  жоспарында  негізгі  бағыттарды  белгілейді.  Мысалы,  кәсіптік  ақпаратты 

ұйымдастыру,  кәсіптік  консультация  беруге  көмектесу,  мектеп  бітірушілерді  жұмысқа 

орналастыру. т.б. 

Еңбек пәнінің мұғалімі-еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар  беру жұмысының 

негізгі  тұлғасы.  Ол  оқушыларды  еңбектің  әр  түрімен  таныстырады.  Еңбек  сабақтарында 

алған  білімдерін  практикада  қолдана  білуге  үйретеді,  мамандықты  таңдауға  бағыт  береді. 

Сыныптан  және  мектептен  тыс  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырушының  негізгі  қызметі: 

біріншіден  кәсіптік  бағдар  беру  кабинетінде  анықтамалық  консультация  материалдарын 

жинау;  екіншіден  әр  түрлі  сыныптарда  кәсіптік  бағдар  беру  әдісі  және  оқушыларға 

психологиялық-  педагогикалық  мінездеме  дайындау  жөнінде  мұғалімдер  және  сынып 

жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен 

әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар 

беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. 

Мектеп директоры мектептің барлық жұмысына жауап береді. Ол кәсіптік бағдар беру 

және  кітапхана  жұмысына  басшылық  жасап,  көмектеседі.  Жұмысты  осылай  ұйымдастыру 

жүйесі  оқушылардың  ынтасын  көтереді,  олардың  әр  түрлі  іс-әрекеттеріне  қабілетін 

дамытады, мамандықты саналылықпен таңдауға бағыттайды. Оқушылардың дүниетанымын 



55 

 

қалыптастыруда әр түрлі ғылыми-әйгілі библиографиялық әдебиеттер білімін байытады, ой-



өрісін кеңейтеді. 

Кәсіптік  бағдар  беру  жұмысына  әрбір  ата  -  ана  балаларына  өздерінің 

мамандықтарымен  таныстырудан  бастауы  керек.  Мамандықты  игеру  үшін  білімнің 

қажеттігін  балаларына  айтуы  керек.  Оларды  өздері  жұмыс  істейтін  кәсіпорындарындағы 

еңбектің  мазмұны  мен  механизмдерімен,  өндірістің  принципімен  және  технологиялық 

процестерімен  таныстырады.  Тәрбие  жұмысының  мұндай  түрлері  ата-  аналардың  еңбек  іс-

әрекеттеріне балалардың ынтасын көтереді. 

Үйелменде  әр  түрлі  мамандыққа  байланысты  кинофильмдерді,  теледидарды  көру  де 

балалардың кәсіби ынтасын дамытады, оларды ойландырады.  

Үйелмен кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуда маңызды роль атқарады. Алайда, 

бұл  жұмысты  шүбәсіз  ұйымдастыру  үшін  үйелменнің  ең  басты  одақтасы-  мектеп.  Ол 

үйелменге  үнемі  көмектесіп,  басшылық  жасап  отырады.  Сондықтан  кәсіптік  бағдар  беру 

тиімділігін  арттыру  үйелменнің,  мектептің  бірауыздығына  және  олардың  оқушыларға 

қоятын талаптарының бірыңғайлығына байланысты. 

Е.А.Климов  мамандық  таңдауды  сегіз  бұрыш  қабырғаларына  немесе  бұрышына 

сәйкес келетін сегіз жағын ұсынады.Әрбір қабырға оқушыға өзін -  өзі анықтауға көмектесе 

алады. 

1. Жеке кәсіби жоспарлар (ЖКЖ). Мұнда оқушы таңдаған мамандық жөнінде. 



2. Е.А. Климов ұсынғандай, кәсіби таңдауда ата  - аналардың пікірі, яғни үлкендердің 

ұстанған бағыты  (ҮБ). Ата  - аналар өздерінің балаларын жақсы біледі, сондықтан олардың 

пікірі де ескерілуі тиіс. Алайда кей жағдайда ата  - аналардың пікіріне де сыни көзқараспен 

қарау керек. 

3. Мұғалімдердің пікірі  (МП). Кәсіби мұғалім  білікті  кеңес беруі мүмкін.  Өйткені ол 

оқушыға, оның іс – әрекетіне және өз құрбыларымен жасаған қарым – қатынасына бақылау 

жасайды. 

4. Жасөспірімдерде өзі таңдаған мамандық туралы ақпараттың болуы. Мұнда оқушы 

өзі таңдаған мамандық пен еңбек шарттары жөнінде қаншалықты білетіні жөнінде. 

5.  Оқушылардың  бейімділігі  (ОБ).  Ол  ең  бірінші  мамандықтар  әлемінде  оқушылар 

бағдарлама алу үшін көмек көрсету мақсатында айқындалады. Ұнатып отырған іс – әрекеттің 

жағымды және жағымсыз жақтары жөнінде болған әңгіме ғана қызықты өтеді. 

6.  Оқушылардың  қабілеттілігі.(ОҚ).  Олар  болашақ  кәсіби  іс    -  әрекеттің 

табыстылығының алғы шарттары ретінде міндетті түрде ескерілуі тиіс. 

7.  Талаптану  деңгейі(ТД).  Бұл  оқушының  мүмкіндіктері  мен  талабының  сәйкестігі. 

Оқушының  білімінің,  интеллектуалдық    дамуының  және  қабілеттерінің  деңгейі  таңдалған 

мамандықтың қиындығына сәйкес болу керек. Талаптану деңгейі жоғары да төмен де болуы 

мүмкін. 


8.  Мамандық  таңдаудағы  жолдастарының  пікірі  (ЖП).  Бұның  екі  жағы  бар. 

Біріншіден,  тұлғаның  белгілі  бір  жақтары  мен  қабілеттерін  дамыту  жөніндегі  баланың 

құрбысының пікірі жеке оқушының мамандығын таңдауда ескерілуі мүмкін. Екіншіден, бір – 

бірінен  бөлінгілері  келмей  қандай  да  бір  оқуға  «компаниямен»  түсу  мақсатын  қою  сияқты 

қателіктер жіберілмеуі керек. 

Кәсіби бағдарлану технологиясын құру оқу – тәрбие үрдісін технологияландыру, оқу 

– тәрбие үрдісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, педагогикалық үрдістің 

заңдылықтарын  терең  зерделеумен  қатар  жүретін  педагогика  ғылымы  мен  тәжірибесіндегі 

заңды құбылыс екендігін көрсетеді.     

 

 



 

 

 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау