Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет74/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   363

151 

 

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ 



 

 

Блял А.Н. 

Қарағанды қаласы, КМҚК №139 «Ақбөпе» балалабақшасы 

 

 



Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен 

білім беру жүйесі саласындағы өзектілігін жоймас, үлкен мәселелердің бірі. Осы тақырыпты 

зерттеумен  айналысқан  жүздеген ғалымдар еңбегі  теңдессіз  мәліметтер  бергенімен,  зерттеу 

нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр. 

Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру 

саласындағы аса маңызды шаралардың бірі. Жалпы білім беретін мектептердің 1 - сыныбына 

қабылданған  балалар,  мектептік  оқу  жүйесінде  айтарлықтай  қиындықтарға  ұшырайды. 

Олардың  сәтсіздіктерінің  басты  себебі  -  мектептік  оқуға  даяр  еместігінде.  Оқуға  берерде 

баланың тек биологиялық жасына немесе дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке 

психологиялық даярлығының өлшемін жасап шығару - уақыт талабы екенін тәжірибе көрсетіп 

отыр. [1] 

Мектептік оқуға даярлық үрдісінің қажеттілігі баланың әрі қарай жалпы дамуы мен білім 

алуы  барысында  аса  маңызды  құрал  болып  табылады.  Бұл  бағытта  Л.С.Выготский, 

К.Д.Ушинский,  А.П.Усова,  ФА.Сохина,  Т.В.Тарунтаева,  Л.П.Болтунов,  А.Н.Леонтьев, 

Д.Б.Эльконин,  Л.И.Божович,  В.В.Давыдов,  Ю.А.Левин,  Е.Е.Кравцова,  Е.Г.Сапогова, 

Қ.Қойбағаров, 

Қ.Сейсембаев, 

Б.Баймұратова, 

А.К.Меңжанова, 

Х.Т.Шериазданова, 

Г.М.Қасымова,  Ж.Рысбекова,  М.Сәтімбекова,  М.А.Асылханова  зерттеулерін  атап  өтуге 

болады. [2] 

Мектепке  оқытуға  баланы  психологиялық  даярлығы  –  мектепке  дейінгі  балалық  шақ 

кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.  

Мектепке  бару  –  бала  өміріндегі  шешуші  кезең  өмір  мен  іс-әрекеттің  жаңа  күйіне, 

қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып 

табылады.  

Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет 

екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушының 

өмірі  мектеп  балаларының  бәріне  бірдей  және  қатал  ережелер  жүйесінде  бағындырылады. 

Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ блімдерді меңгеру болып табылады. [1] 

Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынастардың мүлде ерекше типі қалыптасады. 

Мұғалім  баланың  жақтыратын  не  жақтырмайтын  үлкен  адамдардың  бірі  емес.  Ол  балаға 

қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға – баланың 

жеке  өзімен  қарым-қатынас  емес,  оның  білімдерінің,  оның  оқу  міндеттерін  орындаудың 

нақтылы өлшемі. Жаман бағаны тіл алумен де, өкінумен де түзеп болмайды.  

Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың балабақшада орнаған қарым-

қатынастардың айтарлықтай айырмашылығы бар. Құрдастарының тобындағы баланың орнын 

анықтаушы басты өлшемі – сабақта алатын баға мен жетістіктер. Сонымен бірге міндетті іс-

әрекетке  бірге  қатынасу  жалпы  жауапкершілікке  негізделген  қарым-қатынастардың  жаңа 

типін тұғызады.  

«Мектепке бейімделу  - әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру үрдісінің тарихи белгіленуі; 

оқушылардың  әлеуметтенуінің  бір  құрылымы  ретінде  анықталды».  Сыналушының  бір 

әлеуметтік ортадан   екінші   әлеуметтік   ортаға   өту   барысы емес, жаңа әлеуметтік орта - 

мектептегі психикалық күйі сипатталды. [3] 

Мектепке  психологиялық  даярлық  мәселесінің  кезеңденуі  осы    мәселенің 

мазмұнын толығырақ қарастыруға негіз болады. Мектепке    оқуға    қабылданар    баланы    

мектептік    болмысқа    ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру  – мектепке дейінгі 

өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Олар 



152 

 

оқу-тәрбие үрдісін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң сәйкестікте жүргізуді 



қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі 

мектептегі  оқу-тәрбие  міндеттерін  нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  істің  түпкі  мақсаты 

баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп 

ережесін  орындауға  баланың  ерік  күшін  бағындыра  алу  іскерлігінен  көрінеді.  Екі  кезеңнің 

арасындағы дағдарыстың бала психикасына әсері із-түзсіз жойылып кетпейді.  

Балаларды  мектепалды  даярлау  олардың  психологиялық,  педагогикалық    және  

физиологиялық    талаптарын    ескере    отырып,  бастауыш    мектепке    оқытудың    даярлық  

сапасының   жағдайын  жүзеге  асыруы қажет. Алты  жасар  бала  мектеп  жағдайында  оқуға  

дайын.  Себебі  ол  қимыл-тірек    қозғалысы    жағынан    саналы    әрекет    етеді.  Ол    үлкендер  

ұсынған тілек-талаптарды  өздігінше орындай  алады.  Ойын  барысында  да ойлы  әрекет  ету  

арқылы  өзінің  не істегісі  келетінін  біліп,  соны  дұрыс  атқаруға  тырысады,  өз әрекетінен  

белгілі  дәрежеде  қорытынды  шығарады. Жақсы - жаман  қылықтарды  алып, нені істеуге, 

нені істемеу керектігін де  біледі,  яғни  белгілі  дәрежеде өздерінің  мінез-құлықтарын басқара 

алады.  Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқуға дайындығы іс жүзінде бағыттары бар: ол кешенді 

психологиямыздың  зерттеулерін  талап  етеді.  Психологиялық  дайындықтың  құрамынан 

мынадай компоненттерді ажыратуға болады. 

интеллектуалдық 



жеке тұлғалық 

әлеуметтік-психологиялық дайындықпен ерекшеленеді. 



Интеллектуалдық дайындық: 

Баланың  мектепке  интеллектуалды  дайындық  компоненті  баланың  ой-өрісінің,  нақты 

білім  қорын  қарастырады.  Балалардың  қоршаған  ортамен  тұрмыстық  білім  қорындағы 

мынадай  мәліметтерді  түсіндіруге  болады:  баланың  өзі  туралы,  туысқандары  туралы, 

қоршаған табиғи ортада тұратындығы туралы, үй тұрмысындағы мүліктер,кеңістіктер туралы 

тағы  да  көптеген  мағлұматтары  болуы.  Бала  өскен  сайын  қоршаған  ортаны  танып,  әлемге 

деген көзқарасы қалыптаса бастайды,оңды-солды айыра алуы бірте- бірте кеңейе түседі. 

Мектепке  келген  сәтінде  баланың  ықыласы  ерікті  болуы  қажет,  яғни  берілген  білімді 

игеруі. Алғашқы күннен бастап оқытудың бірінші сатысында балалардың есте сақтауына көп 

талап  қойылады.  Өйкені  бала  оқу  бағдарламасын  жақсы  меңгеруі  үшін  оның  есте  сақтауы 

ырықты жақсы болуы керек, соның нәтижесінде алған білім өнімдірек болады. Еспен қатар 

ойлау  оқуды  игерудегі  өте  қажетті,  әрі  басты  маңызды  процесс.  Оқуға  түскенде  ойлаудың 

міндетті  түрде  3  негізгі  түрі қамтылуы  қажет;  көрнекі-бейнелік,  сөздік-логикалық, көрнекі-

әрекеттік ойлау. Оқушы берілген сабақты игеріп қана қоймай, сонымен бірге сараптап, талдап, 

анализ жасау қабілеті де болуы өте қажет, әрі оны шыңдау әрбір ұстаздың атқарар міндеті. 

Негізінде  баланың  ойлауы  бейнелік  түрде  қалады,  ол  заттарға,  нақты  іс-әрекетке  сүйене 

отырып жұмыс істейді. Интеллектуалдық дайындықта сонымен қатар балада оқу әрекетінде 

алғашқы  білгірлігі  қалыптасады,  көбінесе  оқу  мақсаты  болу  шеберлігі  және  оны  әрекеттік 

түрде өзіндік мақсатына айналдыруы. 

Жеке тұлғалық дайындық. Балалардың оқуға жеке-тұлғалық дайындығы да маңызды, ол 

яғни танымдық және интеллектуалдық баланың оқуға немесе жетістіктерге жету ықыласына 

байланысты  болады.  Бұл  дайындық  компоненті  баланың  жаңа  әлеуметтік  позициясына 

қабылдауына  дайындығы,  әрі  оқушының  атұаратын  міндеттері  мен  құқықтарын  иемдену 

жағдайлары  басты  болып  табылады.  Жеке  тұлғалық  дайындық  баланың  мектепке,  оқу 

әрекетіне, ұстаздарға, өзіне қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар түрткінің (мотивацияның) 

даму деңгейін де жатқызуға болады. Мектепте оқуға дайын баланы тек оқу құралдары, дәптер 

- кітап,  парта немесе сөмке сияқты оқу құралдары ғана қызықты болып қана қоймауы керек, 

ең бастысы оқушы жаңа білім алуға өзінің тәртібін, таным әрекетін өзі басқара алуы керек, 

бұлар  иерархиялық  түртілер  жүйесінің  құрылуына  көп  ықпалын  тигізеді.  Жеке  тұлғалық 

дайындық  баланың  эмоционалдық  даму  деңгейін  ұлғайтады.  Мектептегі  оқуға  келгенде 

баланың  эмоционалдық  қатынасы  жақсы  әрі  нық  болуы  қажет,  ол  оқу  әрекетінің  дамуына, 

шарықтап өрістей түсуіне көп ықпалын тигізеді. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау