Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет70/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   363

143 

 

2. «Музыка әлемінде» журналы   (2000ж №1) 



3. «Музыка әлемінде» журналы   (2002ж №2) 

4. «Логопедия негіздері»  Өмірбекова Қ.Қ. 

 

 

 



БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕГЕ  БЕЙІМДЕУ  ПРОЦЕСІНДЕ 

ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУДЫҢ  ЖОЛЫ 

 

 

Бегетаева А. А 

«Бәйтерек» б/б КМКҚ 

   


 

Бала денсаулығына қамқорлық  

жасау - тәрбиешінің маңызды еңбегі  

екенін қайталаудан танбаймын.  

Қуанышты, сергек балалардың 

рухани өмірі де, дүниетанымы да, ақыл-ой дамуыда, 

Білімінің бекем болуы, өз күшіне сенімділігі де жоғары болады. 

В.А.Сухомлинский 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  2008  жылдың  6  ақпанындағы  халыққа 

Жолдауында  «Кішкентай  бүлдіршіндердің  дамуына  ықпал  ететін  үздіксіз  білім  берудің 

алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл 

сатыны  олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  арналған 

тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және 

қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз 

керек» - деп айтылған [1]. 

Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен,  қазіргі  заманға  сай  баланың  денсаулығының  нашарлап,  әлеуметтік  жағдай 

баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық 

денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің 

бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-

дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. 

 Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау 

болып саналады. 



Жұмыстың  мақсаты  -  мектепке  дейінгі  ұйымда  баланың  денсаулығын  сақтаудың, 

салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыру  мен  бала  денсаулығын  шыңдаудың  мүмкіндіктерін 

қарастыру болып табылады. 

Міндеттер: 

- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;  

-  денсаулық  сақтау  технологиясына  сипаттама  бере  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйымда 

денсаулық 

сақтау 

технологиясын 



пайдалану 

әдістемесін 

ұсыну; 

-  білім  берудің  жаңа  технологияларын  қолдану  (денсаулық  сақтау,  ақпараттық)  ғылыми  -



әдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  ету,  оларды  іске  асыру  механизмдерін  жетілдіру; 

-  балалардың  денсаулығын  сақтау  мақсатында  инновациялық  бағыттағы  материалдық-

техникалық база қалыптастыру. 



144 

 

Тәрбие мен білімнің алғашқы  дені  – мектепке дейінгі  тәрбие бесігінде беріледі. Бала 



бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ала  отырып  ,  олардың  өнегелі  болып 

тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.   

Балабақшаның    тәрбие  мен  оқытудағы    негізгі  мақсаттары  :  Денсаулық  сақтау  мен 

нығайту және   деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын  қолдану , баланың дамуына 

жеке үйлесімділікті  қамтамасыз ету , ата – аналардың салауатты өмір салтына араластыру. 

«Денсаулық»  саласы бойынша әр топ жас  ерекшеліктеріне қарай  денсаулық бұрышы 

арналып  жабдықталған.  Жыл  бойы  балаларға  сауықтыру  мен  шынықтыру  шаралары 

жүргізіліп  отырады.    Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  көбі  суық  тиген  аурулармен  жиі 

ауырады, бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп , кейде  созылмалы сырқатқа айналуы да 

мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру 

факторлары.  Ауа,  су,күннің  көзі  бұл  факторлар  баланың  ағзасын  шынықтырады.жаз 

айларында  балаларға  өте  қызықты    өтеді.  Жазда  құмда  жалаң  аяқ  жүру,  суық  сумен  су 

құю,нүктелі төсемшелермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шанамен сырғанау, 

шаңғы  тебу  адам  ағзасының  жұқпалы  аурулар  мен  суыққа  төзімділігі    мен  қарсылығы 

арттыратындылығы  анықталған.  Қысқы  ойын  түрлерінен  спорттық  жарыстар,мерекелік 

шаралар ұйымдастыру  баланың бойына қуанышты көғіл  – күй сыйлайды.Алдымен балалар 

ойнайтын  ойын  аланың    өздеріне  жақсы  таныс  жануарлардың  ,  еттегі  кейіпкерлерінің 

мүсіндерін  жасап мерекеге сай безендіріп , жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып,и сол 

күннен бастап жақсы көңіл-күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы 

жарыстар  көбірек  ұйымдастыру  ,  жоспарлау  баланың  ойынға  деген  қызығушылығы 

арттырары сөзсіз.  Жалпы балалардың денелерін шынықтыру , спортқа деген қызығушылығын 

арттыру , алдарына мақсат қоя отырып, тез қимыл әрекеттерін істей алуға , зерек ойлануға 

үйрету.  Балалардың  қимыл-  қозғалыстарын  жетілдіру  ,  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу,  

балалардың дене белсенділігін дамыту , денелерінің түзу және сымбатты қалыптасуына көңіл 

бөлу. 

  Бала  денсаулығына  кері  әсер ететін басты  қозғаушы  күшті құрайтын ол:  



 

мектепке дейінгі жаста қозғалыс іс-әрекетінің  жетіспеушілігі; 

 

қоршаған ортаның қарапайым физио-гигиеналық  талаптардың  сақталмауы; 



 

бала  өмірі  мен  денсаулығын  сақтау  жайындағы  сұрақтар  бойынша  ата-аналар 

мен  педагогтардың  біліктілігінің  жетіспеушілігі; 

 

мектепке  дейінгі    білім  беру    орталығының    оқу    процесіне    мектептік  оқу  



формасын  енгізуі; 

 

баланың  жеке    тұлға  болып  қалыптасуында    іс-әрекеттің    басты    түрі  -  ойын 



процесінің  ығыстырылып,  бала  көңіліне  көңіл бөлмеу  мәселелері  жатады. 

 

Осының  нәтижесінен  психофизикалық даму мәселесі  туындайды:  танымдық  



процестің  сапасы  төмендейді. Есте сақтау, назар  салу, сөйлеу тілінің  дамуы, өз іс-әрекетіне  

жауап  бере алмау  қиындықтарының  салдарынан  баланың  мектепке  даярлануына  кедергілер 

туындайды.   

Сондықтан  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмысын  оңтайландыру  аса  өзектілікке  ие 

болып отыр. Бұл мәселені  шешу  жолында денсаулықты сақтау технологиясының  жаңаша  

түрін  ойлап  табу  мен  іске    асырудың    моделін    қарастырдық,  ол  мектепке    дейінгі    білім 

мекемесінде    «Денсаулық  сақтау  технологиясы»    атты  тәрбиеленуші    отбасы    орталығына 

негізделді. 

Баланың  денсаулығын  сақтау  және  нығайту,  дене  жаттығуларын  жасауға 

қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде 

денсаулықсақтау технологияларының түрлері  көп. 

Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүргізу,  баланың 

денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық 

қызметкерлердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Осындай  мәселені  шешу 

барысында  біздің  анықтағанымыз,  баланың    денсаулығын  нығайтуда  және  аурудың  алдын-

алуда  тек  қана  баланың  қимыл  белсенділіктерін  көтеру  өте  аз,  сонымен  қатар  шынықтыру 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау