Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет75/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   363

153 

 

Әлеуметтік  психологиялық  дайындық.  Бұл  дайындық  ерекшелілігі  балалардың  басқа 



балалармен,  мұғалімдермен  қарым-қатынасын,  соның  ішінде  баланың  коммуникативтік 

ерекше  мінезін  көрсетеді.  Мысалы,  ықыластылығы,  қайырымдылығы,  мінезінің 

жұмсақтылығы,  көпшілділігі,  осылармен  қатар  жеке  баланың  жігерінің  ерекшелігі: 

бірбеткейлілігі,  табандылылығы,  қайраттылығы,  және  т.б.  қасиеттері  оқудағы  жетістікке 

жетуінде  едәуір  белгілі  бір  орын  алады.  Мысалы,  бала  мектепке,  өз  сыныбына  келгенде 

барлығы  бір  жұмыспен  айналысады,  осы  кезде  ол  басқа  балалармен  тіл  табыса  алуы, 

басқаларға жол беруі және қорғауы өте қажет. Сондықтан бұл дайындық ерекшелегі баланың 

қарым-қатынасының дамуына, оның бастауында ерекше рөл атқарады. [4] 

Мектепке психологиялық даярлықты зерттеудегі тағы бір бағыт – баланың ересектермен 

қарым-қатынасының  формаларын  талдап,  қарым-қатынас  тетігінің  мектептегі  оқуға 

даярлыққа  ықпалын  ашу  болды.  Бұл  зерттеулерде  баланың  айналасындағылармен  тығыз 

қарым-қатынасының  мәні  атап  көрсетілді.  Олар  ересектермен  және  құрдастарымен  қарым-

қатынаста «жақын арадағы даму аймағы» пайда болады; үлкендердің ықпалының арқасында 

бала жаңа қабілеттерді меңгереді деп есептеді. Бұл бағыттардың барлығын біріктіретін нәрсе 

– мектептегі оқуға даярлықты қалыптастыру мүмкіндігін іздестіруге талпыныс еді. 

Эксперименттік  зерттеу  жұмыстары  Қарағанды  қаласындағы  ҚМҚК  «Ақбөпе» 

балабақшасындағы  «Ақбота»  тобымен  (ересек  топ)  жүргізілді.  Экспериментке  28  бала 

қатысты, бақылау (14) және эксперимент  (14) топтарына.  

5-6  жастағы  баланың  мектепке  даярлық  деңгейі  бір  немесе  бірнеше  күрделі  тестер 

жиынтығынан  тұратын  кешен  көмегі  арқылы  анықталады.  Қарапайым  тестерге 

фонематикалық  есту  тесті,  мағынасыз  буындарды  көшіру  және  сөздік  тестерді  жатқызуға 

болады.  Күрделі  тестерге  қысқа  мерзімді  есте  сақтауды  анықтау  және  ойлау  қабілетін 

бағалауға арналған тестерді жатқызамыз. Сынақ жұмысы 15-20 минут аралығында жүргізілді. 

Сыналушыларға «Фонематикалық есту» тесті жүргізілді. Балаға келесі ұсыныс жасалды: 

«Екеуіміз бір сөз ойланайық, мысалы, «терезе». Мен ол сөзді бірнеше рет қайталаймын, содан 

кейін  оны  басқа  сөзбен  алмастырамын,  мысалы,  «орындық».  Басқа  сөзді  ести  салысымен, 

мынадай белгі жаса (көрсетеді). Осылайша маған менің қателігімді көрсетесің. Содан кейін, 

менің қате айтқан сөзімді атайсың. Егер тек екеуіміз таңдаған сөзді ғана қайталасам, соңында 

сен  «Барлығы  дұрыс»  дейсің.  Түсінікті  ме?»  Қанағаттанарлықтай  жауаптан  кейін  тікелей 

сынаққа көшуге болады. Сынақ төрт тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма танысу-жаттығу 

түрінде беріледі (оның нәтижелері тест орындалуын бағалау барысында ескерілмейді). Қалған 

үш тапсырма нәтижелері есепке алынады. 

 

Бірінші тапсырма: бағаланатын фонема – Р  



Рама, рама, рама, рама, рама, рампа, лама, рама, рама 

Рампа, рампа, рампа, рампа, алма, рампа рампа, рампа, рампа,  

Қорап, қорап, қорап, қорап, қорап, қолғап, қора, қорап, қорап,  

Ара, ара, ара, ара, ара, арала, ара, ара, ара,    

 

Екінші тапсырма: бағаланатын фонема – С  



Сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, 

Асан, Асан, Асан, Асан, Асан, Асан, қазан, Асан, Асан, Асан, 

Қасық, қасық, қасық, қасық, қасық,мысық, қасық, қасық, қасық, 

Сары, сары, сары, сары, сары,тары, сары, сары, сары, сары. 

 

Үшінші тапсырма: бағаланатын фонема – Қ  



Қайық, қайық, қасық, қасық, қасық, қасық, қасық, қасық, 

Қауын, қауын, қауын, қауын,қауым қауын, қауын, қауын, қауын, 

Қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, сағыз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, 

Қалам, қалам, қалам, қалам, алаң, қалам, қалам, қалам, қалам. 

Төртінші тапсырма: бағаланатын фонема – П  



154 

 

Парта, парта, парта, парта, парта, қарта,парта, парта, парта, парта 



Парақ, парақ, парақ, парақ,, тарақ парақ, парақ, парақ, парақ, парақ, 

Папка, папка, папка, папка, папка, арба,папка, папка, папка, папка 

Пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, кеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш  

 

        1 кесте – Фонематикалық естудің даму деңгейінің өлшемі 



 

Алынған ұпайлар саны 

Фонематикалық естудің даму деңгейі 

 

0-4 



Төмен 

 

5-8 



Орташа 

 

9-12 



Жоғары 

Баланың  танымдық  белсенділігін  дамыту  үшін  «Не  өзгерді?»  ойынын  жүргіздік. 

Ойынның  шарты:  үстелдің  үстіне  бірнеше  зат  не  болмаса  кішкентай  ойыншық  қойылады. 

Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» – 

деп  нұсқау  беріледі,  осы  кезде  жүргізуші  ойыншықтардың  біреуін  алып  тастайды  да  қай 

ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады. 

Балаларды  мектеп  өміріне  тарту  бірлескен  іс-әрекет  барысында  жағымды  күй 

қалыптасуын қамтамасыз ету, ата-аналардың қанағаттануын негізгі көрсеткіштері мыналар: 

 - балалардың мектеп алды даярлық сабағына барғаннан кейінгі жағымды күй; 

 -  балалардың  педагогпен  және  құрдастарымен  жақсы  қарым-қатынасы  деңгейімен 

қанағаттану; 

педагогикалық 



процес 

және 


оның 

жағымды 


бағасына 

ата-аналардың 

қызығушылығының пайда болуы; 

- баланың өзіндік дамуын ерте бағдарлау қажеттігін ата-аналар сезінуі керек. 

Мектепалды даярлық сыныбындағы бүлдіршіндердің ата-аналары мұғаліммен ылғи да 

байланыста болуы міндетті. Өйткені баланың мектептік оқуға дайындау тек мұғалімге ғана 

жүктелген  ғана  іс  емес,  ол  ата-ананың  негізгі  міндеті  болып  табылады.  Сондықтанда  ата-

анамен хабарласып отыруы тиіс. Мұғалімнің хабарлары қысқа, нақты, түсінікті болуы керек. 

Бұл  байланысқа  «Ата-аналар  бұрышы»,  ата-аналармен  жиналыс,  пікір  алмасу  кеші,  бала 

тәрбиесіне  байланысты  конференциялар,  тәрбие  мәселесіне  байланысты  кеңес  беру 

жұмыстарынан  көрінуі  қажет.  «Ата-аналар  бұрышында»  хабарландыру,  балалардың 

жұмыстары,  еңбек,  спорт,  шығармашылық  дағдыларды  оқыту  іс-әрекетінің  нәтижелері 

жазылған хабарламалар ілінеді. Ата-аналардың балаларына жетістік денгейімен қанағаттануы 

олардың мектепалды сыныбы ісіне қаншалықты қатысқанымен байқалады. [1] 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.  Бейсембекова. Мухина В.С. Балалар психологиясы. 

2.  Выготский Л.С. Исторический смысл психологического кризиса. Т. 6., М., 1982. 

3.  Рысбекова  Ж.  педагогические  проблемы  подготовки  детей  6-7  лет  к  обучению  в  школе. 

Автореферат дис. А., 1997. 

4.  Венгер  Л.А.,  Мухина  В.С.  основные  закономерности  психического  развития  ребенка.  // 

Дошкольное воспитание. 1973. № 5. 



 

 

 

ОПТИМИЗАЦИЯ КОРРИГИРОВАНИЯ 

ЗВУКОВОЙ КУЛЬТУРЫ РЕЧИ ДЕТЕЙ 

 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау