382
В эпоху цифровых технологий функциональная грамотность развивается параллельно с
компьютерной грамотностью, следовательно, для успешного развития функциональной
грамотности школьников и достижения ключевых и предметных компетенций на уроках
математики необходимо соблюдать следующие условия:
обучение на уроках математики должно носить деятельностный характер;
учебный процесс ориентирован на развитие самостоятельности и ответственности
ученика за результаты своей деятельности;
предоставляется возможность для приобретения опыта достижения цели;
используются продуктивные формы групповой работы;
обеспечить переход от фронтальных форм обучения классного коллектива к
реализации индивидуальной образовательной траектории каждого учащегося, в том числе с
использованием интерактивных инновационных, проектно-исследовательских технологий,
цифровой инфраструктуры. Для успешногот развития функциональной грамотности
необходимо использовать инновационные технологии обучения и улучшать материально-
техническое обеспечение[2].
Следовательно, научиться действовать ученик может только в процессе самого действия,
а каждодневная работа учителя на уроке, образовательные технологии, которые он выбирает,
формируют функциональную грамотность учащихся, соответствующую их возрастной
ступени.
Привитие элементарных навыков функциональной грамотности учащимся начальной
школы – важное условие повышения качества образования.
Используемая литература:
1. Н.Назарбаев Послание Президента Республики Казахстан народу, «Егемен Қазақстан», -
А.: 27 января 2012 г.
2. Аубекова А.К. Наука и образование в современном мире - Қ.: 2015 стр. 126
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУШІЛІК
ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІНДЕГІ ЛОГОПЕД ПЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫСЫ
Кушаева Ж.М.
№68 Мектеп- интернат –балабақша кешені
Балалармен жүргізілетін түзетушілік-логопедиялық жұмыстардың нәтижелі және
табысты болуының негізгі факторлары -ерте жасалған диагностика және түзетушілік
жұмыстарын уақытылы бастау,сонымен қатар логопед пен ата-аналардың бір-бірімен тығыз
тығыз байланысы болып табылады. Ата-аналардың көмегінсіз балаларға толыққанды
логопедиялық көмек көрсету мүмкін емес. Логопед маман мен ата-ананың бірігіп жұмыс
жасауы- балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстың тиімді нәтижесін көрсетеді.
Біз өз жұмысымызда логопедтің тіл дамуының кемістігі бар балалардың ата-
аналарымен жүргізетін жұмыстарының кейбір әдістерімен таныстырғымыз келеді. Тіл
дамуының кемістігі бар балалардың тілін дамыту мәселелерімен айналысқан Н.С. Жукова,
Г.В. Чиркина, Т.Б. Филичева, Г.А. Каше, С.А. Миронова, М.С. Хватцев сияқты авторлар өз
еңбектерінде балалармен жүргізілетін түзетушілік жұмыстарға ата-аналардың көмек көрсетуі
жұмыстың оң нәтиже беретінін атап көрсеткен [2, 24 б.]. Алайда аталған мәселе туралы
383
әдебиеттер, керекті әдістемелік нұсқаулар мен әзірлемелер өте аз. Сондықтан бүгінгі таңда бұл
өзекті мәселеге айналып отыр.
Өзімнің практикалық іс-әрекетімді логопедиялық пунктте бастағанда, менің көкейімде:
Логопед пен ата-ана арасында ынтымақтастықты қалай қалыптастыруға болады? Жұмысты
неден бастау керек? Бұл бағытта қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады? деген сұрақтар
тұрды.
Өзіміз білетіндей бала уақытының көп бөлігін балабақшада өткізеді,әйтсе де бала тілінің
дамуындағы кемшіліктерді жою жолында отбасының алатын орны ерекше. Бірақ ата-аналар
баламен баламен жұмыс жасауға уақыттарының жоқ екенін сылтауратып,бұл мәселеге көңіл
бөлмейді.
Баланың тіл дамуының кемістігін түсінуіне қарап ата-аналарды 2 топқа бөлуге болады.
1-топ. Бұл топқа бала тілінің даму кемістігін дұрыс түсініп, қабылдайтын ата-аналар.
2-топ. Бұл топқа бала тілінің даму кемістігін дұрыс түсінбейтін немесе оған мән
бермейтін ата-аналар.
Бірінші топ ата-аналары балаларының сөйлеу тілінің кемістігіне түсінушілікпен
қарап,маман көмегінің қажет екенін түсіне біледі. Мұндай ата-аналар жұмысқа бірден
кірісіп,маман берген тапсырмаларды дер кезінде орындайды.
Екінші топ ата-аналары керісінше,бұл мәселені түсінбейді немесе оған тиісінше көңіл
бөлмейді. Олар бала тілі мектепке барғанша өзі жөнделіп кетеді деп ойлайды.
Сонымен қатар баланың тіл дамуының болмашы кемістігін үлкен мәселе санайтын ата-
аналар да болады. Олар өз баласының тіл дамуының кемістігін бетіне басып,баланың жеке
мінез-құлқына әсер етеді.
Логопед пен жанұяның арасында өзара тығыз байланыс болған жағдайда, бала тілінің
дамуындағы кемістігін жоюға, ата-аналардың дұрыс пікірін қалыптастыруға болады.
Жақсы нәтижелерге жету үшін ата-аналармен жүргізілетін іс-шаралардың жылдық
жоспарын құру қажет. Іс-шараларды екі бөлімге бөлуге болады: теориялық және практикалық.
Теориялық бөлімге ата-аналар жиналысы, сауалнамалар, ақпаратты стендтерді
безендіру, жеке кеңестер т.б жұмыс түрлері жатады.
Практикалық бөлімге мынадай іс-шаралар: балалармен өткізілетін жеке және
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинар практикумдар, дөңгелек үстелдер т.б.
Ата-аналармен тығыз байланыс ұжымдық және жеке жұмыс түрлері арқылы жүзеге
асырылады.
Бірінші түріне топтық ата-аналар жиналысы жатады. Логопат-баланың жанұясымен
танысу әр оқу жылының қыркүйек айында басталады, бұл кезде логопед кешенді
логопедиялық тексеру жүргізіп, топтарды іріктейді. Тексеру аяқталған соң, барлық топта
мамандардың қатысуымен ата-аналардың жалпы ұйымдастыру жиналысын өткізген дұрыс.
Логопед бұл жиналыста ата-аналармен танысуға, логопункт жағдайында жүргізілетін
логопедиялық-түзетушілік жұмыстардың мақсат, міндеттерімен таныстыруға мүмкіндік
алады. Сонымен бірге әр бала туралы анамнестикалық мәліметтер жинау үшін ата-аналарға
жеке карточкалар үлестіріледі. Осы жұмыстардан кейін логопед ата-аналармен жүргізілетін
жеке кеңестер беру кестесімен таныстырады. Барлық мәліметтер жанұямен жүргізілетін
жұмыс жоспарына енгізіліп, керекті мәліметтер ескеріледі. Жанұя туралы мұндай мағлұматтар
ата-аналармен байланыс жасауға, отбасына қажет болған жағдайда педагогикалық-
психологиялық көмек көрсетуге үлкен септігін тигізеді. Топтық ата-аналар жиналысын біз оқу
жылының басында, ортасында және аяғында өткіземіз. Жиналыста біз ата-аналарды бастапқы,
аралық және қортынды мониторинг нәтижелерімен таныстырамыз.
Логопед ата-аналарға берілген тапсырмалар бойынша өз балаларымен жұмыс жасаудың
маңыздылығын түсіндіру қажет. Осы жағдайда ғана оң нәтижеге жетуге болады. Ата-аналар
мәселенің маңыздылығын түсінбесе немесе қызығушылық танытпаса педагогтар олардың
түзетушілік жұмыстарға белсенді қатысуына ықпал жасауы керек.
Кеңестер мен семинарлар ата-аналарға керекті ақпараттардан ғана тұратын
түсінікті,көркем безендірілген болуы керек. Кеңестерге қажетті өзекті тақырыптар: «Наш