53
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге тап
болғанын айтты.
«Ұлдар мені мазақтайды, маған қолдары тигенде
қатты ұялдым. Бұл жағдай кейде қыркүйектің ба-
сында болатын. Мені аяқтан шалған кезде құлап,
басымды соғып алдым. Ал маған тиіскендерінде
ұялғанымнан жаным қатты ауырды. Бірнеше ұл
бала болды, олар басқа сыныптан, ал бір бала өз
сыныбымнан болды. Сондай жиіркенішті болды,
қамықтым да, ұялдым. Олардың сазайын берейін
десем, шамам жетпейді» [92].
«Бізді ұл балалар жиі ренжітеді және олар
денеміздің әрбір жерінен ұстайды. Бұл жиі бо-
лып тұрады. Біз оларға қарымта қайтарып,
ұрсысып қарсыласып жатсақ та, бәрібір олар
бізге тиісуін қоймайды. Бұл жиі болып тұрады,
әсіресе осы оқу жылында шынжырынан босаған
иттей тіптен құтырынып кетті. Жоқ, бәрібір
де сондай жиіркенішті әрі қорқынышты еді.
Олар қыздарды мұғалімдер көрмейтін бір жерде
немесе дәретхананың жанында бұрышқа қуып
тығады. Бұны біздің сыныптың балалары ғана
емес, барлық сыныптың ұлдары осылай жасайды.
Бұған бәрі барады. Өзіңді сондай жаман сезінесің.
Масқараң шығып, ұяттан өртенесің, сондай
жиіркенішті» [81].
«Ұл балалар қыздардың жынына жиі тиіседі.
Сосын оларға дөрекі сөз айтып, етектерінен
тартады. Бұл жағдай кеше үзілісте болды.
Бұл күнделікті болып тұрады. Бұл физикалық
ауырсынуға жол бермесе де, маған сонда да ұят.
Менің сыныбымдағы ұл балалардың бәрі осылай
жасайды, үлкендердің сөзіне құлақ аспайды және
сабаққа кедергі келтіру үшін қайдағы жоқты ай-
тып мазаны алады». [120]
«Ұл балалар қыздардың құйрығынан ұрып кетеді
немесе омырауынан ұстап алуы мүмкін: бұл –
кеше болған жағдай. Сондай жағымсыз әсер
қалдырды, кей-кейде арқамыздан қатты ауыр-
тып ұрады. Барлық бала осындай әрекетке бара-
ды десе де болады» [136].
Мектепте ұл балалар тарапынан жыныстық
сипаттағы ишаралар мен қысым көрсетуге жиі
ұшыраған қыз балалар бұндай жағдайды «жаман
әрі ұят болғанын, сосын біреу-міреу біліп қоя ма
деген қорқыныштың бойларын билегенін» сурет-
теп айтып берді [81].
Кибербуллинг
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде тек бір
бала ғана мектепте кибербуллингтің куәгері
болғанын хабарлады. Тағы бір бала мектепте
кибербуллингтің құрбаны болғанын баяндады.
Кибербуллинг деп әдетте интернетті пайдалануды
немесе ұялы телефоннан хабарлама немесе бала-
ны қорқытып, ұялту үшін сурет жіберуді айтады.
Мектепте болған кибербуллинг жайлы хабарлаған
екі бала да жағымсыз суреттер жіберу үшін (не-
месе қыздардың
бірі осы қыздың масқарасын
шығарып, қорқыту үшін хабарлама жіберу үшін)
интернетті пайдалануға қыздардың қатысқанын
айтқан. Осы екі баланың айтқанындай:
«9-сыныптың оқушысы 10-сыныптың оқушысы
– қыз балаға сес көрсеткен. Оған себеп ер
бала болған екен. 9-сыныптың оқушы қызы
10-сыныптағы оқушы қыздың атынан «Мой
мир» әлеуметтік желісіне тіркеліп, өзгелерін
достасуға шақырған. «Мой мирға» жүктелген
суреттер сұмдық еді, 10-сыныптың оқушысының
масқарасы шықты» [252].
«Агент» (mail.ru-да) әлеуметтік желіде хат
жазысып тұрамын. Жоғары сыныптың оқушысы
жыныма тиді. Ол мені тіпті үйден де іздепті.
Сосын бұл жайды мен тәтеме айтып бердім, бұл
мәселе өз-өзінен шешілді. Бұл осы жылы бір рет
болған жай еді» [238].
Кемсітушілік
Әңгіме жүргізілген 402 баланың ішінде 3,0%
бала жас балалардың қыз бала болғанына,
әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ұлтына
немесе мүгедектігіне
байланысты кемсітушілікке
ұшырағанының көрінісіне куәгер болған. Осыған
орай 2,0% бала мектепте осындай кемсітушіліктің
құрбаны болғанын хабарлады. Әңгіме жүргізу ба-
рысында балалар өзге балалар сыныптастары ал-
дында баланы кемсіту үшін психологиялық және
физикалық зорлықты пайдаланатынын айтты.
Төменде келтірілген цитаталарда балалар басқа
балалармен салыстырғанда мектепте оларды
қалай кемсітетінін айтады, олардың кедей екенін,
жұпыны киінгенін бетке басатынын айтады.
«Жағдайы төмен отбасынан шыққан қызды сы-
ныптастары келемеждеді. Оның тек анасы ғана
бар, олардың тұрмысы нашар еді, сондықтан оны
сыныптастары мазақтай береді. Бірде көшеде
54
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
оның анасының жұпыны киінгенін көріп одан бе-
тер оны мазақтап күлді. Тіпті оның ең жақын
құрбысы жаңағы балалардың жағына өтіп, оны-
мен достаспайтын болды» [109].
«Біздің сыныпта апалы-сіңлілі оқушы қыздар
бар. Өзгелерге қарағанда жағдайы төмендеу.
Басқа оқушылар оларды мазақтап күледі, дау-
ыс көтеріп ұрсады, олардың ата-анасына да ат
тағады». [392]
«Бірде балалар сыныбымыздағы бір қызды
келемеждеді. Олар оған тас атты. Қыз бала жы-
лап қалды. Оған ат тағып, жеке заттары мен
түріне бола жынына тиетін сөздер айтты. Бұл
жақында, сабақтан кейін болған жағдай». [344]
«Мені гимназияда бәрі ат тағып, мазақтады,
итеріп жіберді, ұрып-соқты. Олар маған үнемі
түрімнің жаман екенін және жаман киінетінімді
бетке басып айтатын.». [159]
Сонымен қатар өз сыныптастары тарапынан
мүмкіндігі шектеулі балалардың кемсітілетінін ба-
лалар жасырмай айтты. Бір баланың айтқанындай:
«Мен өз жасынан бойы кішкентай бір ұл баланы
білемін. Оған бәрі жаман қарайды. Оның сынып-
тастары ашуына тиетін және оның «қортық»
деп мазақтайтын. Одан ақша бопсалайды. Олар
өздерін қорғай алмайтын балаларды таңдайды…
Мұндай жағдайға өз басым былтыр куә болдым,
бұл әдетте жиі болып тұрады» [250].
«Менің тілімнің мүкістігі бар. Кейде мен бір
нәрсені дұрыс айтпасам, бәрі мені мазақтап
күлгенде қамығып қаламын. Бұл – күнде болатын
жай, әр екі-үш күнде болады»[188].
Сонымен қатар кейбір балалар өздерін «ұлтына
бола кемсітіп, жазғыратынын» айтты [187].
Мысалы, бір баланың айтуынша: «Олар мені
«өзбек» деп мазақтайды. [204]. Осыған орай
бірнеше орыстың ұл-қыз балалары қазақ балала-
ры оларды кемсітетінін айтты. Ал бірнеше қазақ
баласы орыстың балалары ашуына тиетінін айт-
ты. Осыған қарамастан, осындай жағдайдың аз
да болса, болып тұратынын кейбір балалар айтты.
«Бізде кей жағдайларда орыс балалары біреуді
«моңғол» деп мазақтап, төбелес бастап кетеді.
Әдетте киініп-шешінетін жерде болады. Сосын
басқа балалар да төбелеске қойып кетеді [213].
Қорлау
Қорыта айтсақ, жоғарыда келтірілген жай-
лар кем дегенде балалардың 36,0%-ы (үштен
біреуі) мектепте күш
көрсетуге тап болғанын не-
месе кемсітушілік көргенін көрсетеді, ал өздері
жәбірге ұшырағандарын айтады (1.1 шеңберін
жәбірлеуді анықтау үшін 1-бөлімнен қараңыз).
Басқаша айтқанда, олар басқа балалар тарапы-
нан бір емес, бірнеше рет агрессивті және дөрекі
мінез-құлықтың құрбаны болған. Көп жағдайда
кішкентай, жас балаларды оларға қарағанда
ірілеу, жасы үлкен балалар жәбірлейді. Төменде
келтірілген мәліметтерге орай, бұзақыларға кел-
сек, жеке балалар да және балалар тобы да бо-
луы мүмкін.
«Мен күштеуге тап болдым. Бір бала мені үнемі
мазақтайды. Ол жайдан-жай келіп мені ұрып
кетеді немесе теуіп жібереді. Бұл осы жылы
болмап еді, ал өткен жылы жиі болып тұрған
жағдай еді. Өткен жылы апта сайын осылай
болатын еді. Егер тебу немесе шертпек шерту
физикалық ауырсыну болса, онда ол менде бол-
ды. Бұл бала үзіліс кезінде жақындап келіп, ұрып
кететін. Тек маған ғана емес, өзге балаларға да
сөйтетін. Әдетте өзі жалғыз, ал кейде қасында
тағы біреуі болатын. Бірақ ол ешкімше тиіспейді
[34].
«Мектебіміздегі екі бала мені үнемі мазақтайды
және заттарымды тартып алып, оларды тығып
қоятын. Мені жыларман халге түсіреді. Кейде
мені итеріп те жібереді, теуіп те жібереді. Бұл
жағдай өткен аптада болды, күнде болуы да
мүмкін. Мені теуіп, қолымнан ұрып, тіпті ша-
шымнан тартқан кез де болды» [79].
«Балалар тобы бар. Олар бәрін бақылауға алып,
кімді ұрып-соғу керек екенін, мазақтау керек
екенін, жәбірлеу керек екенін біледі. Бұл балалар-
дан бәрі қорқады» [51].
«Мұғалім жоқ кезде жоғары сыныптың
оқушылары біздің сыныпқа жиі келеді. Бізді
жәбірлеп, құлақ-шекемізден қойып қалуы мүмкін
немесе хабарласу үшін, сосын кері қайтармау
үшін ұялы телефондарымызды талап етеді.
Мені ұрып-соққан жоқ, бірақ үлкендерге айтып
қойсақ, ұрамыз деп сес көрсетеді. Кейде бір бала,
кейде екіден-үштен келіп, бізді мазақтайды
немесе желкемізден түйіп кетеді. Әрине, мен