45
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Бұдан бөлек, балалардың аз бөлігі мектептегі
зорлық-зомбылық ретінде балалардың басқа
балаларды олардың қалауынан тыс нәрселер
жасауға итермелеуі (8,0%) және мектептердегі
ұл балалардың қыз баларға қатысты жыныстық
сипаттағы қысым көрсетуі (4,0%), оның ішінде
ұлдардың қыздардың денесіне қол тигізуі, олар-
ды еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартқысы
келуі не қыз баларға қатысты жыныстық зорлық
жасауға тырысуы деп түсіндірді. Тек екі бала ғана
мектептегі зорлық-зомбылық нысанын кибербул-
линг түрінде көрсетті, атап айтқанда, бір баланы
басқа баланың ұрып-соғып, ренжітіп жатқанын
ұялы телефонға түсіріп алу деп түсіндірді. Және
тек бір бала ғана мектептегі зорлық-зомбылыққа
«дене кемістігі не ақыл-ой кемістігі бар балалар-
ды кемсіту» деп анықтама берді. [49].
Балалардың 9,0%-ы мектептегі зорлық-
зомбылықты оқытушылардың балаларға қатысты
жағымсыз қарым-қатынасы, атап айтқанда,
сыныптастардың алдында ұялтып, кемсіту үшін
психологиялық қысым жасауы, сыныпта тәртіп
орнату, балаларды бақылауда ұстау үшін олар-
ды қолмен, қатты заттармен ұру деген анықтама
берді. Кейбір балалар сондай-ақ балалар тара-
пынан мұғалімдерге де зорлық-зомбылық жаса-
лып жататынын еске түсірді.
Балалар мектептегі зорлық-
зомбылық туралы не айтады?
Сұхбаттар барысында алынған мәліметтер
мектептегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылық сипаты мен дәрежесін түсіну үшін
шифрланып, талданды. Сұхбатқа қатысқан 402
баланың 17,0%-ы ғана мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің куәгері
болмағанын хабарлаған, ал 37,0%-ы мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікке
ұшырамағанын айтқан. Басқаша айтқанда, сұхбат
жүргізілген балалардың көпшілігі оқушыларға
арналған сауалнамаларда өлшенген мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушіліктің бір не-
месе бірнеше нысанының куәгері (83,0%) және/
немесе құрбаны (63,0%) болғанын хабарлаған.
Бұдан бөлек, сұхбатқа қатысқан балалардың
39,0%-ы мектептегі өздері куәгер болған зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің жақында,
соңғы бір не екі айдың (2012 ж. қыркүйегі-
қазаны) ішінде орын алғанын хабарлаған.
Салыстыру үшін, балалардың 23,0%-ы өткен
жылы орын алған мектептегі зорлық-зомбылық
немесе кемсітушілік оқиғаларын (қыркүйек 2011
ж. – мамыр 2012 ж.), 5,0%-ы екі жыл бұрынғы
оқиғаларды (қыркүйек 2010 ж. – мамыр 2011
ж.), және 2,0%-ы үш не одан да көп жыл бұрын
орын алған оқиғаны естеріне түсірген.
Бұл бөлімде сұхбат барысында балалардың
3.11-кестеде көрсетілген мектептегі зорлық-
зомбылық немесе кемсітушіліктің түрлі нысандары
бойынша өз тәжірибесіне қатысты өз сөздерімен
жеткізген мәліметтері келтірілген (мектептегі
зорлық-зомбылық немесе кемсітушілікті жасаған
балалардың пікірлері осы бөлімде кейінірек
беріледі).
Физикалық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізілген 402 баланың 59,0%-ы
(1/2) мектепте балалар арасындағы зорлық-
зомбылықтың куәгері болғанын айтқан, 23,0%-
ы (шамамен 4-тен 1-і) физикалық зорлық-
зомбылықтың құрбаны болған. Төменде
келтірілген үзінділерде балалар мектепте
орын алатын зорлық-зомбылық оқиғалары
туралы айтады. Балалармен жүргізілген
сұхбаттардан алынған үзінділерді оқу барысын-
да балалар естеріне түсірген физикалық зорлық-
зомбылықтың көптеген жағдайлары әдетте
балалар арасындағы психологиялық зорлық-
зомбылық белгілерімен байланысты екенін түсіну
өте маңызды (мысалы, мазақтау, балағаттау,
келекелеу). Әдетте психологиялық зорлық-
зомбылық физикалық зорлық-зомбылыққа
әкеліп отырған.
«Басқа сыныпта оқитын екі бала менің досымның
намысына тиді; ол бұған төзіп тұра алмай,
біреуін ұрып жіберді. Келесі күні ол екеуі оның өзін
ұрды. Бұл өткен жылы болған еді» [301].
«Біздің сыныпта ұлдар жиі төбелеседі. Олар
әлденеге ашуланып, төбелесе бастайды неме-
се одан бір нәрсе сұрасаң не ұл баланың көңіл-
күйі болмаса да, ол төбелесе кетуі мүмкін.
Олар басқаларды үнемі мазақтайды, итереді,
кітаппен қойып қалуы да мүмкін. Бұл күн сайын
орын алады десе де болады» [149].
«Биыл қыркүйектің орта шеніне қарай мен бір
ұлмен төбелесіп қалдым. Ол параллель сыныпта
оқиды. Ол мені балағаттап, мазақтады, анам
46
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
туралы жаман сөздер айтты. Ол маған: «Әй, сен
бері кел» деді. Мен оған қарамай, өз бетіммен
кете бергем, ол балағаттай бастады. Кейде
біз осылай төбелесіп қаламыз, ал кейде жай ой-
нап та төбелесуіміз мүмкін, бірақ соңы шын
төбелеске де айналып кететін кездер болады. Иә,
біз кәдімгідей төбелестік, бір-бірімізді ұрдық,
мен де ұрдым; бірақ біз қатты төбелеспейміз.
Мен ешкімге ешнәрсе айтпаймын» [261].
«Биыл менің досыма балалар тиіскен бір-екі оқиға
болды. Оны қатты соққыға жықты. Жақында
басқа сыныптың төрт оқушысы маған тиісті.
Мұндай кейде болып тұрады» [233].
Балалар физикалық зорлық-зомбылықтың сыныпта
жиі болып тұратынын, бұл сыныпта ғана емес, үзіліс
кезінде дәлізде, балалар бір кабинеттен екінші ка-
бинетке ауысқан кезде де орын алатынын айтқан.
Келесі үзінділер мектепте балалар арасындағы
психологиялық және физикалық зорлық-
зомбылықтың өзара байланысты екенін көрсетеді.
«Үзіліс кезінде біз басқа кабинетке бара
жатқанбыз. Бір ұлды жоғары сынып оқушысы
ұрып жіберді. Бұдан кейін әлгі жоғары сынып
оқушысы оның намысына тиетін сөздер айта
бастады, ал біздің сыныптасымыз оған жауап
қайтарып, қарсы ұрып жіберді. Ол жоғары сы-
нып оқушысы бұдан бұрын да үзілістерде оның на-
мысына тиетін сөздер айтатын, кейде сабақтан
соң да солай істейтін, бұл жолы олар төбелесе ба-
стады. Олар бір-бірін жұдырықпен ұрып, қатты
төбелесті. Олар екеуі ең тентек балалардың
қатарынан еді. Бұл өткен жылы болды» [274].
«Біздің сыныпта үнемі басқаларды мазақтап, на-
мысына тиетін бір ұл бар. Ол мені де мазақтаған.
Бүгін ол мені тағы да мазақтады; ол осылай
жиі істейді. Бүгін дене тәрбиесі сабағынан
кейін осы жағдай орын алды. Сол ұл мені де,
басқа балаларды да тебеді, ұрады. Қыздарды да
ұрады. Маған тиісетін де сол – жалғыз ұл. Ол
мұғалімдерді тыңдамайды, басқа балаларға ылғи
қол жұмсайды» [216].
Сынып пен дәлізден тыс, балалар, атап айтқанда,
дене тәрбиесі сабағы кезінде немесе мектеп-
те өткізілетін спорттық шаралар кезінде, дене
тәрбиесі сабағының алдында не соңынан киім ау-
ыстыратын жерде зорлық-зомбылықтың куәгері
болатынын айтады.
«Шамамен екі апта бұрын дене тәрбиесі
сабағында киім ауыстыратын жерде екі ұл
бала төбелесіп қалды. Олар екеуі де менің сыны-
бымда оқиды. Біреуі екіншісін қатты соққыға
жығып, мұрнын бұзды. Кезекші оқушылар және
сыныптағы бір қыз араға түсті. Мұғалімдер бұл
төбелес туралы мұрны бұзылған баланың анасы
полицияға шағым түсірген кезде ғана білді. Бұл
екі аптадай бұрын орын алды» [140].
«10-сыныптың бір оқушысы мені былтыр соққыға
жықты. Мен оны байқамай ойын кезінде қағып
кеткен болатынмын. Ол маған: «Жан-жағыңа
неге қарамайсың? Өзіңше болып қалғансың ба?»
деп ұрып жіберді. Бұл қаңтарда ма, ақпанда ма,
қашан болғанын ұмыттым. Бірақ қыста болғаны
анық, себебі ол мені қарға итеріп жіберген еді.
Мен бұл жағдай туралы ағама айтқанмын, бірақ
ол ана ұлдан қорқатын, сондықтан еш нәрсе дей
алмады» [353].
Бұл сұхбаттар физикалық зорлық-зомбылық
жасауға қатысушылардың бірінің не екеуінің
де түрлі жарақат алуы мүмкін екенін, кейде
балаларға дене жарақаттарын алуына байла-
нысты медициналық көмек қажет болатынын
көрсетті. Мысалы, бір бала былай деді:
«Біздің сыныпта басқа баларды үнемі соққыға
жығатын бір ұл бар. Бірде ол жоғары сыныптың
бір оқушысының намысына тиген, ол оны ұрып
жіберді. Ол құлап қалды да, орындыққа соғылды.
Мұрнынан қан ақты. Оны ауруханаға апарған,
сөйтсе, миы шайқалыпты. Бұл екі жыл бұрын
болды» [54].
«Мен төбелесіп қалдым. Танымайтын үш
бала маған келіп тиісе бастады. Олар мені
мазақтады, пышақ көрсетіп, аяғымды тіліп
жіберді. Аяғымнан қан ағып, олар қашып кетті»
[24].
«Мен жаңадан келген оқушы болатынмын. Мені
қабылдамады. Үнемі кемітіп, намысыма тиді,
мазақтады, соққыға жықты. Мені қатты ұрған
кездер болды, денем көгеріп қалатын. Кейде мұны
жалғыз бала, кейде топ болып жасайды» [379].
«Ұлдар бізді аяқтан шалады, итереді, бірақ бұл
сирек болады. Мұны бізге жоғары сыныптың
ұлдары жасайды, ал біз кіші сыныптарға жа-
саймыз. Біреу құлап қалса, күлеміз. Бұл қазір де,
Достарыңызбен бөлісу: |