55
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
олардан қорқамын. Оларға қарамауға тырыса-
мын. Олар жақындағанда мен қорқамын». [149]
Әңгімелесу барысы әдетте ер балалардың басқа
ер бала мен қыз балаларды, ал қыз балалардың
басқа қыз балаларды, сондай-ақ кейде қыз
балалардың ер балаларды жәбірлеп, қорлағанын
көрсетеді. Жәбірлеуге психологиялық қысым мен
физикалық күш көрсетуді, бопсалаушылықты,
жыныстық сипаттағы ишаралар мен күштеуді және
кибербуллингті, сондай-ақ кемсітушілікті қосқанда
бір немесе әр түрлі күш көрсету формаларын
жатқызуға болады. Келесі баяндауларда мектепте
өзге балалар тарапынан жәбірлеуге ұшыраған ба-
лалар өз тәжірибелері жайында сөз қозғайды.
«Кейде ұлдар «фотоаппарат» ойынын ойнай-
ды, сонда бір бала саусақтарын дұрыс бүкпеген
соң, камераның орнына таяқ жеп қалды. Бар
айтқаным: «Артур плюс Таня». Соған бола ке-
удемнен мені қатты ұрып жіберді. Сосын тағы
бір жай болды: дәлізде келе жатқанымда осы
бала мені иығымен итеріп қалды. Сосын бұл тағы
қайталанды. Содан соң мені итерген соң тоқтап:
«Қайда барасың?» – деп сұрады. Ол қатты итер-
ген де жоқ, мүмкін әзілдегені де болар, бірақ
маған өте жаман болды» [402].
«Бір бала мені «букашка» деп атайды, себебі фа-
милиямыз сол сөзге ұқсас естілетін. Ешқандай
себепсіз құлақ-шекеден қойып қалып, иығымнан
тартып, күртешемді жыртып тастады. Әлі де
кию үшін оны орап таңып қоямын. Сол бала басқа
екі баланы ұрып, партаны сындырды, сосын оны
сындырған мынау деп маған жала жапты. Ол
өзін осылай ұстайды, өйткені оның жоғары сы-
ныпта қорғаушысы бар. Ол (жоғары сыныптың
оқушысы) ұрмайды, ол тек ана баланы азғырып,
қай жерден қалай ұру керек екенін үйретіп оты-
рады. Қыздар топ-топқа бөлінген. Бір-бірлеріне
өшпенділікпен қарайды. Олар төбелеспейді,
есесіне жақсы ұрсысады. Негізінде олар бір-біріне
көңілге келетін сөздер айтып, итеріп-жұлқылауы
мүмкін. Не болса соны жерге ұрып, сындыруы
да ғажап емес. Мен балаға ұялы телефонымды
көрсеттім де, ол мамамдікі екенін, өте қымбат
тұратынын айтсам да, мені итеріп қалғанда
құлап түстім, телефон да қолымнан түсіп, сынып
қалды. Жай жақындап келіп, итеріп қалатын не-
месе құлақ-шекеден салып кететін, иығыңнан
итеріп, іштен ұрып кететін бұзақы балалар бар.
Олар жай келеді де ұрып кетеді. Сабақтан соң
жай келді де, мені мазақтай бастады. Мен де
қарап қалған жоқпын, оны мазақтадым. Сосын
мені құлақ-шекеден қойып қалды. Құлағым әлі
күнге дейін ауырады. Сосын тағы да иығымнан
ұрды». [391]
Мектептегі күш көрсету мен
кемсітушілікке куә болғандарға
сипаттама
Мектепте күш көрсету мен кемсітушілікке куә
болған балалардың сипаттамасын жақсы түсіну
үшін аталмыш сауалнамалар талданды. Мектепте
күш көрсету мен кемсітушілікті бақылау кезінде
сараптама басында демографиялық әртүрлілікті
анықтау үшін жүргізілген еді. Демографиялық
әртүрлілікке орай, 3.14-кесте жыныстық
айырмашылыққа қарамастан, қыз балаларға
қарағанда (сәйкесінше 45,4%, 7,3% және
6,3%) ер балалардың физикалық күш көрсетудің
(49,2%), бопсалаудың (9,8%) және жыныстық
сипаттағы ишаралардың (8,6%) куәгері болу
ықтималдығы өте жоғары болатынын көрсетті.
Қыз балалардың (37,7%) ер балаларға
(34,6%) қарағанда кемсітушілікке куәгер болу
ықтималдылығы жоғары.
Оқу сыныбы бойынша жалғыз айырмашылық –
бопсалауға, жыныстық сипаттағы ишаралар мен
қысым көрсетуге куәгерлігі болып отыр. Жоғары
сыныптың (8-10-сыныптар) балалары төменгі
сыныптың балаларына қарағанда (5-7-сы-
ныптар) бопсалауға, жыныстық сипаттағы
жәбірленуге куәгер болу ықтималдылығы өте
жоғары.
Ал ауыл мен қала мектептеріндегі айырмашылыққа
қатысты 3.14-кесте қала мектептеріндегі балалар
ауыл балаларымен салыстырғанда (сәйкесінше
45,5%, 44,1% и 33,4%) психологиялық қысымға
(54,2%), физикалық күш көрсетуге (49,9%) және
кемсітушілікке (38,5%) ұшырайтынын көрсетеді.
Сондай-ақ қала мектептеріндегі балалардың
(8,9%) ауыл мектептеріндегі балаларға (5,7%)
қарағанда жыныстық сипаттағы жәбірленуге көп
ұшырайтыны байқалады.
Сараптама, сондай-ақ, ата-аналарға, мектепке
және балалар арасында ашуға бой алдыру мен
физикалық агрессияға байланысты мектептегі
күш көрсету мен кемсітушіліктің дәрежесін
56
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
анықтау үшін жүргізілді. 3.14-кесте ата-анасы-
на бауыр басу сезімі төмен балалар арасында
психологиялық қысымға (58,7%), физикалық
күш көрсетуге (53,5%) және кемсітушілікке
(47,0%) ұшырау ықтималдылығы ата-ана-
сына бауыр басу сезімі жоғары балалармен
салыстырғанда (сәйкесінше 49,5%, 46,7% және
35,3%) анағұрлым жоғары екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, ата-анасына бауыр басу сезімі төмен
балалар үшін мектепте бопсалаудың (13,8%)
және жыныстық сипаттағы жәбірленушілікке
(12,6%) ұшырау ықтималдылығы ата-ана-
сына бауыр басу сезімі жоғары балалармен
(сәйкесінше 8,0% және 7,0%) салыстырғанда
жоғары екендігі анықталды.
Осылайша, 3.14-кесте ата-анасына бауыр басу
сезімі төмен балалар үшін мектепте психологиялық
қысымға (67,6%), физикалық күш көрсетуге
(62,1%) және кемсітушілікке (49,7%) ұшырау
ықтималдылығы ата-анасына бауыр басу сезімі
жоғары балалармен (сәйкесінше (49,5%, 46,7%
3.14-кесте. Балалардың демографиялық деректері және басқа көрсеткіштері бойынша мектептегі
балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен кемсітушілік куәгері (сауалнама жүргізу)
Іріктеме исследования
N=4207
Психология-
лық зорлық-
зомбылық
куәсі
Дене
жарақатының
куәсі
Қорқытып
алушылық
куәсі
Жыныстық сипаттағы
ишаралар мен
қысымшылықтар
куәсі
Кемсітушілік
куәсі
n
%
n
%
n
%
n
%
n
%
Жынысы
Қыз балалар 1061 49,6% 969 45,4% 156
7,3%
135
6,3%
807
37,7%
Ер балалар
1052 50,9% 1016 49,2% 202
9,8%
177
8,6%
713
34,6%
Сыныбы
5-сынып
372
50,7% 365 49,9%
29
4,0%
40
5,4%
267
36,4%
6-сынып
383
50,0% 357 46,7%
58
7,6%
44
5,7%
299
39,0%
7-сынып
365
51,0% 355 49,7%
47
6,6%
51
7,1%
267
37,3%
8-сынып
336
48,4% 319 45,9%
56
8,1%
63
9,1%
239
34,5%
9-сынып
346
49,6% 306 44,0%
96
13,8%
70
10,0%
251
36,0%
10-сынып
311
52,0% 283 47,3%
72
12,0%
44
7,4%
197
33,1%
Қала/ауыл
Қала
1239 54,2% 1139 49,9% 198
8,7%
203
8,9%
880
38,5%
Ауыл
874
45,5% 846 44,1% 160
8,3%
109
5,7%
640
33,4%
Ата-анаға бауыр басуы
Төмен
199
58,7% 182 53,5%
47
13,8%
43
12,6%
159
47,0%
Жоғары
1908 49,5% 1796 46,7% 309
8,0%
268
7,0%
1,357 35,3%
Мектепке бауыр басуы
Төмен
115
67,6% 105 62,1%
30
17,8%
32
18,8%
83
49,7%
Жоғары
1998 49,5% 1880 46,7% 328
8,1%
280
6,9%
1,437 35,6%
Ашу-ыза
Төмен
1262 42,3% 1177 39,5% 166
5,6%
132
4,4%
853
28,6%
Жоғары
851
69,5% 808 66,1% 192 15,7%
180
14,7%
667
54,6%
Физикалық агрессия
Төмен
1233 41,8% 1149 38,9% 163
5,5%
130
4,4%
874
29,6%
Жоғары
880
70,2% 836 66,9% 195 15,6%
182
14,5%
646
51,7%
Достарыңызбен бөлісу: |