Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет4/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

 
10 
Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына 
мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0; 
Жануарлар  дүниесін  қайта  өндірудің  негізгі  капиталына 
тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің 
индексі – 104,0%; 
Тұрмыстық  қатты  қалдықтардың  түзілуіне  байланысты 
оларды кәдеге жарату үлесі – 20%; 
Облыстың,  республикалық  маңызы  бар  каланың,  астананың 
халқын  қалдықтарды  жинау  және  тасымалдау  бойынша 
көрсетілетін қызметтермен қамту – 82,0%; 
Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес 
келетін 
тұрмыстық 
қатты 
қалдықтарды 
орналастыру 
объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы 
санынан) – 7,0%;  
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нормативті көлемі 
– 0,1 млн. тонна, су объектілеріне төгу – 0,23 млн. тонна; 
Жергілікті  атқарушы  органдардың  қарамағында  орналасқан 
мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен  жабылған алқап 
ауданы – 1672,9 мың га; 
Жергілікті  атқарушы  органдардың  қарамағында  орналасқан 
мемлекеттік  орман  қоры  ауданында  бір  орман  өртінің    орташа 
ауданы – 0,013 мың га; 
Ауыл 
шаруашылығы 
мақсатындағы 
жердің 
ауыл 
шаруашылығы айналымына тартылған үлесі 2020 жылы 3,6%-ті 
құрайды; 
Жыртылатын  жер  құрамындағы  ауыспалы  егіс  үлесі 
(ауыспалы егіс алқабы) – 58,3%; 
Табиғи  жайылымдық  жерлердің  құрамындағы  жайылымдық 
ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) – 23,1%. 
Бағыт: Мемлекеттік қызметтер
 
Жергілікті  атқарушы  органдар  көрсететін  мемлекеттік 
қызметтердің  көрсетілу  сапасына  қанағаттанушылық  деңгейін 
арттыру – 91,1%; 
Мемлекеттік 
қызметшілердің 
таза 
ауыспалылығы 
(мемлекеттік қызмет жүйесінен кету) – 6,0%. 
Қажетті 
ресурстар 
Қажетті ресурстар:  
2016 ж. – 222,1 млрд. теңге 
2017 ж. – 242,0 млрд. теңге 
2018 ж. – 328,6 млрд. теңге 
2019 ж. – 278,0 млрд. теңге 
2020 ж. – 454,4 млрд. теңге 
Барлығы: 1 525,1 млрд. теңге. 
 
 
 
 


 
11 
2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ  
 
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 
2.1.1. Экономика  
Өңірлік макроэкономика 
Бірқатар  жылдар  ішінде  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  негізгі 
көрсеткіштерінің  және  адами  даму  индексінің  өсуі  байқалады.  Облыстың  2016 
жылғы жалпы өңірлік өнімі 2014 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке өсіп, 2190,0 
млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші - 101,8%
    (2014  жыл  –  1910,4  млрд. 
теңге, НКИ – 105,2%, 2015 жыл – 1976,0 млрд. теңге, НКИ – 104,2%)

Облыстың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 4,7%-ті құрады.  
Облыстың  2014-2016  жылдардағы  жалпы  өңірлік  өнімінің  өзгеруі  келесі 
мәліметтермен сипатталады. 
 
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге 
1 910,4
1 976,0
2 190,0
1800,0
1900,0
2000,0
2100,0
2200,0
2300,0
2400,0
2014 г.
2015 г.
2016 г.
 
Алматы  облысы  экономикасының  өсу  қарқынына  салалардың  қосқан 
үлесін  бағалау  салалар  арасында  көшбасшы  болып  өнеркәсіп,  ауыл 
шаруашылығы, көлік және байланыс табылатындығын көрсетті (1-кесте). 
 
1-кесте 
ЖӨӨ өсуіне салалардың салымы, % 
Салалар  
2014 
2015 
2016 
Ауыл шаруашылығы 
15,1 
16,2 
15,7 
Өнеркәсіп  
21,1 
20,7 
20,7 
Құрылыс  
9,8 
10,1 
9,5 
Сауда  
10,1 
9,7 
10,1 
Көлік және байланыс 
10,1 
11,5 
12,9 
Басқа да салалар 
33,8 
31,8 
31,1 
Жиынтығы  
100,0 
100,0 
100,0 
ЖІӨ  құрылымында  айтарлықтай  үлесті  өнеркәсіп  –  20,7%,  ауыл 
шаруашылығы – 15,7%, көлік және байланыс – 12,9% алып жатыр. 
Облыс бюджеті кірістер бойынша 2016 жылы 139,8 млрд. теңгені құрады, 
бұл  2014  жылғы  түсімдерден  16%-ке  көп.  Кірістер  түсімінің  өсуіне  жаңа 
объектілерді іске қосу, қосымша жұмыс орындарын құру, салық заңнамасында 
мөлшерлемелерді  өзгерту,  бір  жолғы  сипаттағы  түсімдер  есебінен  салық 
базасын арттыру әсер етті. 


 
12 
Өнеркәсіп  
Облыста  1140  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  жұмыс  жасайды,  олардың 
ішінде  87-сі  ірі  және  орта  кәсіпорындар,  олардың  үлесіне  өндірілетін  өнім 
көлемінің 80%-ке жуығы тиесілі.  
2016  жылы  өнеркәсіп  өндірісінің  құрылымында  1,8%  тау-өндіру 
өнеркәсібіне  және  кеніштерді  игеруге  тиесілі,  83,6%  -  өңдеу  өнеркәсібіне, 
13,4%  -  электрмен  қамтуға,  газ,  бу  беруге  және  әуе  конденсациялауға,  1,0%  - 
сумен  қамтуға,  кәріз  жүйесіне,  қалдықтарды  жинауды  және  бөлуді  бақылауға 
тиесілі.  
2014  жылдан  2016  жылдар  аралығындағы  кезеңде  өнеркәсіп  өндірісі 
23,2%-ке  артып,  681,9  млрд.  теңгені  құрады  (2014  жылы  –  553,5  млрд.  теңге). 
Қолданысқа жаңа 72 объект енгізіліп, 34 әрекет етуші өндіріс кеңейтілді, 2526 
жұмыс орны құрылды.  
Облыстың  жалпы  республикалық  тауарлық  өндірісіндегі  үлесі  2014 
жылғы 3,0 проценттен 2016 жылы 3,6 процентке өсті. 
Осы  кезеңде өнеркәсіп өнімінің  нақты  көлем  көрсеткішінің  2014  жылғы 
102,0%-тен  2016  жылы  97,4%-ке  төмендеуі  де  байқалады,  бұл  әлемдік  қаржы 
дағдарысына  байланысты  тұтынудың  жалпы  төмендеуімен  және  өткізу 
нарықтарының қысқаруымен түсіндіріледі.  
Облыс өңірлерін дамытуға өндірістік күштерді орналастырудағы орын алып 
отырған аумақтық теңсіздік әсер етеді. Негізгі өндірістік қуаттар Алматы қаласына 
жақын  орналасқан  –  Іле,  Қарасай,  Еңбекшіқазақ,  Талғар,  Жамбыл  аудандарында, 
Қапшағай қаласында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында орналасқан. 
Осы өңірлерге облыстың өнеркәсіп өнімінің 90%-і тиесілі. 
 
Тау-өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру 
Көмір және лигнит өндіру - 0,8%-і, басқа салалар 86,7%-і құрайды.  
Салада  135  кәсіпорын  әрекет  етеді,  оның  ішінде  8  ірі  және  орта 
кәсіпорындар.  
Қаптама тасының, габбро, мәрмәр, әктас, минералды тұздардың және т.б. 
ірі  кеніштері  бар.  Облыста  пайдалы  қазбаларға  жер  қойнауын  пайдалану 
құқығына 382 келісім-шарт тіркелген (жалпы таралған пайдалы қазбалар).  
 
Өңдеу өнеркәсібі  
Салада  787  кәсіпорын  әрекет  етеді,  оның  ішінде  63  ірі  және  орта 
кәсіпорындар. 
2014  жылдан  2016  жылдар  аралығындағы  кезеңде  өңдеу  өнеркәсібінің 
өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  471,1  млрд.  теңгеден  569,8  млрд.  теңгеге  немесе 
21,0%-ке өсті. 
Тағам өнімдерінің өндірісі – 27,9%-ті, сусындар – 23,0%, темекі өнімдері 
–  18,6%,  тоқыма  бұйымдары    –  0,5%,  киімдер  мен  былғары  заттары  –  0,1%, 
қағаз  және  қағаз  өнімдері  –  2,6%,  химия  өнеркәсібі  –  1,7%,  фармацевтикалық 
өнімдер  –  1,9%,  пластмасса  және  резеңке  өнімдері  –  4,6%,  металлургия 
өнеркәсібінің өнімі – 1,6%, машина құрылысы 5,6%-ті құрайды. 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау