Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



жүктеу 296,54 Kb.
Дата20.11.2017
өлшемі296,54 Kb.
#1158




Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

Қазақстан Республикасының

Үкіметінің
«__» __________ 2013 жылғы

№ __ қаулысымен бекітілді



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдарына, жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандырудың бірыңғай талаптарын анықтайды.

2. Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтер, олардың электрондық нысанға көшірілу мерзімдері Қазақстан Республикасының Үкіметінің «__» __________ 2013 жылғы № _____ «Оңтайландыру және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің, олардың электрондық нысанға көшірілуі мерзімінің Тізілімін бекіту туралы» Қаулысына (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес анықталады.

3. Мемлекеттік қызметтердің рәсімдерін оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуді жеделдету мен жеңілдету болып табылады, оның ішінде:

1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімдерінің санын жою;

2) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берушілер ұсынатын қағаз құжаттарының санын қысқарту, не оларды электрондық нысанға көшіру немесе оларды мәліметтер нысанына ауыстыру;

3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

4) өтініш берушінің мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік органдарға келмей-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы, «бір терезе» қағидасы бойынша өзара
іс-қимылы;

5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту.

4. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер қолданылады:

1) жауапты мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметтің стандартын әзірлейтін және мемлекеттік қызметтің оңтайландыру және автоматтандыруына, олардың электрондық нысанға көшірілуіне жауап беретін мемлекеттік орган;

2) ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру – ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

3) мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат;

4) сараптамалық комиссия – мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдағы консультативтiк-кеңесшi орган.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыруды және автоматтандыруды жоспарлау
5. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру процесі Тізілімде көрсетілген мерзімдерді есепке ала отырып тұрақты негізде жүргізіледі.

6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылға мемлекеттік қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру жоспар-кестесін әзірлейді, жауапты мемлекеттік органдармен келісіледі және бұйрықпен бекітеді (бұдан әрі – Жоспар-кесте).

7. Жоспар-кесте Тізілімде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру мерзімдеріне дейін тоғыз айдан кем емес уақытта бекітіледі.

8. Мемлекеттік органдар Жоспар-кестені уәкілетті органмен жіберілген мерзімнен бастап он бес күн ішінде келіседі

9. Жауапты мемлекеттік органдар Жоспар-кестеде көрсетілген мерзімде мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің әрекеттегі көрсету тәртібінің зерттеуін жүргізеді (бұдан әрі - зерттеу) және есеп беру мен іс-шаралар жоспарын сараптамалық комиссияға қарастыруға ұсыну кезеніне дейін он жұмыс күнінен кеш емес аяқталуы тиіс.

10. Зерттеу аяқталғаннан кейін жауапты мемлекеттік орган төмендегіні әзірлейді:

1) осы Қағидалардағы 1 Қосымшада белгіленген талаптарды ескере отырып жасалынған есеп;

2) осы Қағидалардағы 2 Қосымшада белгіленген талаптарды ескере отырып жасалынған іс-шаралар жоспары.

11. Жауапты мемлекеттік орган есеп пен іс-шаралар жоспарын мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыруға қатысатын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жолдайды.

12. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар есеп пен іс-шаралар жоспарын алғаннан бастап жауапты мемлекеттік органға он жұмыс күні ішінде өз ескертулері мен ұсыныстарын жібереді немесе олардың жоқтығы туралы хабарлайды.

Мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өз құзыретіні шегінде есеп пен іс-шаралар жоспары бойынша негізді және толық ескертулері кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарымен жазба нысанында ұсынылады.

13. Алынған ескертулер бойынша, қажет болған жағдайда, есеп пен іс-шаралар жоспарын жауапты мемлекеттік орган қайта өңдейді, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертулер, қабылданбаған ескертулердің негіздері туралы анықтама дайындайды.

14. Жауапты мемлекеттік орган дайындалған есепті, іс-шаралар жоспарын мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың хаттары мен келісімдеу нәтижелерінің негізінде әзірленген жұмыс тобының анықтамасымен қоса осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті органға жібереді.

15. Уәкілетті орган есеп және іс-шаралар жоспарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган оларды сараптамалық комиссияның отырысына жолдайды, басқа жағдайда оларды жауапты мемлекеттік органға орын алған кемшіліктерді көрсетіп қайта өңдеуге жолдайды.

16. Уәкілетті орган есеп және іс-шаралар жоспарын қайта өңдеуге жолдаған жағдайда жауапты мемлекеттік қайта өңдеуге түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен артық емес мерзімде орын алған кемшіліктерді түзеп, уәкілетті органға оларды қайта жолдайды.

17. Уәкілетті орган жауапты мемлекеттік органның есебін және іс-шаралар жоспарын сараптамалық комиссияға жолдаған кезде сараптамалық комиссия оларды жауапты мемлекеттік органның өкілдерінің қатысуымен отырыста қарастырады және келіседі немесе қайта өңдеуге қайтарады.

18. Сараптамалық комиссия есеп және іс-шаралар жоспарын қайта өңдеуге жолдаған жағдайда жауапты мемлекеттік орган сараптамалық комиссиясының шешімін шығарғаннан бастап жиырма жұмыс күнінен артық емес мерзімде орын алған кемшіліктерді өңдейді, осы Қағидалардың 11-16 тармақтарында белгіленген талаптарды сақтай отырып көрсетілген құжаттарды сараптамалық комиссияның қарастыруына жолдайды.

19. Есеп және іс-шаралар жоспарын сараптамалық комиссия мақұлдаған жағдайда жауапты мемлекеттік орган сараптамалық комиссия шешімін шығарғаннан бастап он бес жұмыс күнінен артық емес мерзімде іс-шаралар жоспарын мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтарына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасарына бекітуге жолдайды.

20. Жауапты мемлекеттік орган бекітілген іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды осы Қағидалардың 11-19 тармақтарымен белгіленген тәртіпте енгізеді.


3. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыруды зерттеудің тәртібі

21. Зерттеуді жүргізу үшін жауапты мемлекеттік орган өз қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың, уәкілетті органның, қызмет көрсетушілердің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредитацияланған бірлестіктерінің, жауапты мемлекеттік органның қарастырылып отырған қызмет ету саласындығы тәуелсіз сарапшылар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құрады.

22. Зерттеуді жүргізуді бастаған кезінен жауапты мемлекеттік орган жұмыс тобы мүшелерін мемлекеттік қызметті зерттеу үшін қажетті ақпараттармен, құжаттармен, нормативті құқықтық актілермен, жауапты мемлекеттік органның әдіскерлері, басқа да құзіретті тұлғалары тарапынан кеңестермен, сонымен бірге жұмыс орындарымен, ғимараттармен, құрал-жабдықтармен, байланыспен және де басқа да материалдармен қамтамасыз етеді.

23. Зерттеу барысында бірінші кезекте мемлекеттік қызметтің автоматтандыру мүмкіндігі анықталады, ол үшін келесі әрекеттер жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін қағаз түріндегі құжаттардың сипаты мен санын анықтау және осы құжаттарды электрондық ақпараттық ресурстармен ауыстыру мақсатында оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелердің электрондық ақпараттық ресурсымен салыстыру.

Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде қағаз түріндегі құжаттарда көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда қағаз құжаттардың сканирленген нысанын қолдану және/немесе мәліметтер нысанына ауыстыру анықталады.

Осы операцияның нәтижесінде өтініш берушіден талап етілетін құжаттардың саны азаяды.

2) қағаз түріндегі құжаттарды электрондық ақпараттық ресурсықа алмастыруына байланысты, осы ақпараттық жүйеде өңделетін, сақталатын, ықпалдастыруға жататын ақпараттық жүйені анықтау.

Сонымен қоса, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру кезінде ақпараттық алмасуға қатысатын және ықпалдастыруға жататын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды анықтау барысында www.reginfo.kz мекенжайы бойынша көрсетілген ақпараттық жүйелердің және электрондық ақпараттық ресурстарының Мемлекеттік тізілімімен жетекшілік етеді;

3) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін қырсқартуға болатын уақытын анықтау.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін қысқарту құжатты алу, тексеру, келісілу, жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлімдерінің келісушілер санын қысқарту есебінен және (немесе) мемлекеттік ақпараттық жүйеде болатын құжаттарды электрондық ақпараттық ресурстармен алмастыруға байланысты басқа да мемлекеттік органдармен ресми әрекеттесуді қысқарту есебінен қол жетізіледі.

24. Егер мемлекеттік қызмет зерттеу барысында автоматтандырылмайтын болса немесе автоматтандырудан тыс ұйымдастырушылық, кадрлық, әкімшілік-шаруашылық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жолымен мемлекеттік қызметті оңтайландыру мүмкіндігі болған жағдайда, жүзеге жұмыс тобымен мемлекеттік қызметті оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету процестерін жеделдету мен қарапайымдандыру нәтижесінде қол жеткізілетін қосымша шаралардың құрамы мен сипаттамасы анықталады.

25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша қосымша шаралар есебіне (бірақ, онымен ғана шектелмейтін) келесі шаралар жатады:

1) функцияларын тиімді бөлу есебінен келісім беруші мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарының, құрылымдық бөлімшелерінің санын қысқарту;

2) мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқарту;

3) мемлекеттік қызметті көрсету барысында екі және оданда көп мемлекеттік органдардың сыртқы әрекеттесуін немесе мемлекеттік органдардың ведомстваға қарасты ұйымдарын, құрылымдық бөлімшелерін ішкі әрекеттесуін реттемелеу;

4) мемлекеттік органдардың, ведомстваға бағынысты ұйымдардың кадрлық құрамын құрамын көбейту немесе азайту;

5) бөлімшелерді, ведомствоға қарасты ұйымдарды олардың арасындағы коммуникация жылдамдығын ұлғайту және почталық хат-хабардың ұзақ жүруін жою мақсатында құрылымдық тиімді аймақтық орналастыру;

6) құрылымдық бөлімшелерді, ведомствоға бағынысты ұйымдарды уақытылы және сапалы материалмен қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік қызметті көрсетудің соңғы қорытындысын дайындау технологияларын өзгерту (сертификаттар, жеке куәлігі, және т.б.);

8) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушімен ұсынылатын қағаз құжаттарының санын азайту, оның ішінде оларды мәліметтер нысанымен ауыстыру;

9) мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету.

26. Осы қағиданың 2-бөлімінде белгіленген тәртіппен шаралар Жоспарын бекіткеннен кейін Шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы мен оңтайландырылуы бойынша әрекеттерді орындаудың кезектілігі мен мерзімдері анықталады.

27. Сонымен қатар, автоматтандырылуға және оңтайландыруға жататын әрбір мемлекеттік қызмет міндетті түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін мемлекеттік қызметтердің регламенттерінде, стандарттарында және басқа да нормативті құқықтық актілерде белгіленген талаптардан айырмашылығы бар тәжірибелік пайдалану кезеңінен өтеді.



4. Сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру
28. Сараптамалық комиссия мемлекеттік органның, ғылыми ұйымдардың, жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің аккредатацияланған бірлестіктерінің өкілдері есебінен уәкілетті органмен құрылады.

Қажет болған жағдайда сараптамалық комиссия жұмысына ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сонымен қатар ғылымдар мен жоғары білікті мамандар жұмылдырылады.

29. Сараптамалық комиссияны уәкілетті органмен тағайындалатын сараптамалық комиссияның төрағасы басқарады және оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын уәкілетті органмен тағайындалатын орынбасары орындайды.



30. Сараптамалық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерiнінің арасынан сайлайтын уәкілетті органмен тағайындалған сараптамалық комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

31. Сараптамалық комиссия хатшысы:

1) Сараптамалық комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, сараптамалық комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды және қамтамасыз етедi;

2) сараптамалық комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне жұмылдырылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.

32. Сараптамалық комиссия отырысы күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір үшiншi дүйсенбiсiнде, қажеттілігіне қарай, сараптамалық комиссия төрағасы белгілейтiн өзге де күндері өткiзiледі.

33. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын сараптамалық комиссия мyшелерiнiң келiсiмi бойынша сараптамалық комиссия төрағасымен анықтайды және нақтылайды.

34. Сараптамалық комиссия отырысы сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Сараптамалық комиссия мүшелерi отырысқа қатысу жөнiнде өз өкiлеттіктерiн басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.

35. Сараптамалық комиссия шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс бойынша қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ұсыныс түрінде болады, және оған төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.

36. Сараптамалық комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.

37. Сараптамалық комиссия отырысына есеп, іс-шаралар жоспарын мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың хаттары мен келісімдеу нәтижелерінің негізінде әзірленген жұмыс тобының анықтамасымен қоса шығарылады.

Сараптамалық комиссия мүшелеріне материалдарды жіберу сараптамалық комиссия отырысы басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.



5. Өтпелі және қорытынды ережелер
38. Осы Қағиданың әрекеті 2013 жылы оңтайландыратын және автоматтандырылатын мемлекеттік қызметтерге қолданылмайды

40. Жауапты мемлекеттік органдар осы Қағиданың талаптарын және Тізілімде, сондай-ақ, Жоспар-кестеде белгіленген мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мерзімдерінің сақталуына жауапты.

41. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру мерзімдерінің сақталуын бақылайды және Тізілімде, сондай-ақ, Жоспар-кестеде белгіленген мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мерзімдері жауапты мемлекеттік органдармен сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдайды.

42. Тізілімге мемлекеттік қызметтерді қосу немесе алып тастау не Тізілімде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру уақытын өзгерту қажет болған жағдайда жауапты мемлекеттік органдар Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізуді Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіпте бастамашылық етеді.







Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

оңтайландыру және автоматтандыру

қағидаларына қосымша 1


Өткізілген зерттеу туралы есептің құрамы және мазмұны

Өткізілген зерттеу туралы есеп келесі бөлімдерді құрайды:

1. Кіріспе


  1. зерттеудің мақсаттары және міндеттері;

Бөлімше зерттеу жүргізудің негізгі мақсатының және оның міндеттерінің сипаттамасын құрайды.

  1. зерттеуді жүргізу үшін негіздеме;

Бөлімше зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар тізілімін құрайды.

  1. негізгі түсініктер және қысқартулар.

Есептемеде қолданылатын негізгі түсініктер мен қысқартулар көрсетіледі.

2. Қызметтің қысқаша сипаттамасы:



  1. көрсетілетін қызметті алушылар;

Бөлімшеде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар түгенделеді.

  1. қызметтің көрсетілуін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

Бөлімшеде қызметті көрсету процесін реттейтін әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.

  1. қызметтің талап етілуі;

Бөлімшеде кесте түрінде зерттеліп отырған қызметтің соңғы 4 жылда көрсетілу статистикасы келтіріледі.

Жыл

Саны

1

2

























  1. қызметтің көрсетілу нысаны;

Бөлімшеде мемлекеттік қызметті көрсету нысаны сипатталады: автоматтандыру деңгейін (ішінара автоматтандырылған, толық автоматтандырылған немесе автоматтандырылмаған) көрсетумен бірге қағаз немесе электрондық түрде.

Бөлімшеде қызметті көрсету деңгейі ішінара автоматтандырылған немесе толық автоматтандырылған болған жағдайда қызметті көрсетудің қалай және қандай ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылғандығы сипатталады.



  1. қызметті көрсетудің шарттары;

Бөлімшеде қызметті көрсету бағасы және мерзімдері туралы ақпарат сипатталады.

  1. қызметті көрсетуге жетекшілік ететін жауапты мемлекеттік орган;

Бөлімшеде қызметті көрсетуге жетекшілік етуші жауапты мемлекеттік орган туралы ақпарат және осы орган тарапынан мүдделі тұлғалар тізілімі көрсетіледі.

ТАӘ

Лауазымы

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Жұмыс телефоны

Электрондық адресі

1

2

3

4

5


















  1. көрсетілетін қызметті берушілер;

Бөлімшеде көрсетілетін қызметті берушілер, олардың қызметті көрсететін аумақтық бөлімшелері туралы ақпарат, сондай-ақ автоматтандырылған түрде қызметті көрсетуге техникалық дайындығы туралы мәліметтер келтіріледі.

Меншікті ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) болған жағдайда бөлімшеде келесі ақпарат келтіріледі:



  • АЖ атауы

  • қолданылатын технологиялар, әзірлеу тілі, деректер қорын басқару жүйесі;

  • АЖ әзірлеуші компания

  • зерттеліп отырған қызмет шегіндегі АЖ функциялары;

  • ЭҮП немесе ЭЛП ықпалдастыру қажеттілігі және мүмкіндігі.

Сонымен қатар бөлімшеде көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан жауапты тұлғалардың тізілімі және олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі.

  1. мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы мәліметтер сұрайтын мемлекеттік органдардың тізілімі.

Бөлімше мемлекеттік қызметтің көрсетілген соң оның нәтижесі туралы ақпаратты алуды қажет ететін мемлекеттік органдардың тізілімінен құрайды.

Бөлімшеде:



  • мемлекеттік қызметтің нәтижесі бойынша сұратуды жүзеге асыратын мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы;

  • мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы жүзеге асырылатын сұрау шегіндегі қызметтің немесе функциялардың атауы;

  • мемлекеттік органдар үшін қажетті мемлекеттік қызметтің нәтижесінен алынған мәліметтер тізілімі көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру «қазіргі таңда» және «қалай болады» процесін зерттеу:

  1. өтініштер түрлері;

Бөлімшеде тұтынушы зерттеліп отырған қызметті көрсету шегінде бере алатын өтініштер түрлері көрсетіледі. Көрсету барысында мемлекеттік қызметтің нәтижесінің барлық өмірлік кезеңін есепке алу қажет:

- Мемлекеттік қызметтің жаңа нәтижесін алу;

- Мемлекеттік қызметтің нәтижесінің телнұсқасын алу;

- Мемлекеттің қызметтің нәтижесін қайта заңдастыру;

- Мемлекеттік қызметтің нәтижесін тоқтата тұру (жою).


  1. Қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттардың тізілімі;

Бөлімшеде қызметті көрсету үшін тұтынушы тапсыратын барлық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сипатталады. Қажет болған жағдайда өтініштің әр түрлеріне құжаттар жеке сипатталады. Өтініштің әр түрлеріне арналған құжаттар тізілімі нормативтік құқықтық актілерде анықталған рет бойынша көрсетіледі.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжаттар үлгісі есептің 1 қосымшасында көрсетіледі.



  1. Қызметті көрсету нәтижесінде алынатын құжаттардың тізілімі;

Бөлімшеде Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған қызметті көрсету нәтижесінде алынатын барлық құжаттар сипатталады. Қажет болған жағдайда әр құжат үшін беру шарттары жеке сипатталады (беру шарттары, қолданыс мерзімі, құжат нысаны).

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжаттар үлгісі есептің 2 қосымшасында көрсетіледі.



  1. Қызметтің «қазіргі таңда» үдерісінің сипаттамасы;

Бөлімшеде «қазір қалай» қызметін көрсету үдерісінің сызбанұсқалық бейнесі, сонымен қатар сызбанұсқаны түсіндіретін мәтіндік сипаттама келтіріледі. Қажет болған жағдайда әр өтініш түрлеры үшін үдеріс сызбанұсқасы жеке сипатталады.

«Қазіргі таңда» қызметін көрсету үдерісінің сызбанұсқасын нысандау үшін төмендегілерді анықтау қажет:

- Үдерістің қатысушылары (көрсетілетін қызметті алушылар, ұйымдар және ұйымдардың қызметкерлері);

- Үдерістің құжаттары (өтініш, құжаттар пакеті, журналдар, анықтамалар, келісімшарттар, лицензиялар, хаттар);

- Үдерістің әрекеттері (беру, қабылдау, тіркеу, қарастыру, ақпарат жинау, шешімді дайындау, оны келісімнен өткізу, шешімді бекіту, қабылданған шешім туралы хабар беру, шешімді орындау, мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру);

- Үдерістің оқиғалары (тестілеу, сараптама, комиссия отырысы, объектіні қарау);

- Қызметті көрсету барысында әрекет етуші ақпараттық жүйелер және деректер қорын.

Үдеріс сызбанұсқасында барлық аталған объектілер мен субъектілер қарым-қатынасы, сондай-ақ әр қадамның реті бейнеленеді.

Сызбанұсқаны құжаттар пакетінің тым бөлшектелген сипаттамасымен, үдеріс қатысушыларының әрекеттерінің терең сипаттамасымен немесе есептеменің басқа бөлімдерінде сипатталған қызмет туралы ақпаратпен шамадан тыс жүктеу ұсынылмайды.

Қызметті көрсету үдерісі күрделі өзара әрекет ету сызбанұсқасы түрінде болған жағдайда, оны бірнеше үдеріске – кезеңдерге бөлу ұсынылады. Мысалы, «Өтініш беру және оны қабылдау» үдерісі, «Өтінішті келісімнен өткізу» үдерісі.

Бизнес-үдерістің сызбанұсқасын құру үшін қарапайым және кең таралған жазу тәртібінің құралын қолдану ұсынылады.


  1. есеп берудің нысаны және оны беру мерзімі;

Бөлімшеде қызметті көрсету аясында мемлекеттік органмен, қызметті көрсетушімен құрастырылған есеп беру нысанының үлгісі келтіріледі.

  1. «қалай болады» қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы.

Бөлімде оңтайландыру мен автоматтандыруды ескере отырып, «қалай болады» қызметін көрсету үдерістерінің сызбанұсқасы және олардың мәтіндік түсініктемесінің түрінде қызметті көрсетудің нұсқалары сипатталады. Қызметті көрсетудің бірнеше альтернативті нұсқалары болған жағдайда (халыққа қызметті көрсету орталығы арқылы, мемлекеттік орган канцеляриясы арқылы, ЭЛП немесе ЭҮП) сызбанұсқалар және олардың сипаттамасы әр нұсқа үшін жеке құрылады.

«Қалай болады» қызметін көрсету үдерісінің сызбанұсқасын сипаттау және құру қағидалары «Қазіргі таңда» үдерісін сипаттауға ұқсас.

«Қалай болады» үдерісін сипаттауда барысында төмендегілер көрініс табады:

- ЭҮП және ЭЛП-тің ішкі және сыртқы порталдарға бөліну арқылы қатысуы;

- Басқа ақпараттық жүйелермен немесе деректер қорымен өзара әрекеттесуі;

- Үдерістің барлық қатысушыларының ЭҮП немесе ЭЛП-пен өзара әрекеттесуі;

- Барлық кіріс және шығыс мүмкіндіктері (өтінішті қабылдау, нәтижесін беру).

4. Қорытынды.

Бөлімде көрсетілетін қызметті алушылар үшін де, мемлекеттік органдар үшін де қызметті оңтайландыру және автоматтандырудан алынатын пайда ескеріле отырып, мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде алынған негізгі тұжырымдар сипатталады. Мысалы, тапсырылатын құжаттар санын, қызметті көрсету мерзімін қысқарту, қызметтің кез келген уақытта қолжетімді болуы, құжаттардың телнұсқасының қажеттілігін жою.

Қысқарған құжаттар саны және қызметті көрсетудің мерзімдерінің нәтижелері салыстырмалы кесте түрінде көрсетіледі.

Қызметті көрсету кезеңінің қысқаратын мерзімдерін анықтау барысында төмендегілер ескеріледі:

- көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштерді қабылдау және тіркеу бір сағатқа дейін қысқартылады (тұтынушының мәліметтер нысанын толтыру және мүдделі органның автоматтандырылған жұмыс орнынан алынған өтінішті қабылдау уақытын қоса есептегенде);

- шешім қабылдау және оны келісімнен өткізу үдерістерінде уақытты қысқарту құжаттарды қолмен тапсыруға кеткен уақытты алып тастау арқылы анықталады;

- қарастыру және шешім қабылдау мерзімін есептеу барысында тіркелетін құжаттар саны, қызметті көрсетушінің қарастыру және шешім қабылдауға жауапты қызметкері үшін өтініштер бойынша күнделікті жүктемесі, сондай-ақ шешім қабылдау үдерісімен қатар жүретін үдерістер ұзақтығы, мысалы комиссия шақыру, жиналыстар, кеңестер өткізуге кететін уақыты ескеріледі.

- ЭҮП немесе ЭЛП шегіндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру (немесе басқа нәтиже) қызмет көрсетушінің құзіретті тұлғасы өзінің электрондық қолтаңбасы арқылы мемлекеттік қызметтің нәтижесі бойынша шешімді растаған сәттен бастап шұғыл болып саналады.

5. 1-Қосымша. «қазіргі таңда» және «қалай болады» қызмет көрсету үдерісінің кіріс құжаттарының нысандары.

Қосымшада кіріс құжаттарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нысандары (үлгілері) көрсетіледі.

6. 2-Қосымша. «казіргі таңда» және «қалай болады» қызмет көрсету үдерісінің шығыс құжаттарының нысандары.

Қосымшада «қазіргі таңда» қызметінің шығыс құжаттарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нысандары (үлгілері) көрсетіледі. Сонымен қатар, оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «қалай болады» қызметінің шығыс құжаттарының нысаны көрсетіледі.

7. 3-Қосымша. Қызмет көрсетушінің, оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс мәліметтері.

Қосымшада қызметті көрсетушінің, оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс мәліметтері кесте түрінде көрсетіледі.


п/п

Қызметті көрсетушінің және оның аумақтық бөлімшелерінің атауы

Қызметті көрсетушінің және оның аумақтық бөлімшелерінің толық заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны, электронды пошта адресі

1

2

3

4

5
















8. 4-Қосымша. Қызмет көрсету барысында қатысатын мемлекеттік органдардың, оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс мәліметтері.

Қосымшада қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың, оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс мәліметтері кесте түрінде көрсетіледі.



п/п

Қызметті көрсетушінің және оның аумақтық бөлімшелерінің атауы

Қызметті көрсетушінің және оның аумақтық бөлімшелерінің толық заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны, электронды пошта адресі

1

2

3

4

5
















9. Қосымша 5. «Электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - ЭҮП) немесе «электрондық лицензиялау» веб-порталына (ЭЛП) қосылу нүктелері бойынша жинақ:



п/п

Қызметті көрсетушінің, оның аумақтық бөлімшесінің атауы

МО БТО-ға қосылу нүктелерінің саны

ЭЛП, ЭҮП-тағы автоматтандырылған жұмыс орындарының саны

Бар

Қажет

Бар

Қажет

1

2

3

4

5

6

























Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

оңтайландыру және автоматтандыру

қағидаларына қосымша 2



Іс-шаралар жоспарының құрамы


Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарлары келесі бөлімдерден тұрады:

  1. ұйымдастырушылық іс-шаралар;

  2. мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша басқа іс-шаралардың мерзімдері мен орындау тәртібі, келесілерді қосқанда:

1) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қатысатын ақпараттық жүйелердің жетілдіруі (мемлекеттік қызметті көрсетудің процесін автоматтандыру жағдайында);

2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қатысатын ақпараттық жүйелердің өзара және «электрондық үкіметтің» веб-порталымен не «электрондық лицензиялау» веб-порталымен не (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылуы (мемлекеттік қызметті көрсетудің процесін автоматтандыру жағдайында).



  1. мемлекеттік қызметті көрсетудің оңтайландырылған процесін енгізу және тәжірибелік пайдалануды жүргізу;

  2. нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

  3. мемлекеттік қызметті көрсетудің оңтайландырылған және автоматтандырылған тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын жоғарлату;

  4. қысқартулар мен түсініктер.

Іс-шаралар жоспарлары нақты, түсінікті мазмұндалады және оларда жауапты тұлғалар мен аяқталу мерзімін көрсетіп мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша барлық қажетті іс-шаралар қарастырылады.

Іс-шаралар жоспарлары уәкілетті органға жолдаухатпен бірге жіберіледі, онда келесілер көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін және ақпараттық жүйелердегі электрондық ақпараттық ресурстарына ауыстырылуға жататын немесе мәліметтер нысанына ауыстырылатын қағаз құжаттардың түрлері мен саны;

2) мемлекеттік қызметті көрсетудің қысқартылған мерзімі;

3) мемлекеттік қызметті көрсету процесін автоматтандырған кезде ықпалдастыруға жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің тізілімі;

4) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпарат алмасу үшін қажетті мәліметтер тізілімі мен құрамы;

5) мемлекеттік қызметті көрсетудің процесін автоматтандырған кезде қысқартылатын әкімшілік рәсімдер мен мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері;

6) мемлекеттік қызметке қолжетімділік нүктелері (көрсету орындары);



7) мемлекеттік қызметті көрсету процесінің өзгеруіне байланысты әзірлеуге немесе өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі қажет нормативтік құқықтық актілердің тізілімі.
жүктеу 296,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау