Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

(Жалғасы 8 бетте)

2012  жылы  компаниямыз  Астанада  салған  бірегей  Оқушылардың 

шығармашылық  сарайы  аз  ғана  уақыттың  ішінде  елордасының  жас 

тұрғындары мен олардың ата-аналарының уақыт өткізетін сүйікті және қо-

сымша білім алатын орнына айналып үлгерді. Біз мемлекет басшысының 

тікелей тапсырмасымен салынған нысанның қалай жұмыс істеп тұрғанын, 

қоғамға  қандай  пайда  келтіріп  жатқанын  білуді  ұйғардық.  Осындағы  үй-

ірмелер  мен  секциялар  жайында  директордың  оқыту-тәрбие  жұмыста-

ры жөніндегі орынбасары Қымбат Мұқанқызы Іргебаева айтып берді, ал, 

Сарайда еңбек ететін оқытушылар мен жаттықтырушылар халықаралық 

сыйлықтар мен марапаттардың бағасына ие болған нысанның тыныс-тір-

шілігімен таныстырды. 

сіздің  ойыңызша,  құрылысшылары-

мыз  жобалаушы  топтың  ойлағандарын  то-

лығымен жүзеге асыра алды ма?

– Толығымен іске асыра алды. Құрылысшы-

лар  өз  жұмысын  жақсы  атқарып  шықты.  Бар-

лығы да жоба бойынша және сапалы салынды. 

Бүкіл кешен бір деммен салынды. Бұл -үлкен 

еңбек.  Балалардың  шығармашылық  Сарайын 

салу  кезінде  архитекторлар  мен  құрылысшы-

лар арасында толық бірлесу мен өзара түсіні-

су  орнады.  Барлығының  ойлағаны  осы  жоба 

болды  –  барлығына  қалай  шығатыны  қызық 

болды,  барлығы  да  біртұтас  организм  секілді 

еңбек етті. Адамдар келешек ұрпақтың дамуы-

на  қажет  өзгеше  ғимаратты  соғып  жатқанда-

рын  түсінді.  Менің  ойымша,  дәл  осы  түсінік-

тің  арқасында  барлығы  да  ойдағыдай  шықты. 

Біз  мүлдем  ерекше  нәрсе  жасадық!  Қазір  күн 

сайын  балалардың  шығармашылық  Сарай-

ына  төрт  мыңға  жуық  бала  келеді!  Көптеген 

үйірмелер  мен  секциялардың  арасынан  спорт 

алаңдарынан  бастап  ғылыми  зертханаларға 

дейін барлығы табылады. Әлемдік стандартқа 

сай  салынған  нағыз  театр,  обсерватория  мен 

планетарий бар. Ата-анаға балаланы ғимаратқа 

алып  келсе  жеткілікті,  балалар  жаны  қалаған 

ісімен  айналыса  алады  –  балетпен,  бассейн-

де  жүзумен  айналысуына,  актерлік  шеберлік 

үйірмесіне  баруына,  астрономияны  зерттеуі-

не  болады.  Осы  ғимаратта  қаншама  талантты 

және  жан-жақты  дамыған  балалар  тәрбиеле-

нетінін көзіңізге елестетіп көріңізші. 

Бүінгі  қым-қуыт  заман  ата-ананың  бала-

сын қаладағы үйірмелерге алып барып жүруі-

не  мүмкіндік  бере  бермейді.  Оқушылардың 

шығармашылық Сарайы балаларға кең мүмкін-

діктер ашады. Бұл - әрине, жетістік! Ғимаратқа 

шетелдік  делегациялар  жиі  келеді.  Оларды 

көпфункционалдылық,  бірегей  архитектура-

лық шешімдер, үйлесімді ұлттық нақыш, жаңа 

экологиялық таза технологиялар, соңғы үлгіде-

гі техникалар таңқалдырады. Елімізде осы тек-

тес кешендер көбірек салынса дейсің. Себебі, 

бұл – аса жан-жақты дамыған, талантты және 

білімді жаңа буын тәрбиелеудің кепілі. Осын-

дай  үлкен  нысанның  құрылысына  қатысқа-

нымды мақтан тұтамын. Оның келешекте жаңа 

үлкен  архитектуралық  жобаларды  жасап,  жү-

зеге асыруға үлгі және түрткі болатындығына 

сенімдімін.



Салауатты өмір салты үшін

Оқушылардың  шығармашылық  сарайының 

әр  күні  бой  жазу  мен  қызықты  жаттығулар-

мен  басталады.  Таңғы  сағат  тура  тоғызда  бала-

лар  басты  кіре-беріс  алдындағы  алаңға  жина-

лып,  педагогтармен  бірге  ырғақты  музыка  мен 

субұрқақтардың  шуылы  астында  жаттығу  өткі-

зеді.  Мұнан  соң  барлығы  бірдей  кең  де  жайлы 

асханаға  таңғы  асқа  барады,  одан  кейін  үйір-

мелер  мен  секцияларға  беттейді.  Жаттығу  өтіп 

жатқанда  әдістеме  бөлімінің  жетекшісі  Раушан 

Мұхтарқызы  Ахметованы  әңгімеге  тартып,  ба-

лалардың  Оқушылар  сарайында  немен  айналы-

сатынын сұрадық.



Мұнда нағыз өМір 

қайнап Жатыр 

–  Бір  оқу  жылында  Сарайымызға  көптеген 

астаналық балалар келеді. Мұнда ғылым, спорт, 

шығармашылық  пен  өнер  саласы  бойынша  ба-

ланың жан-жақты дамуына қажеттінің барлығы 

бар. Барлық үйірмелерде жоғары білікті педагог-

тар жұмыс істейді. Жазда біз жылдық оқу бағдар-

ламасын аяқтаймыз да басқа жобаны – «Жазғы 

демалыс Академиясын» бастаймыз.  Оған 7 мен 

10  жас  аралығындағы  балалар  келеді.  Олар  үй-

ірмелерге барады, тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Бұл жобаның жұмыс істеп келе жатқанына үшін-

ші жыл, әр жаз сайын үш онкүндік маусым өткі-

земіз. Лагерьдің сауықтыру бағдарламасына бас-

сейнде жүзу, мәнерлеп сырғанау, түрлі спорттық 

шаралар, үш мезгіл дұрыс тамақтану мен түрлі 

бағыт бойынша үйірмелер кіреді, – дейді Раушан 

Ахметова.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалар 

үшін лагерь мен мектепалды бағдарламасы, түр-

лі дамыту және шығармашылық үйірмелер бар. 

Педагогтың айтуына қарағанда, мұндай бағдар-

лама  балалар  жаз  бойы  барлық  үйірмелерден 

хабардар болып, жанына жақынын таңдап, күз-

де білек сыбана кірісуі үшін арнайы әзірленген. 

Айтпақшы,  Оқушылардың  шығармашылық  са-

райында жұмыс істейтін педагогтардың барлығы 

жоғары білікті маман. Олардың арасында белгілі 

суретшілер, музыканттар, вокалистер, спортшы-

лар, тіпті, ғарышкерлер де бар. 

біздің жетістіктеріміз

7



Алда үлкен жеңістер күтіп тұр 

 

Табалдырықтан  аттаған  адам  бірден  үлкен 



киіз үйге кіргендей болады. Алып баспалдақтар 

жоғарғы  қабаттардан  үш  жақтан  холлға  түседі, 

ал,  дәл  төбеден  түрлі-түсті  «мәңгілік  қозғал-

тқыш»  айналып  тұрады.  Бірінші  қабаттағы 

холлда  үйірмелер  мен  секциялардың  арасында 

демалатын  бұрыштар  бар.  Дәл  осында  киім  іл-

гіш  пен  асхана  орналасқан,  ал,  мұндағы  күзет 

қызметкерлері  өте  қырағы.  Дәліздегі  сәкілерде 

ата-аналар  жаттығулардан  шығатын  балаларын 

күтіп отырады. 

Алдымен бассейнге бас сұқтық. Ондағы ауан 

айтып жеткізгісіз – авторлық дизайн, мөлдір су, 

жайлы температура – бұл жайға кіре салысымен 

– барлығын тастап суға секіре салғың келеді.  

Жазғы лагерьге келіп жүрген балаларға жүзу 

сабағы  басталады.  Жаттықтырушылары  Жан-

сейіт Бабайұлы Тілепбергеновтің Оқушылардың 

шығармашылық сарайында жұмыс істеп жатқа-

нына бір жылдан асты, жалпы еңбек өтілі – жеті 

жыл. Киім ауыстыратын орыннан келген балалар 

жаттығу жасауға сапқа тұрып жатыр. Бой жазу-

дан кейін кең себезгіге жүгіріп барады – тек со-

дан кейін ғана олардың бассейнге кіруіне рұқсат 

етіледі. Бұл күні жазғы лагерьге келушілер жат-

тықты. 

–  Алғашқыда  барлығы  ерке  болып  келеді, 



алайда,  жаттығуларға  бойы  үйреніп,  келешекте 

жүзуден жарыстарға қатысып, жүлделі орындар-

ды алуға болатынын түсінгенде – тәртіпті де ын-

талы бола бастайды, белгілі бір дағдыға үйрене 

бастайды, – дейді шәкірттері жайында Жансейіт 

Бабайұлы. 

Жаттықтырушының  айтуынша,  Оқушылар-

дың  шығармашылық    сарайында  жаттықты-

рушылар  мен  жүзушілер  топтарының  арасында 

жарыстар өтіп тұрады, қалалық және Республи-

калық сайыстарға іріктеулер жүреді. Бұл - бала-

лардың жаттығуларына қосымша ықпал етеді.

– Балалар суда жүзіп, мұзда сырғанап, түрлі 

спорттық ойындар ойнап, жаттыға алатын осын-

дай  бірегей  Оқушылардың  шығармашылық  са-

райының пайда болуының балалар үшін маңызы 

зор. Мұндай сарайлар Қазақстанның барлық қа-

ласында  болуы  тиіс.  Жүзуді,  мұзда  сырғанауды 

үйренетін орынның бір жерде болуы өте ыңғай-

лы. Әр бала өзінің спорттық қабілеттерін ашып, 

қалаған  арманына  қол  жеткізе  алады,  –  дейді 

Жансейіт Тілепбергенов. 

Бассейнге  оралған  балалар  жаттықтырушы-

ның жанына жиналуда. 

– Осындай кешендердің арқасында әр бала-

ның  арманын  орындауына,  өзін  спорттың  қай-

сыбір  түрі  бойынша  байқап  көруіне  мүмкіндік 

ашылады,  –  деп  Жансейіт  Бабайұлы  әңгімесін 

жалғады.  Балалардың  арнайы  киімдерді  дұрыс 

киюіне  көмектесіп,  резеңке  бас  киімдерін  тү-

зетіп,    көзілдіріктерді  таратып  тұр.  Балалар 

сақадай сай дайын болғаннан кейін жүзу сабағы 

басталды. 

Қатаң медициналық бақылау

 

Оқушылардың  шығармашылық  Сарайында 



жұмыс істейтіндер үшін ең бастысы – ол бала-

лардың  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтау. 

Сондықтан, балаларды бассейндегі оқуға жібер-

мес бұрын олардың әрқайсысын балалар дәрігері 

Жадыра Бейсенбаева қарайды. 

–  Балаларды  бассейнге  жібермес  бұрын  ме-

дициналық байқау жасаймыз. Егер баланың де-

несінде дақ, сызат, ашық жаралар болса немесе 

жәрдемді шақырамыз. Бақытқа орай, Оқушылар-

дың шығармашылық сарайы жұмыс істеп жатқан 

уақыт ішінде ешкім зақым алған емес, өйткені, 

балалардың жанында оларға қарайтын және қа-

уіпсіздік  ережелерін  түсіндіретін  үнемі  тәжіри-

белі жаттықтырушы болады, – дейді дәрігер-пе-

диатр Жадыра Бейсенбаева. 

Мұндай нысан көп болуы тиіс

Барлық қабатта тіршілік қайнап жатыр – бар-

лық  залдарда,  секцияларда,  үйірмелерде  бала-

лар қызу дайындалуда. Бір есікті ашқанымызда 

үлкен  залда  балалардың  қазіргі  заман  музыка-

сына  билеп  жатқанын,  келесі  есіктің  артында 

–  балалар  сурет  салып  жатыр,    планетарийде 

жас  келушілер  төбелерінен  галактикамыздың 

жұлдыздары  жанғанда  таңқалуда,  енді  бірі  ба-

лаларды  мұхит  суынан  бөліп  тұрған  шыныға 

алып  акула  келіп  соғылғанда  қорқыныштан  ай-

қайлауда.  Эмоция  кемерінен  асады,  сезімді  то-

лығымен жеткізу мүмкін емес. Планеталар мен 

жер серіктерін зерттеп жатқан балалардан өтіп, 

тәжірибелі  жаттықтырушы  Тәңірберген  Қайы-

ржанұлы  Әубәкіров  жеткіншектерге  баскетбол-

дың  қыр-сырын  үйретіп  жатқан  залға  келдік. 

Балаларға тапсырма берген ол бізге бірер минут 

уақытын бөлді. 

– Баскетболдың дамығанын және балалардың 

арасында  кеңінен  тарағанын  қатты  қалаймын. 

Оқушылар Сарайы базасында жастар жаттығып, 

машықтарын  дамытып,  кәсіби  біліктілігін  арт-

тыра алады. Осындай нысандарды көбірек салу 

керек, оларда балаларға арналған спорт залдары 

болуы тиіс, – дейді тәжірибелі жатықтырушы. 

– Біздің сарайымызда өзіңіз көргендей өмір 

бұрқ-сарқ  қайнап  жатыр.  Басқа  ғимараттар  да 

осындай толыққанды өмір сүруі тиіс. Балаларға 

олар асқынған болса, өзін жайсыз сезінетін болса 

– бассейнге жіберілмейді. Бұл - баланың өзінің 

де,  сабақ  кезінде  ол  қарым-қатынас  жасайтын 

өзге балалардың да қауіпсіздігі мен денсаулығы 

мақсатында жасалады, сондай-ақ, бассейндегі су 

залалданбауы үшін жасалады, – дейді дәрігер-пе-

диатр.  


Апта  сайын  сарапшылар  бассейндегі  судан 

сынама  алып,  оның  құрамын  зерттейді,  оның 

барлық  уақытта  таза  болуын  қадағалайды.  Су-

дың  температурасы,  жайдағы  ылғалдылық  қа-

лыпты болуы тиіс. Барлық көрсеткіштер арнайы 

журналда жазылады, егер барлығы дұрыс болса 

– дәрігерлер балалардың бассейнге түсуіне рұқ-

сат береді. 

– Әр бала учаскелік педиатрдан өзінің денса-

улығы туралы анықтама алып келуі тиіс, – дейді 

Жадыра Бейсенбаева. Медиктің айтуынша, хок-

кеймен  айналысатын  балаларға  басқаша  талап-

тар қойылады. 

–  Олар  жылы  киінуі  тиіс.  Біз  конькидің  ба-

уының  дұрыс  байланғанын  тексереміз.  Әрине 

құдай  оның  бетін  әрі  қылсын,  бала  қандай  да 

бір  зақым  алатын  болса,  бірден  қажетті  баста-

пқы медициналық көмек көрсетеміз. Бірақ, егер 

зақым ауыр болатын болса, жедел медициналық 

8

BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау