Оқушылардың шығармашылық Сарайы Қазақстанның үздік қоғамдық ғимараты болып танылды
Компаниямыз Астанада салған оқушылардың шығармашылық Сарайы Қазақстан Республикасының архитектуралық
игілігі деп танылды. Биыл ол Kazakhstan Architecture Award архитектуралық сыйлығына қатысып «Үздік қоғамдық
ғимарат» номинациясы бойынша бірінші орын алды. Бірегей нысанды жобалау мен құрылысы жайында BN-ге
жобаның бас сәулетшісі Елена Зенина айтып берді.
Елена Федоровна, осындай өзгеше ғима-
ратты салу идеясының авторы кім?
– Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На-
зарбаев балаларды жан-жақты дамытуға мүм-
кіндік беретін бірегей сарай салу туралы ойын
білдірді. Осы идеяның негізінде байқау өт-
кізілді. Байқау қорытындысында жобаны «Ба-
зис» жобалау институты «Студия-44» архитек-
туралық шеберханасымен бірге іске асыруға
кірісті.
Жобаның бірегейлігі неде?
– Оқушылардың шығармашылық сарайы
өте қысқа мерзімде - небәрі бір жылдың ішінде
жобаланып, салынды. Осындай ауқымды жоба
үшін бұл тым аз уақыт. Өзіңіз ойлап қараңыз-
шы – 8,3 гектар жерде 46 943 шаршы метр ғи-
марат! Мұндай ғимаратты осындай аз уақытта
салып шығу архитекторлар, конструкторлар
мен құрылысшылардың үйлесімді жұмысының
арқасында мүмкін болды.
Елена Федоровна, осы алып ғимараттың
архитектурасы жайында кеңірек айтсаңыз.
– Балалардың шығармашылық сарайы
жоғарғы жағынан цилиндрлік көлеммен жа-
былған бірінің үстіне бірі қаланған параллеле-
пипедтер композициясынан тұрады. Жобалау
кезінде мұндай формалар жайдан жай таңдап
алынған жоқ. Олар ертеден үй салу дәстүрін-
де қолданылған. Қазақстан тұрғындары үшін
шеңбер үйлесімді кеңістікті білдіреді. Жалғыз
жолаушы далада түнегенде шеңбер сызатын
болған. Киіз үй де жерге шеңбер сызудан
басталған. Киіз үйдің ең негізгі конструкциясы
– шеңбер пішіндес шаңырак. Архитекторлар
ұлттық баспананың осы бір элементін ғимарат-
тың ішіне жарық өткізіп тұратын, саңылаула-
ры мен шамдары бар цилиндр түрінде жеткізе
алған. Ал, аспан мен ғимараттың ішкі әлеміне
бойлап тұрған мембрана алып шаңырақты бей-
нелейді – киіз үйдің шаңырағы ілінетін алты
уықтың орнына мұнда үш тіреу – сатылар
қойылған. Нәтижесінде конструкция ғимарат-
тың орталық кеңістігі - басты атриум шуаққа
толатындай етіп жобаланған. Вестибюльде
тұрған адам үлкен, жарық, қазіргі заманғы
киіз үйде тұрғандай әсерде болады. Ұлттық
нақыш астыңғы үш қабатта да көрініс тапқан.
Көшпелілер тұрмысында әр заттың өз сандық-
шасы немесе киізден жасалған қорабы болған.
Мұнда да осындай принцип қолданылған –
сарайдың негізгі функциялары – спорттық,
тамашалау, әкімшілік және тағы басқалары
футлярларға мұқият салынып қойылғандай.
Орын-жайлардың бірінде театр, келесісінде
– бассейн, үшіншісінде – музей сандықтарға
салынғандай орналастырылған. Бірегей қасбет
ғимаратқа ерекше ұлттық бояу беріп тұр.
Айтпақшы, осы тұста қызық жағдай бол-
ды. Әу баста қасбет архитектуралық бетоннан
жасалады деп ұйғарылған болатын, алайда,
құрылыстың алғашқы кезеңінде-ақ құрылыс
мерзімінің қысқалығына байланысты мұндай
қасбетті тез жасау мүмкін еместігі түсінікті
болды. Мұның шешімін іздей бастағанымызда
Александр Якубович Белович қасбетті қосқа-
батты шыныдан жасау туралы идеяны ұсын-
ды. Бізге бұл қызықты болып көрінді де оны
бірауыздан қабылдадық. Материал мөлдір әрі
сурет те айқын көрінетіндей болуы тиіс еді,
сондықтан, үлгінің бірнеше нұсқасы жасалды.
Ақыры ашық жасыл түсті шыныны таңдап ал-
дық. Оған пиксельді тәсілмен ұлттық оюдың
он төрт түрінен ақ түсті сурет салдық. Осының
арқасында архитекторлар жеңілдік пен нәзік-
тікке қол жеткізе алды.
Қараңғы түсіп, көмескі жарық жанған кез-
де Сарайдың ішінен шұғыла шашылғандай
көрініс пайда болады. Бұл көрініске мәңгі қа-
рап отыра бергің келеді. Астаналықтар тіпті
оған сәулелі сарай деп айдар тағып та үлгерді.
Осылайша бастапқыда ойлағанымызды аздап
өзгерте отырып біз анағұрлым әдемі де тар-
тымды дүниеге қол жеткіздік.
архитекторлар ғимаратты қазіргі за-
манға сай ете отырып қайталанбас ұлттық
дәстүрлерімізді көрсете алған болып шықты
ғой! құрылыс кезінде қандай жаңа техноло-
гиялар пайдаланылды?
– Құрылыс барысында ең соңғы техноло-
гиялар қолданылды. Бұл әсіресе энергиямен
қамтамасыз етуге қатысты. Энергиямен қамта-
масыз етудің ауыртпалығының біраз бөлігі күн
батареялары мен жел генераторлары секілді
қайта қалпына келетін қуат көздеріне түсіріл-
ген. Сарайдың жылумен қамту жүйесінің біре-
гейлігі орталықтандырылған қалалық жүйемен
келетін жылу ғимаратты жылытудан басқа вен-
тиляцияны да атқаратын қазіргі заманғы жылу
насостарымен үйлесуінде.
Балалардың шығармашылқ Сарайы биыл
Kazakhstan Architecture Award байқауына қа-
тысып, «Үздік қоғамдық ғимарат» номинаци-
ясы бойынша бірінші орын алды. Бұған қоса,
архитекторлар мен конструкторлардың еңбегі
ресейдің архитектура саласындағы «Хрусталь-
ный Дедал» ұлттық сыйлығының Гран-приін
жеңіп алды.
оқушылардың шығарМашылық сарайы:
Мұнда Балалық арМандар орындалады!
6
BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015