Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет44/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126

98
2-қадам. Сабақ үстінде
Сыныпқа белгіленген уақытта келіңіз. Сабақ кезінде оқушылардың оқытуға реакциясын 
және  мұғалім  оқыту  үдерісінде  қандай  әдістерді  пайдаланатынын  бақылаңыз  және  жазып 
алып отырыңыз.
Мысалы, сізге сабақтың кіріспе бөлігінде мұғалім оқушыларға жауап беру кезінде оқығысы 
келетін  мәтіннің  маңызды  бөліктерін  белгілеу  үшін  жабыстырғышты  қалай  пайдалануға 
болатынын көрсететінін жазып алуға болады. Сіз топтық талқылау кезінде сыныпты аралап 
жүрген  уақытта  оқушылардың  кітаптарды  парақтай  отырып,  өздері  белгілеген  абзацтарын 
табу үшін жабыстырғышты қалай пайдаланғанын, кейіннен өзінің тұжырымдарын бекіту үшін 
ол үзіндіні топқа дауыстап оқитындығын байқайсыз. Бір оқушы өзі оқып жатқан романының 
басты кейіпкері ашыла бастағандығын айтады, өз тұжырымын дәлелдеу үшін кітаптан таңдап 
алған үзінділерін оқып береді. Басқа оқушы бас кейіпкер туралы айтылған осы тұжырыммен 
келіспегенде, топ оның идеясын мәтінмен дәлелдеуін сұрайды. Ол өзінің белгілерінің біреуін 
ашып, үзіндіні оқиды.
Сіз  естігендеріңізді  жазып  аласыз.  Бұл  ақпарат  «Бақылаудан  кейін»  кезеңінде  кездесу 
барысында пайдаланылады. Сіз бұл мұғалімнің оқытуы туралы пікіріңізді осы тұрғыдан жаза 
аласыз.
3-қадам. Бақылаудан кейін
Сабақтан соң Сіз сабақ барысында жиналған деректерді пайдалана отырып, кері байланыс 
орнатасыз.  Мәселен,  9-кестені  қарап,  мұғалім  өзінің  мақсатына  жеткен-жетпегендігін 
шешіңіздер.
9-кесте. Бақылаушының жазбалары
Оқу стратегиялары
Оқушылардың реакциялары
Кері байланыс/Сұрақтар
Мұғалім  мәтіннің  маңызды 
бөлімдерін белгілеп отыру үшін 
жабыстырғыштарды  пайдалану 
әдісін көрсетеді.
Мұғалім мәтіндік 
дәлелдемелердің маңыздылығы 
туралы әңгімелейді.
Мәтінді талқылау үдерісінде 
12 оқушы жабыстырғышты 
пайдаланады.
Оқушылар тыңдайды және 
тақтада жазылғандарды жазып 
отырады.
Оқушылар мәтіннің қандай 
бөлімдерін белгілеп алады?
Кейбір оқушылар бұл әдісті неге 
пайдаланбайды?
Мәтіндік дәлелдемелердің 
неліктен маңызды екендігі 
жөнінде оқушылардың 
пікірлерін біліңіз.
Оқушылардың  жұмысын  бақылау  кезінде  Сіз  мәтіндік  дәлелдемелерді  пайдаланса  да, 
кейбір оқушылар мәтіннің өз тұжырымдарының дұрыстығын жеткілікті түрде дәлелдемейтін 
жолдарын  келтіретінін  аңғарасыз.  10-кестеде  кезекті  әңгімені  жеңілдету  үшін  пайдалануға 
болатын үлгі көрсетілген. Сол жақтағы бөлімде сіз сабақтың мақсатына қатысты тармақтарды 
жазып шығасыз.
Оң жақтағы бөлімде тәлімгермен талқылайтын келесі қадамдарды сипаттайсыз. Бұл нысан 
сізге  оқушылар  жұмыстарын  қарау  арқылы  алға  ілгерілеудің  қалай  жүргенін  қадағалауға 
мүмкіндік береді.
10-кесте. Кері байланыс ұсыну және кейінгі әрекеттер жоспары
Қадағалаушының ескертпелері
Келесі қадамдар
Оқушылар талқылау кезінде жабыстырғыштарды 
пайдаланды.
Кейбір оқушылар өз тұжырымдарын 
дәлелдемейтін үзінділерді оқыды.
Шағын сабақ: жақсы мәтіндік дәлелдемелер 
қандай болуы керек?
Дәлелдемелер деңгейінің жүйесін жасау. 
жабыстырғыштарды пайдалану арқылы 
мәтінмен жұмыс істеу стратегиясын пайдалануды 
жалғастыру.


99
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Egan, G. (1998). The Skilled Helper. A Problem Management Approach to Helping (6th ed.) [Білікті 
көмекші. Көмек көрсету үшін проблемаларды басқару тәсілі (6-басылымы)]. Brooks Cole.
Garrett-Harris, R., & Garvey, R. (2005). Towards a Framework for Mentoring in the NHS [NHS 
тәлімгерлік жүйесін құру]. Evaluation Report on Behalf of NHS. Sheffield Hallam University.
Oxley, J., Fleming, B., Golding, L., et al. (2003). Mentoring for Doctors: Enhancing the Benefit 
[Дәрігерлер үшін тәлімгерлік: пайданың артуы]. A Working Paper on behalf of the Doctors’ 
Forum (http://www.academicmedicine.ac.uk/uploads/Mentor1.pdf). 
Rodgers, J. (2004). Coaching Skills: A Handbook [Коучинг дағдылары: нұсқаулық]. Open University 
Press.
МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖәНЕ КәСІБИ 
ҚОҒАМДАСТЫҚ ОйЛАУ ЖОЛДАРЫ 
Мақалалардың толық нұсқасын www.cpm.kz сайтынан алуға болады
Кәсіби қоғамдастық дегеніміз не және оның маңызы
Колин Коннор,
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі
Заманауи  қоғамның  тіршілігінде  қоғамдастықтың  маңызы  күннен  күнге  артып  отыр. 
Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде 
маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға 
кедергі  келтіретінін  мойындап  отыр.  Сондықтан  мектептер  арасындағы  ынтымақтастық, 
мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің 
«Білім алушылар қоғамдастығына» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. 
Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы  колледжі  (англия)  үшін  2004  жылы  жасалған  құжатта 
«білім  алушылар  қоғамдастығына»  мынадай  анықтама  берілген:  «Оқушылар  жоғары 
нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу 
үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және 
мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».
Үздіксіз  оқытуды  дамытуда  «қоғамдастық»  ұғымы  аса  маңызды  болып  отырғаны 
байқалады.  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  ХХ  ғасырдың  басындағы  білім  беру  саласы  оқыту 
линиялық, бірізді, жалпылама, механикалық үдеріс болып табылады деген идеяға негізделген. 
Бұл қандай оқыту тәсілдері қолданылатынына ықпал етті. Нәтижесінде білім беру мекемелері 
иерархиялық, ұйымдық құрылымдарға айналды. Оқыту құрылымдар мен бөлімшелер аясында 
ұйымдастырылды.  Білім  басқарылатын  бөліктер  мен  тәртіптерге  бөлінді.  Бағалау  санмен 
өлшенетін болды.
Оқытудың  әдіс-тәсілдері  құны  тұрарлық  жалғыз  білім  деп  есептелетін  фактілер  мен 
ақпаратты қабылдауға ықпал етті. Чапман және аспиннің (2004) пайымдауынша:
«Олардың ертеде оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандырғанына қарамастан, адамның 
ойлау қабілетіне қатысты осындай болжамдар, оқытудағы бұндай тәсілдер мен білім беруді 
ұйымдастырудың осындай модельдері экономикалық және әлеуметтік ортаның өзгеріп отырған 
жағдайларына,  танымдық  саланың  ахуалына  және  ХХІ  ғасырдың  зияткерлік  талаптарына 
дайындалып жатқан оқушылар үшін жеткіліксіз деп саналады. 
Бүгінгі  күні  оқыту  сипатына  жаңаша  қарап,  оқушылар  өздерінің  тану  ерекшеліктеріне 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау