96
28-сурет. Іс-әрекеттегі зерттеу айналымы
Сабақты зерттеу тәсілі
Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші
жылдары жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты
зерттеу тәсілі Макота Йошида америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің
таныстырылымын жасағаннан кейін, жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал
бола бастады. аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу
аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік
Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді
алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу
мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал
ретінде белсенді енгізіліп жатыр. рефлексиялау тәжірибесі Сабақты зерттеу нысандарының бірі
болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Сабақты зерттеу тәсілін енгізу жөніндегі
қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы
керек. Нақты айтқанда, Сабақты зерттеу мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін
дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады және де
іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар
циклдерді қамтиды. Сабақты зерттеу тәсілінде ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты
зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу
сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында
оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Сабақты зерттеу тәсілінің түйінді сипаты креативтілік
және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу
мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік
жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып
табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен
білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда
бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін
басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін
белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол