26
кәсіподақтар мен халықтың түрлі топтарының мүдделерін қорғайтын басқа да ұйымдар;
бұқаралық коммуникация құралдары;
аймақаралық бірлестіктер;
түрлі меншік формасындағы және ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы
шаруашылық субъектілері (мысалы, мердігерлер, ұлттық компаниялар);
қаржылық ұйымдар;
мемлекеттік органның ведомстволық ұйымдары.
Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сыртқы ортамен қарым-
қатынастарын жүйелеп көрсетейік.
Билік органдарының сыртқы ортадағы қарым-қатынасының жіктемесі
№
Жіктеу белгідері
Қарым-қатынас типтері
1
Қарым-қатынастың бағытталуы бойынша
жүйеішілік;
публикалық (қоғамдық)
2
Билік өкілеттігінің қалыптасу көздері бойынша дәстүрлі;
харизматикалық;
ұтымды-легалдық
3
Өзара әрекеттесу сипаты бойынша
субординациялық;
үйлестірушілік
(координациялық)
4
Өзара әрекеттесу пәні бойынша
экономикалық;
ақпараттық;
қаржылық;
ұйымдастырушылық, т.б.
5
Функционалдық бағытталуы бойынша
жоспарлау;
болжау;
мотивациялау;
ұйымдастыру;
бақылау
т.б.
барысындағы
қарым-қатынастар
6
Әлеуметтік салдардың ауқымы бойынша
саяси;
әкімшілік
Жүйеішілік қарым-қатынастар түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар, сонымен
қатар мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы қарым-
қатынастар;
Публикалық (қоғамдық) қарым-қатынастар - қоғаммен, саяси партиялармен, бизнес-
қауымдастықпен болатын қатынастар;
Дәстүрлі билік қатынастары тұрақты корпортативтік дәстүрлері бар ұйымдарда
қалыптасады.
Харизматикалық қарым-қатынастар жетекшінің беделіне, оның тұлғалық
қасиеттеріне, қарамағындағылардың жетекшіге сөзсіз сенім білдіруіне негізделеді.
Ұтымды-легалдық типтегі басқарушылық қарым-қатынастар бекітілген құқықтық
нормалардың негізінде жүзеге асады. Қарым-қатынастың бұл типі құқықтық сананың
жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл типтегі қарым-қатынастың негізгі белгілері:
басқару нормалары мен стандарттарына сүйену;
қызмет мансабының объективті факторлармен (құзыреттілік, кәсібилік, еңбек өтілі,
білімі) байланысты болуы;
әкімшілік құрылым мен лауазымдық иерархияның қызметті регламенттеу және
мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу принциптеріне негізделуі;
нормалар мен регламенттердің ғылыми, ұтымды негізделуі;
еңбекақының штаттық кесте мен әкімшілік иерархия деңгейіне сәйкес белгіленуі.
27
Субординациялық қарым-қатынастар билік органы мен ведомстволық ұйымдар
арасында бекітіледі.
Үйлестірушілік (координациялық) қарым-қатынастар мемлекеттік және жергілікті
билік органдары мен шаруашылық субъектілерінің, саяси, діни, басқа да қоғамдық
бірлестіктердің, халықтың арасында болады.
Мемлекеттің функцияларын орындау барысындағы қарым-қатынастар:
Мемлекет сараптамалық функциясы – аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейін, оның инвестициялық потенциалын, мемлекеттік және муниципалдық меншіктің
жай-күйін, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын, олардың қажеттіліктері мен
қанағаттандырылу дәрежесін, мемлекеттік және муниципалдық басқару органдары
қызметінің қаржылық, кадрлық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін сипаттайтын
деректер базасының номенклатурасы мен құрылымын қалыптастыру. Мемлекеттік және
жергілікті билік органдары осы функцияны жүзеге асыру барысында бұл ақпараттарды
ұсынатын субъектілермен қарым-қатынас орнатады.
Мемлекеттің жоспарлық-болжау функциялары – аумақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуының болжамын, проблемалық ситуациялардың дамуының болжамдық сценариін
әзірлеу; қабылданатын шешімдердің тікелей, жанама, экономикалық, экологиялық, саяси,
әлеуметтік, мәдени салдарын болжау; әлеуметтік-экономикалық даму концепциясын,
жоспарын, бағдарламасын әзірлеуге, түрлі деңгейдегі мақсаттық бағдарламаларды әзірлеуге
қатысу, оларды бекітуге дайындау. Бұл жерде билік органы мен ведомстволық ұйымдар
арасында, билік органының өз ішінде, билік органы мен түрлі шаруашылық субъектілері
арасында өзара қарым-қатынас орнайды.
Мемлекеттің ұйымдастырушылық функциялары – жоғары тұрған органдардың
шешімдерінің, азаматтардың өтініштерінің т.б. құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;
аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының, мақсаттық бағдарламалардың
жүзеге асуын ұйымдастыру; билік органдары мен шаруашылық субъектілері, қоғамдық
ұйымдар, әлеуметтік сала ұйымдары арасындағы байланыс үшін жағдай құру. Бұл тұста
өзара қарым-қатынас билік органдарының ішінде жетекші мен орындаушы, бөлімшелер
арасында, мемлекеттік және жергілікті билік органдары мен түрлі шаруашылық субъектілері,
азаматтар арасында орнайды.
Мемлекеттің үйлестірушілік функцияларды жүзее асыру барысында шешімдер
жобасы келісіледі, ағымдағы кешенді міндеттерді шешу үшін бөлімдердің қызметі
үйлестіріледі, мемлекеттік және муниципалдық басқару процесінің барлық сатысының
біртұтастылығы қамтамасыз етіледі. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін билік органдарының
ішінде, билік органының жоғары тұрған билік органдарымен, атқарушылармен,
сарапшылармен қарым-қатынасы қалыптасады.
Әкімшілік бақылау қарым-қатынастары – монополиялық салаларға мемлекеттің
тікелей бақылау жүргізу, баға белгілеу, салық енгізу, стандарттар енгізу арқылы
монополиялық тауарлар нарығын реттеу, минималды өмір сүру нормативтерін анықтау және
ұстау, халықаралық қатынастағы ұлттық мүддені қорғау шаралары. Бұл функцияны жүзеге
асыру барысында қарым-қатынас бақылау субъектілері мен объектілері арасында,
нормативтік ақпаратты тасымалдаушылар арасында қалыптасады.
Мотивация барысында ведомостволық ұйымдардың тиімді қызметінің критерийлері
мен көрсеткіштерін әзірлеуге қатысады; ведомстволық ұйымдарға, жетекшінің ұжымға
қатысты мотивациялау жүйесін қолданады. Бұл жерде де қарым-қатынас мотивация
субъектілері мен объектілері арасында, нормативтік ақпаратты тасымалдаушылар арасында
қалыптасады.
Саяси қарым-қатынастар - саясат субъектілерінің билік пен басқаруға қатысты
өзара әрекеті. Саяси қарым-қатынастардың белсенді субъектілеріне саяси мемлекеттік
лауазымдағылар мен түрлі деңгейдегі сайланбалы жетекшілер, мемлекеттік қызметтегі
жауапты шенеуніктер жатады.