«Экология» курсы бойынша ыќшамдалѓан оќу баѓдарламасы



жүктеу 84,97 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі84,97 Kb.
#11652
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АРАЛАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

«ЭКОЛОГИЯ» пәні бойынша



Тақырыптың мазмұны


Тақырып бойынша еңбек шығыны, сағат

1

1-ші тақырып. Экология – организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін іргелі жаратылыстану пәні

Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғатты түрлендірудегі ғылымның орны. XVIIІ-XIX ғасырларда жаратылыстанудың ғылыми негіздерінің қалыптасуы. И.В.Гете мен Ж.Б.Ламарктың организмдердің эволюциясы туралы идеялары. А.Гумбольдт пен Ч.Дарвин – осы күнгі биогеография мен экологияның жол бастаушылары. Э.Геккельдің экологияны дербес ғылым саласы дәрежесіне көтеруі. Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер.



1-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

2

2-ші тақырып. Дара организмдер экологиясы – аутэкология

Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар, олардың классификациясы. Абиотикалық және биотикалық факторлар. Антропогендік факторлар – экологилық факторлардың айрықша тобы. Лимиттеуші (шектеуші) факторлар. Либихтың минимум ережесі. Шелфордтың толеранттық заңы. Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. Организмдердің индикаторлық мәні.



2-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 6 сағат, соның ішінде лекциялар -2 сағат

3

3-ші тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология

Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістіктік орналасуының негізгі формалары. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өсу жылдамдығы, өлім-жітімі. Тірі қалу қисық сызықтары, экспоненциалдық өсу, биотикалық потенциал. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. Популяция санының реттелуінің популяция ішіндік механизмдері. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.



3-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 6 сағат, соның ішінде лекциялар -2 сағат

4

4-ші тақырып. Қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы – синэкология


Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Көміртегінің, азоттың, фосфордың, оттегінің және судың айналымы. Биоценоздың трофикалық құрылымы. Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өткенде энергияның құнсыздануы, 10% ережесі. Экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің бастапқы және туындаушы өнімділігі. Организмдер арасындағы әсерлесу түрлері (типтері): бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, симбиоз, комменсализм, аменсализм. Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтау механизмдерінің бірі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. «Жыртқыш-жемтік» жүйесі, Вольтерра-Лотка теңдеулері. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

4-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 9 сағат, соның ішінде лекциялар -3 сағат

5

5-ші тақырып. Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары

Биосфера концепциясының қалыптасуы. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық (глобалдық) ролінің анықталуы, биосфераның тірі затының қызметі (функциялары). Антропогендік ықпалдың өте қуатты геологиялық және геохимиялық фактор ретінде танылу концепциясы. Адамның экологиялық жүйедегі орны. Қазіргі биосфера. Заттардың биосферадағы айналымы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Өндірістің өсуі және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.



5-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

6

6-шы тақырып. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану

Жердің табиғи ресурстары туралы түсінік. Литосфераның, гидросфераның және атмосфераның ресурстарына сипаттама. Табиғи ресурстардың классификациясы. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері.



6-шы тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

7

7-ші тақырып. Қазіргі заманның ғаламдық экологиялық проблемалары

Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Ғаламдық экологиялық проблемалар: климаттың өзгеруі, озон қабатының ыдырауы, қышқыл жаңбырлар, шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің улы химикаттарға төзімді формаларының пайда болуы. Атмосфераның, топырақтың, Әлемдік мұхиттың ғаламдық деңгейдегі ластануы. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері. Жағымсыз организмдермен күресудің биологиялық әдістері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.



7-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

8

8-ші тақырып. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары

Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Экологиялық іргелі «Минимум заңының» әлеуметтік экожүйеде көрініс беруі. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.



8-ші тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

9

9-шы тақырып. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары


Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортаны тұрақсыздандырушы факторлар және олардың салдарлары. Арал теңізі бассейнінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары, Арал аймағындағы экологиялық апатты жоюдың ықтимал жолдары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. Семей ядролық сынақ алаңы және ҚР территориясындағы өзге де полигондар. Ядролық сынақтарға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Минералдық шикі заттарды игеру және олардың экологиялық зардаптары. Қазақстанның батысындағы жаңа экологиялық шиеленіс аймақтары, Каспий маңы аймағы мен Каспий теңізінің экологиялық проблемалары.

9-шы тақырып бойынша еңбек шығыны - 3 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат

10

10-шы тақырып. Орнықты даму

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның орнықты дамуы. Орнықты қоғам моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері. Орнықты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Орнықты даму теориясының ғылыми негіздерін жасау жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметі. ҚР орнықты даму стратегиясы. ҚР Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.



Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық қорықтар. Биосфералық қорықтарды дамытудың Севилья стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.


10-шы тақырып бойынша еңбек шығыны - 6 сағат, соның ішінде лекциялар -1 сағат


ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ


  1. Áðîäñêèé À.Ê. Æàëïû ýêîëîãèÿíûң қûñқàøà êóðñû. Îқó құðàëû. Àëìàòû: Ғûëûì, 1997, қàç. àóä. Êөøêiìáàåâ Қ.Ñ.

  2. Ìàìáåòêàçèåâ Å., Ñûáàíáåêîâ Қ. Òàáèғàò қîðғàó. Îқó құðàëû. Àëìàòû: Êàéíàð, 1990.

  3. Æàìàëáåêîâ Å.Ү., Áiëäåáàåâà Ð.Ì. Æàëïû òîïûðàқòàíó æәíå òîïûðàқ ãåîãðàôèÿñû ìåí ýêîëîãèÿñû. Àëìàòû: Қàçàқ óíèâåðñèòåòi, 2000.

  4. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата: Ана тілі, 1991.

  5. Горелов А.А. Экология. Курс лекций. Москва: Центр, 1997.

жүктеу 84,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау