5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет16/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

32 

 

2)  компенсациялау әдісі. Бұл әдісте әр баламаның артықшылықтары мен кемшіліктері  



жазылады. Бірнеше баламаны қатар алып, олардың  ұқсас артықшылықтар мен кемшіліктері 

жұп-жұбымен сызылып тасталады. Ал қалған ерекшеліктеріне талдау жасалады.  

3)  адам-машина әдісі. Проблема туралы ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ЭЕМ  

қолданылады.  

 

Бұл  әдістер  жалпылама  алынған.  Олардың  құрамында  бізге  танымал  басқару 



щешімдерінің  әдістері  қамтылады.  Мысалы,  эксперименталдық,  аналогиялық  (бұрынғы 

тәжірибе ескерілетін), эксперттік, сценарий әдісі, «ми шабуылы» т.б. көптеген әдістер. 



Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Мақсаттың кешенділігі деген ұғымды қалай түсінесіз? 

2. Мақсатта үйлесімділіктің болуы не үшін қажет?  

3. Баламаларды қандай критерийлер бойынша салыстыруға болады? 

4. Баламаларды бағалаудың әдістеріне тоқталыңыз. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

2.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 

с. 

4.  Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 



2000. - 392 с. 

5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с. 

6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с


.

 

10. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. - М.: Гардарики, 



2000. - 296 с. 

11. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. - 2-е изд., 

перераб. и доп. - М.: Гардарика, 1998. - 296 с. 

 

8  тақырып. Басқару шешімдерін талдау 



 

Дәріс жоспары: 

1.Талдау және оның принциптері, әдістері, тәсілдері 

2.  Белсендіруші әдістер 

3. Эксперттік әдістер 

4. Эвристикалық әдістер 

5. Экономикалық талдаудың басқа әдістері 

 

1.  Таным процесі талдау, синетездеу, эксперимент, модельдеу секілді маңызды  

құралдарды  кеңінен  қолданады.  Бұл  жерде  белсенді  рольді  адамның  ойлау  қабілеттілігі 

атқарады.  Адам,  өз  табиғатында  жанды  аналитикалық-синтездеуші  аппарат  ретінде 

программаланған  деуге  болады.  Ойлау  шығармашылық  процесс  ретінде  ұғымдарды, 




33 

 

тұжырымдарды,  ой  түйіндерін  қамтиды.  Ойлау  және  талдау  заттың,  құбылыстың, 



көрсеткіштердің қасиеттерін біріктіріп, жалпылайды. Тұжырым жасау, түсінік беру арқылы 

қандай да идея мойындалады немесе жоққа шығарылады. 

Индукция (жекеден жалпыға өту арқылы тұжырым жасау), сонымен қатар дедукция  

(жалпыдан  жекеге  өту  арқылы  тұжырым  жасау)  тәсілдері  арқылы  белгілі  бір  қоыртынды 

жасалады. 

 

Талдау  –  зерттелетін  объектіні  бөліктерге,  элементтерге,  сол  объектінің  ішкі 

құраушыларына  бөлу.  Талдау  синтез  ұғымымыен  байланысты.  Синтез  –  осыған  дейін 

бөлшектелген  элементтерді  біріктіру.  Адамның  әрекет  ететін  барлық  сферада,  барлық 

ғылыми  салада  талдау  мен  синтезді  қолданбау  мүмкін  емес.  Әсіресе  талдау  мен  синтездің 

экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер 

эконмикалық  проблемалар  туындап,  және  олар  шешілмеген  жағдайда  бұл  қоғамның  өзге 

сферасына жағымсыз әсерін тигізеді.  

Талдаудың өзіне тән принциптері бар: 

1)  талдау мен синтездеудің біртұтастылық принципі. Бұл зерттелетін құбылыстар мен  

заттардың,  яғни  объектінің  қасиеттерін  терең  зерттеу  мақсатында  оларды  құрамдас 

бөліктерге  бөлу  кейіннен  біртұтас  етіп,  өзара  байланыстылықта,  өзара  тәуелділікте 

қарастырумен байланысты.; 

2)  негізгі звеноны бөліп алу, ажыратып алу принципі. Ьұл мақсат қойып, оған жету  

тәсілдерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Негізгі  звено  факторлық  талдау  мен  проблеманы 

қайта құрылымдау арқылы анықталады.; 

3)  салыстырмалықты қамтамасыз ету принципі. Көлемі, сапасы, мерзімі, ақпарат алу  

әдістері  бойынша,  талдау  объектісін  қолдану  шарттары  бойынша  талдау  нұсқаларын 

салыстыру; 

4)  жеделділік және уақытылық принципі. Бұл жекелеген процестерді ұтымды  

ұйымдастыру,  ақпараттық  қамтамасыз  етуді  кодтау,  автоматтандыру,  ақпарат  сапасы  мен 

талдау әдістерінінің сапасын арттыру арқылы орындалатын жұмыстың  уақытын қысқартуға 

бағытталған принцип; 

5)  сандық тұрғыдан айықындылық принципі. Бұл принцип келесілердің сандық  

көрінісін талап етеді. 

а) басқару шешімдерінің балама нұсқаларының салыстырмалығы мен оңтайлылығын 

қамтамасыз ету шарттары мен параметрлері; 

ә) менеджмент жүйесі компоненттерінің аасындағы байланыс; 

б) шешім қабылдаудағы айқынсыздық және тәуекел дәрежесі. 

Талдау әдістері: 

  салыстыру әдісі. Ұйымның жұмысын бағалауға, жоспарлық көрсеткіштерден  

ауытқуды  анықтауға,  олардың  себептерін  табуға  және  резервтерді  анықтауға  мүмкіндік 

береді. 


Талдау барысында жиі қолданылатын салыстырулар: 

  есептік көрсеткішті жоспарлық көрсеткішпен салыстыру; 

  жоспарлық көрсеткішті өткен кезең көрсеткіштерімен салыстыру, 

  есептік көрсеткіштерді алдыңғы кезең көрсеткіштерімен салыстыру; 

  күн сайынғы көрсеткіштерді салыстыру;  

  саладағы орташа көрсеткіштермен салыстыру; 

  басқа аналогиялық ұйымдардың көрсеткіштерімен салыстыру. 

  индекстік әдіс. Бұл әдіс жекелеген элементтерді өлшеу мүмкін болмайтын, күрделі  

құбылыстарды зертеу барысында қолданылады. 

  баланстық әдіс түрлі салыстырулар арқылы қорытындыларды теңестіруге  

бағытталады. 

  элиминациялау әдісі бір фактор әрекетінің басқа көрсеткіштерге ықыпалын анықтау  

үшін қолданылады. 

  графикалық әдісте ұйым қызметі, көрсетекіштер қатары диаграмма, хронологиялық  




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау