5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет15/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

30 

 

  ұжымдағы тұрақты бейресми қатынастардың болуы. 



Берілген  технология  үшін  ұйымдық  қатынастардың  сызықтық  басқару  құрылымы 

тиімді.  Тапсырманы  орындау  кәсібилігі  тапсырманы  орындаушының  біліктілігімен 

анықталады, ал басшының біліктілігі екінші рөлге ие. Технология мақсатқа жетуге кепілдік 

бермейді. 



Бағдарламалық-мақсаттық  технология    бойынша  тапсырмаларды  орындау 

құралдары, әдістері,  уақыты көрсетіледі, орындау үшін тапсырмалар (мақсаттар, міндеттер) 

беріледі. 

Тапсырманы  орындау  кәсібилігі  басшы  біліктілігімен  анықталады,  ал  орындаушы 

біліктілігі қосалқы рөлге ие. Бағдарламалық-мақсаттық технология, әдетте, мақсатқа жетуге 

кепілдік береді. 

Бағдарламалық-мақсаттық  технологияны  қолдану  келесі  негізгі  нәтижеге  алып  келуі 

мүмкін: 


  метамақсаттан аз ауытқулар орын алған жағдайда белгіленген мерзімде мақсатқа жету; 

  метамақсаттан айтарлықтай ауытқулар орын алған жағдайда белгіленген мерзімде  

мақсатқа жету; 

  белгіленген мерзімде мақсатқа тұрақты қол жеткізбеу. 

Берілген  технология  бойынша  басшы  басқару  мақсаттарын,  оларды  іске  асыру 

құралдарын,  әдістерін,  мерзімін  және  процестің  аралық  мәндерін  әзірлейді.  Егер  қандай  да 

бір белгіленген аралық мәнге (метамақсатқа) қол жеткізілмесе, онда оны орындауға қосымша 

ресурстар  беріледі,  егер  белгіленген  аралық  мән  жоспарланғаннан  асып  түссе,  онда 

ресурстар  бөлігі  басқа  қажеттіліктерге  ауыстырылады  және  мақсатқа  белгіленген  мерзімде 

қол жеткізіледі. 

Бағдарламалық-мақсаттық  технология  қазіргі  білімге,  экономикалық-математикалық 

әдістерге және ақпараттық технологияларға негізделеді. 

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары: 

  қызметкерлер штаты 1000-1500 адамнан аспауы керек; 

  тапсырманы беру және орындау уақытының арасының ұзақтығы 1 жылдан аспауы керек; 

  басқарушылық және өндірістік ресурстардың айқындығы және қол жетімділігі; 

  басқарушылық және өндірістік еңбектің нақты бөлінуі; 

  ұзақ уақыт  бойы сериялық және жаппай өнім  шығару; 

  типтік процедуралардың, жағдайлар мен шешімдердің көп болуы. 

Регламенттік  технология  бойынша  тапсырманы  орындаудың  әдістері,  уақыты, 

құралдары, олардың мүмкін шектеулері көрсетіледі, орындау үшін тапсырмалар (мақсаттар, 

міндеттер)  беріледі.  Бұл  технологияда  мақсатқа  жақындау  процесі  катаң  бақыланып 

отырады.  Тапсырманы  орындау  кәсібилігі  басшының,  тапсырма  берушінің  және 

орындаушының біліктілігімен анықталады. Бұл технология тапсырманы орындау процесінің 

оң өзгерісіне қатаң бақылау жүргізумен ерекшеленеді.  

Регламенттік технология келесі нәтижеге алып келуі мүмкін: 

  мақсатты орындау процесінде елеулі оң нәтижелерге қол жеткізу; 

  белгіленген уақыт бойы айтарлықтай маңызды оң нәтижелердің болмауы. 

Регламенттік  технология  бойынша  басшы  басқарудың  соңғы  мақсатын  анықтайды 

және әртүрлі ресурстардың (материалдық, адам, қаржылық және т.б.) шектеулігі жағдайында 

стратегия әзірлейді. Мұнда мақсатқа міндетті түрде қол жеткізіледі. Мақсатқа жетуге қатаң 

бақылау нәтижесінде ғана кепілдік беріледі. 

Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары: 

  мақсатты  орындауға  тартылған  орындаушылар  штаты  10  мың  адамнан  кем  болмауы 

керек; 


  мақсатты немесе оны құрайтын міндеттерді орындау уақыты нақты белгіленуі керек; 

  ресурстардың (қаржылық, технологиялық, шикізаттық және т.б.) шектеулігі; 

  әзірлемелердің инновациялық және ұзақ мерзімді сипаты; 

  мақсатқа жетудің болжамды уақыты – 1 жылдан артық болуы керек. 




31 

 

Берілген  технология  статистикалық  әдістерге,  белгісіздік  жағдайында  шешімдерді 



әзірлеу  теориясына  негізделген.  Бұл  технология  бойынша  басқарудың  құрылымдары 

сызықтық-функционалдық, өнімдік және тұтынушыға бағдарланған  болып табылады.  

3.  Мақсатқа қол жеткізудің баламалары – бұл іс-әрекет нұсқаларының сипаттамасы. 

Мақсатқа қол жеткізу барысында түрлі баламаларды салыстыруға тура келеді. Баламаларды 

салыстыру үшін олар белгілі бір жүйге келтіріліп, реттелуі тиіс. 

Баламаларды реттеу  келесі факторларға сүйене отырып жүргізіледі: 

-  уақыт; 

-  объектінің сапасы; 

-  өндіріс ауқымы; 

-  инфляция; 

-  өндірістегі объектінің игерілу дәрежесі; 

-  басқару шешімін қабылдау үшін ақпарат алу әдісі; 

-  объектіні пайдалану жағдайы;  

-  тәуекел мен айқынсыздық.  

Балама нұсқалар келесі қасиеттерге ие: 

  баламалардың салыстырмалығы; 

  баламалардың өзара орын басуы; 

  баламалардың толыққандылығы.  



Баламалардың салыстырмалығын қамтамасыз ету үшін келесі шарттар орындалуы тиіс: 

-  балама нұсқалар саны кемінде үшеу болуы тиіс; 

-  балама нұсқаларды қалыптастыру басқару шешімдерінің жоғары сапасы мен  

тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс; 

-  уақытты үнемдеу, шешім сапасын арттыру, шығынды азайту мақсатында басқару  

шешімдерін  ақпараттық  қамтамасыз  етудің  заманауи  техникалық  құралдарын  кеңінен 

қолдану керек; 

-  баламалар бойынша ақпарат алу әдістері бір типті болуы тиіс. Егер бір нұсқа бойынша  

экстраполяция,  екінші  нұсқа  бойынша  эксперттік  әдіс,  ал  үшіншісі  бойынша  параметрлік 

әдіс қолданылса, бұл нұсқалар өзара салыстыруға келмейді.  



Баламалардың өзара орын басуы , яғни бір мезгілде екі баламаны жүзеге асыру  

мүмкін емес. 



Баламаның толыққандығы, бұл ақпараттарды жинаумен, өңдеумен және олардың  

жеткілікті болуымен байланысты.  



4.  Балама нұсқаларды бағалауда көптеген әдістерді қолдану барысында бірқатар  

проблемалар  туындайды.  Мәселен,  жекелеген  критерийлер  бойынша  баламаны  қалай 

бағалауға  болады,  осы  бағаларды  қалай  біріктіріп,  олардан  ортақ  баға  шығаруға  болады, 

т.с.с. 


Шешім қабылдаудың дәстүрлі әдістерін жүргізуге, әдетте, шешім қабылдаушы тұлға,  

сарапшы  және  консультант  қатысады.  Консультанттар  критерийлер  тізімін  әзірлейді 

(әдетте,  басқару  шешімін  қабылдаушы  тұлғамен  бірлесе  отырып).  Әр  критерий  бойынша 

баламалар  сапасын  қалай  өлшеуге  болатыны  анықталады,  яғни  өлшеу  шкаласы  құрылады. 

Әдетте, баллдық шкала құрылады.  

Сарапшылар  баламаларды  әр  критерий  бойынша  шкалаға  сәйкес  бағалайды.  Егер 

бірнеше  сарапшы  болса,  олардың  бағалары  біріктіріледі.  Әр  критерий  бойынша  баға 

алынғаннан  кейін  баламалардың  құндылығының  жалпы  бағасы  анықталады.  Бұл  кезде, 

көбінесе,  формулалар  қолданылады.  Көп  баламалар  мен  критерийлер  болса,    ЭЕМ 

қолданылуы мүм кін. ЭЕМ-на формула енгізіледі.  

Баламаларды көп критерийлі бағалау әдістері: 

1)  тікелей әдістер. Баламаның жалпы пайдалылығының жеке критерийлер бойынша  

бағасынан тәуелділігі алдын-ала белгілі болады. Мыс.,  «шешімдер ағашы» әдісі. Бұл әдісте 

балама  нұсқаның  жүзеге  асу  ықтималдығы  есептеледі  және  ол  нұсқаның  ақшалай  түрдегі 

құндылығына көбейтіледі;  



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау