Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет48/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66

107
 
 
«Шығармашылық  –  ғылым  –  ғылыми  зерттеулер»  дәріс  семинары 
мұғалімнің ғылыми басқарудағы шығармашылық әлеуетін дамытады.  
2.  Оқу  жоспарынан  тыс  практика  (эксперимент  тұрғысынан) 
оқушылардың  мектептегі  оқудан  тыс  үйірме  сағаттары  есебінен  өткізілді.  Оқу 
жоспарынан тыс практиканың мақсаты – болашақ педагогтардың оқушылармен 
өзара әрекеттестікке түскенде басқарушылық дағдыларын дамытуға ықпал ету. 
Оқу  жоспарынан  тыс  практика  аптасына  бір  рет  2  сағат  барлығы  32  сағат 
көлемінде  жүргізілді.  Сағат  екі  бөлімнен  тұрды,  бірінші  бөлім  –  жобалық  іс-
әрекет  сабақ  өткізіледі.    Екінші  бөлім  –  оқушылармен  оларды  қызықтыратын 
тақырыптарында  әңгімелесу,  біргелікте  серуендеу,  мұражайға,  театрға, 
концерттік  бағдарламаларға  бару,  оның  нәтижелерін  талдау,  ой  бөлісу, 
қорытындылау, эссе жаздыру және т.б. Осы сабақтар арқылы олардың сабақты, 
сынып ұжымын, оқушы тұлғасының дамуын  басқару тиімді болады.  
Экспериментке  «5В011000  –  Физика»,  «5В011700  –  Қазақ  тілі  және 
әдебиеті»мамандықтарындағы  студенттер  қатысқандықтан  олардың  мектепте 
оқушылармен  жүргізілген  жобалық  іс-әрекет  сабақтары,  физика  саласынан 
жобалық іс-әрекет, қазақ тілінен жобалық іс-әрекет, қазақ әдебиетінен жобалық 
іс-әрекет  болып  үш  топқа  бөліп  оқытылды.  Оқушылар  сабақты  меңгеру 
нәтижесінде  «Латын  әліпбиін  үйрену  ерекшеліктері»,  «Әдепті  сөздер  әлемі», 
«Шешендер  шешкен  даулы  мәселелер»,  «Түркі  ғұлама  ойшылдары 
еңбектеріндегі  басқару  туралы  ой-пікірлер»,  «Күн  энергиясын  пайдалану», 
«Баламалы  энергия  көздерін  алу  жолдары»,  «Робототехниканың  даму 
перспективалары» және т.б. тақырыптар бойынша жобалар қорғады.   
Болашақ  педагогтардың  оқу  жоспарынан  тыс    педагогикалық  практикасы 
төрт  кезеңнен  тұрды:  1)  практикаға  даярлық  (кеңес,  жеке  жұмыс  жоспары, 
күнделік,  сабақ  және  тәрбие  жұмысының  сценарийлері  және  т.б.);  2)  білім 
алушылардың  практика  алдын  ала  қорғауы  (есеп);  3)  Білім  алушылардың 
практика қорғауы (есеп); 4) практиканың қорытынды конференциясы (баяндама) 
және негізгі әдістемелік принциптері өзін-өзі бақылау, өзара бақылау жеке кеңес 
алу, түзету болып табылады.  
3.  Педагог-менеджер  үйірмесінің  жұмыстары  сабақтан  тыс  уақытта 
жүргізілетін  университетте  және  мектепте  өткізілетін  тәрбие  іс-шараларын 
(бұқаралық  мәдени  шаралар,  демалыс  күнін  тиімділікпен  өткізу,  спорттық 
жарыстар, байқаулар және т.б.) ұйымдастыру және өткізуден тұрады.  Мектеп 
оқушыларымен бірлестікте бір тәрбие іс-шарасын  ұйымдастыру осы үйірменің 
қорытынды  кезеңі  болып  табылады.  Оны  ұйымдастыру  мен  өткізу  сценарийі 
үйірме  сағатында  талданады.  Тәрбиелік  іс-шара  сценарийі    мақсат  қою, 
жоспарлау,  мазмұны,  формасы,  құралдары,  күтілетін  қауіптер,  күтілетін 
нәтижелер,  талдау,  бағалау,  түзету  және  т.б.  құрамдас  бөліктерден  тұрады.  
Осы  дағдыларды  игеру  нәтижесінде  болашақ  педагогтардың  басқарушылық 
тәжірибені  молайту  стратегиясы,    көшбасшылық  әлеуетін  ашу,  оқушылармен 
өзара субъектілік әрекеттесуде диалогке даярлықтары, ұйымдастыру қабілеттері 
артса, оны өткізу барысындағы процедураларда әртүрлі жағдаяттық мәселелерді 
шешу  барысында  эмпатиясы  мен  толеранттығы  дами  түседі.  Осы  бағытта 


108
 
 
экспериментке  қатысқан  студенттер  оқушылармен  біргелікте  рухани  жаңғыру 
бағыты аясында «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кеш, «Қазақстанның 
негізгі  ұстанымы  –  толереанттылық»  тақырыбында  диспуттық  бағдарлама, 
«Қазақстанның  болашағы»  тақырыбында  оппозициялық  пікір-талас  және  т.б. 
өткізсе,  «Ұстазым  ұлылығыңды  пір  тұтам»  атты  концерттік  бағдарлама, 
«Интеллектуалды сайыс олимпиадасы», «Көшбасшылар сайысы», «Қайырымды 
жанмын»  атты  қайырымдылық  акциясы  сияқты  іс-шаралар  өткізді.Осы 
жоғарыда  көрсетілген  пән  мазмұнына  қосымшалар  мен  педагог-менеджер 
үйірмесінің жұмыстарын жүргізуде интербелсенді әдістерін қолданған жөн. Осы 
тұрғыдан  біз  диссертациялық  жұмыста  жоғарыда  көрсетілген  бағдарламалар 
мазмұнын  оқыту барысында қолданған әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіргенді 
жөн санадық. Бұл  туралы автордың өзінің жарық көрген  еңбегінде де айтылады  
[197]. 
Алдымен  аталған  қосымшалар  мазмұнын  студенттерге  меңгертудегі   
сабақтардың  өзара  байланыстағы  белгілі  бір  кезеңдік  құрылымнан 
тұратындығына мән бердік.  
Бірінші  –  басқару  құзыреттілігінің  мазмұны  мен  құрылымы  туралы 
жеткілікті деңгейде толық ақпарат беру қажет. Студент дәрістер, практикалық 
жаттығулардың  көмегімен  және  өзінің  қабілетіне,  ұмтылысына,  өзін-өзі 
дамытудағы  белсенділігіне  байланысты  не  нәрсе  үйрене  алатындығын  түсінуі 
маңызды. 
Екінші–практикалық әрекеттер кезеңі. Бұл – тиісті әрекетке сәйкес білудің, 
үйренудің нәтижесі және оны иеленетін адамның әрекеті. 
Үшінші–жалпы  және  типтік  дағдыларды  түсіну,  практикалық  әрекеттерді 
егжей-тегжейлі  талдау  кезеңі.  Бұл  дәрістер  мен  практикалық  жаттығулардың 
ауысуына  ықпал  етеді.  Осылайша,  теориялық  білімдерді  практикалық 
әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік пайда болады. Өзара ауысу кезеңі өзін-
өзі көрсету және өзін-өзі дамыту тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл 
– маманның жалпы кәсіби даму процесінің құрамдас бөлігі. 
Басқару  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту  практикалық  сабақтарда 
өтеді.  Кәсіби  дағдыларды  дамытудағы  технологиялық  көзқарас  бастапқы 
мақсатқа (мақсаттарға, қағидаттарға, мазмұнға, бағалауға) негізделіп, объективті 
технологиялық атрибуттарға (субъект, әдіс, құрал, тиімділік шарттары) сүйеніп, 
оны процесс ретінде құруға бағытталған.Басқарушылық құзыреттілікті дамыту 
процесі  біз  қол  жеткізген  нәтижелердің  реті  ретінде  анықталады.  Ол  бірнеше 
кезеңде өтеді (кесте 14). 
Болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін дамытуды басқаруды 
айқындайтын  құралдар  мен  әдістер  айқындайды.  Практикалық  менеджменттің 
құралдары ретінде мыналар қолданылады: 
- іскерлік (басқару) ойындар әдісі; 
- кейс-стади әдісі;  
- менеджменттің практикалық мәселелерін шешу;  
- бақылау сынақтарының әдісі. 
 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау