76
Сонымен біздің көзқарасымызша, болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың
бірінші шарты – білім беру субъектілерінің
өзара әрекеттесуін формалармен, құралдармен қамтамасыздандыру. Біріншіден,
білім беру субъектілерінің өзара әрекеттесу оқу іс-әрекеті үлгісі мәнмәтінінде
орын алады.
Ол студенттерге мыналарды ұсынады:
- жасанды жағдайларда емес, нақты проблемалар бойынша жұмыс істеу;
- оқытушының берген білімін меңгеріп қана қоймай, нақты мәселелерді
талдауға, оларды шешуге және талқылауға қатысу арқылы үйрену;
- нақты жағдайлардың контексінде әртүрлі шешімдерді таңдау және
қабылдау үшін түрлі дерекқорлармен жұмыс жасау;
-
сыни тұрғыдан ойлауды үйрену және шешім қабылдауға
жауапкершілікпен қатысу.
Екіншіден, басқару құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігі
оқыту мен оқудың жаңа міндеттеріне сәйкес келетін және білім беру қарым-
қатынастарының коммуникациялық құрамдас бөлшегі ретінде ерекше маңызға
ие болған, студенттердің ұйымдастыруымен және басқару арасындағы қарым-
қатынастың әртүрлі қырларын анықтауға бағытталған гуманитарлық оқыту
әдістерін қолданумен тікелей байланысты аудиториядағы топтық жұмыс,
командалық жұмыс, қызметті жобалау қабілеті. Гуманитарлық технологиялар
заманауи қарым-қатынастың барлық артықшылықтарын біріктіре алады,
сонымен қатар олар қарым-қатынасын, ұстанымдарын, мамандықты және
қызметтің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, басқаруды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін жеке мағына береді. Біз зерттеуімізде кейс арқылы оқыту,
іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі арқылы оқытуды бөліп көрсетеміз.
Келесі шарт – оқытушы мен студенттің тиімді педагогикалық
қарым-
қатынас орнатуы. Бұл шарт педагогикалық үдерісте субъектіге-субъектілік
қатынастарды
орнатуды
болжайды,
тұтастай
алғанда
тараптардың
ұстанымдарының теңдігі, серіктеске құрмет пен сенім білдіреді.
Студенттің іс-әрекетін қолдауға бағытталған заманауи оқу үдерісін
ұйымдастыруда мұғалімнің бірнеше ұстанымы бөлінеді, оның бірі – кеңесші
ұстанымы. Кеңес беру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
- «сарапшы» нұсқауы (анықтама);
- кеңесші нұскауы (көмек);
- «менеджер» нұсқауы (проблеманы шешуге көмектесу және тікелей
қатысу).
Қазіргі заманғы оқу үдерісін ұйымдастыруда кеңес берудің келесі түрлерін
айқындауға болады:
- диалог тәртібінде жеке-дара
кеңес беру;
- топтық талқылау тәртібінде («пікірталас клубы») кеңес беру тікелей
көрсетілген нысан, көрсетілген мәселе бойынша жүргізіледі;
- өзара әрекеттесу шарттарына бейімделген тікелей қарым-қатынас
тәртібінде топтық жұмыс түріндегі тренингтік оқыту.
77
Педагогтың жетекші оқытушылық ұстанымы кәсіби қызметті қолдау
ретінде түсіндіріледі.Мәселен, біріншіден, ресми бақылау және бағалауды
қоспағанда, тәжірибелі маман-мұғалім тарапынан кәсіби кеңес беру және
қолдау; екіншіден, мүдделі тараптар үшін психологиялық тұрғыдан қолайлы
жағдай жасау тәсілі; үшіншіден, кәсіби қателерді түзету. Анықтамадан көріп
отырғанымыздай, мұғалімнің бұл ұстанымы кәсіби қызметте жиірек
қолданылады. Біздің жағдайда мұғалімнің ұстанымы педагогикалық тәжірибеде
жүзеге асуы мүмкін.
Тағы бір ұстаным фасилитация – (ағылш. facilitate — себепші болу,
жеңілдету, көмектесу) – бір мезгілде ынталандыру және босату. Білім берудің
өзара әрекеттесу әдісінде оның барлық қатысушылары өзгелерді қабылдау үшін
өздерін ұстай алады: адамдарды және қабылдауды күтеді, өзара түсіністікке
ұмтылады, диалог арқылы өз позицияларын үйлестіреді. Мұғалім-фасилитатор
ашық, табиғи, оқушыларға сенімділікпен қарайды және проблемаларды олардың
көзімен көруге тырысады. Ол студенттердің мүдделерінің орындалуын басты
мақсат етіп қояды. Болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған оқу жоспары
студенттерге кәсіби қызметке – оқу орнының негізінде педагогикалық
тәжірибеге
«кіруге»
мүмкіндік
береді.
Педагогикалық
практика
ұйымдастырудың жаңа әдістерін ашып, оқыту тәжірибесінде болашақ
мұғалімдерге білім беру мен кәсіби іс-әрекет арасындағы айырмашылықты
көрсетеді. Осы сәтте студент мұғалімдермен және олардың көмегімен өзара
әрекеттесу қажет болатын проблемаларға тап болады. Студент оқытушымен
ынтымақтастықтың басқа
формаларын қажетсінеді, оларды іздейді [174].
Осыған байланысты болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру кеңістігі тұрғысынан педагогикалық практика үдерісінде
оқытушы-студент-мұғалім, оқу-кәсіби қоғамдастығын құрумаңызды шарт
ретінде анықтаймыз. Бұл біздің
зерттеуіміздегі үшінші педагогикалық шарт.
Педагогикалық практикада жаңа өзара үйлесімділік нысаны – білім берудің
және кәсіби өзара қарым-қатынастың жаңа жолдарын құру; серіктестердің
ұстанымдарын біріктіру. Осындай жалпы жағдайда «болашақ мұғалім
мазмұннан іс-әрекет шындығына көшеді; кәсіби қызметте өзінің субъективтілігі
болады, студентке жаңа кәсіби қызметтің объективтілігі анықталып, ол әлі
дайын болмаған дербес іс-әрекетке тап болады. Осы жағдайда оқытушы мен
студенттің өзара әрекеттесу «нақты міндеттерді» шешуге бағытталады».
Бірқатар психологтар қоғамдастықтың ортақ құндылықтар мен мағыналар
негізіндегі адамдардың бірлестігі екендігін атап өтіп, болашақ мұғалімдердің
білім беру және кәсіби іс-әрекет барысында студенттермен қоғамдастығы
олармен диалогке түсуге арналған құндылықтарын, басқарушылық қызметтегі
ұстанымдардың өзара әрекеттесуін дамытатынын негіздейді [175].
Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру – бұл өздігінен жүретін үдеріс
емес, оның барлық құрамдас бөліктерінің біртіндеп сапалы түрленуін қамтитын
кезеңдік, жоспарлы қозғалыс. Білім беру үдерісінің кезеңдері оқу жылына сәйкес
күнтізбелік сандармен және сандық жинақтармен емес, олардың сапалы