10
5 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды топтары мен сыныптар жал-
пы білім беретін орта мектептерде де ашылуда. Мұнда білім берудің
осы деңгейлерінің арасында сабақтастық қағидатын жүзеге асыруға,
олардың қызметін үйлестіруге жағдайлар жасалуда.
Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін
басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытуды
көздейтін бейіндік оқытуды енгізді [1]. Осы педагогикалық жүйе жəне
білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кəсіби
бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кəсіби білім бағдарламасын
игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімдік пара-
дигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзыреттіліктерін
қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау жəне
жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру, оқушылардың сапалы білімге
қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалпы орта жəне жоғары кəсіби білім
деңгейлерінің сабақтастық мақсаттарына қол жеткізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының əлемнің 50 бəсекеге қабілетті
елдерінің қатарына кіру міндеті 12 жылдық мектепке есептелген жал-
пы орта білімнің белгілі халықаралық стандарттарына бағдарлауды
негіздеді. Осыған байланысты елімізде балалар білімінің жаңа мерзімін
қамтамасыз ететін білім беруге ауысуға деген дайындығы белсенді
жүргізілуде. 12 жылдық білімнің құрылымдық-мазмұндық үлгісі,
қажетті нормативтік құжаттары əзірленген, бірқатар қазақстандық мек-
тептерде осы үлгіні енгізу бойынша эксперимент жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қатаң орталықтандырылған сипатқа ие болады деп
күтілетін орта білім берудің мониторингтік жүйесі əзірленуде. Осы
жүйеде ҚР Білім жəне ғылым министрлігі тұтынушыларға сапалы білім
беру қызметінің кепілгері рөлін атқарады. Қазақстан Республикасын-
дағы кəсіби білімнің барлық деңгейлеріне де түбегейлі өзгерістер тəн.
Орта кəсіби білімді мамандардың тапшылығы техникалық жəне кəсіби
білім беру үлгілерін жаңғыртуды талап етеді. ҚР-ның Білім жəне ғылым
министрі Республикалық педагогикалық форумдағы өз сөзінде, білім
берудің осы деңгейінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шара-
ларды айқындап, олардың қатарына бизнес-ассоциациялар өкілдерінің,
жұмыс берушілердің, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында
кадрларды даярлау бойынша 4 өңіраралық орталықтан жəне əлемдік
деңгейдегі колледждерден, салалық жəне өңірлік кеңестерден тұратын
«Кəсіпқор» Холдинг» АҚ-ның қатысуын, Ұлттық кеңестің құрылуын
атап өткен еді.
Бұл өзгерістер жоғары білім беру жүйесінде, құрылымында,
мазмұнында, білім беру технологияларында, жоғары оқу орындары
мəртебелерінің санатында орын алды. «Жоғары білімді реформалаудың
11
маңызды нəтижелерінің бірі болып табылатын əр типті жоғары оқу
орындарының желісі – университеттер, академиялар, институттар,
филиалдар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстанның жəне өзге
мемлекеттердің біріккен күштерімен құрылған жоғары оқу орындары,
сондай-ақ мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының желісін дамы-
ту» – деп көрсетілген [108, 18 б.].
Мұның бəрі, сөзсіз, білім берудегі қызмет нарығының дамуы-
на, бəсекелес ортаны құруға ықпал етеді. Нəтижесінде жоғары білім
жүйесінің ілгері қарыштап дамуын қамтамасыз етуге қабілетті сыни
көпшілік қалыптасады.
Сонымен, жоғары кəсіби білім реформаларының негізгі
бағдарының қатарына оны нарықтық экономикаға сəйкестендіру жəне
білім жүйесінің əлемдік білім беру кеңестігіне енуі жатады, яғни
ҚР-ның жоғары мектебі əлемде өтіп жатқан жаһандық өзгерістерден
тыс қала алмады. Мысалы, ΧΧΙ ғасыр үшін жоғары білім туралы
Дүниежүзілік декларацияда (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) [59, 91 б.]
«тарихы бірнеше жүзжылдықтан тұратын жоғары білім өзінің өмірге
икемділігін, өзгерістерге, қоғамдағы қайтадан жаңару мен өрлеуге де-
ген өзінің қабілеттілігін дəлелдеп көрсетті» делінген. Қайта жаңарудың
ауқымдылығы мен қарқыны зор болғандықтан, қоғам білімге негізделіп
отыр. Қазіргі таңда жоғары білім жəне ғылыми зерттеулер адамның,
қоғамдастықтар мен ұлттардың мəдени, əлеуметтік- экономикалық
жəне экологиялық тұрақты дамуының маңызды құраушылары ретінде
көрсетіледі. Сондықтан да жоғары білім алдында түбегейлі өзгерістер
мен жаңаруды талап ететін орасан зор міндеттер тұр, ... терең
дағдарысты басынан өткізіп жатқан біздің қоғамда, экономикалық
пайымдаудың шегінен шығып, адамгершілік пен имандылықтың аса
терең аспектілерін түсінуге мүмкіндігі болса», - делінген.
Білім берудің заманауи жүйесіне ұсынылатын талаптар
Қазақстанның Болон процесінің кеңестігіне кіруіне негіз болды. Бо-
лон декларациясының қағидаттарына сəйкес 2004 жылдан бері ҚР-ның
жоғары оқу орындарында жоғары жəне жоғары оқу орыннан кейінгі
білімнің көп деңгейлі құрылымы жүзеге асырылуда: бакалавриат – ма-
гистратура – докторантура (PhD).
Жоғары білімнің Еуропалық аумағына кіру елдің зияткерлік, мəде-
ни, əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық əлеуетінің қалыптасуын жəне
бекітілуін, əлемде қазақстандық білімнің беделінің артуын, студент-
тер мен оқытушылардың жəне басқалардың ұтқырлығын қамтамасыз
етуі тиіс. Еуропалық білім беру жүйесінің қызмет етуінің маңызды
ұйымдастырушы-құрауышы кредиттер болғандықтан, қазақстандық
жоғары оқу орындары да оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты. Осы
12
жүйе оқушы тұлғасы рөлінің артуын, ол үшін жеке білім траектория-
сын икемді құру мүмкіндігін қарастырады.
Білім беру жүйелерін жақындастыру жəне үйлестіру үрдісі ретінде
Болон процесі, сондай-ақ, еуропалық ынтымақтастыққа ықпал ету
қажеттілігіне жəне салыстырылатын межелер мен əдіснамаларды
əзірлеу мақсатымен білім сапасын қамтамасыз етуге əкеп соғады. Са-
пасын бақылаудан сапамен басқаруға ауысуға болады, бұл пайдаланы-
латын көрсеткіштер, рəсімдер, технологиялармен қатар, осы бағалау
субъектілерінің аясын кеңейтетін тармақталған жүйенің құрылуын
негіздейді. Білім сапасының мониторинг саласындағы халықаралық
ынтымақтастығын кеңейту тек жоғары кəсіби білім жүйесіне қатысты
болмай, сонымен бірге жалпы орта білімнің білім беру мекемелерін де
қамтыды, ең алдымен, оқушылардың нақты жетістіктері PISA, TIMSS
жəне басқа салыстырмалы зерттеулер арқылы анықталады.
Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жоғары білім жүйесін
реформалауына қатысуы, сөзсіз, əртүрлі сипатқа ие. Егер Азиаттық
даму банкі жəне Дүниежүзілік банкі сияқты ұйымдар Үкіметпен
бекітілген келісімдер аясында онымен үйлестірілген бағыттар бо-
йынша жұмыс істесе, басқа ұйымдар (Сорос-Қазақстан қоры, ЮСА-
ИД) өздерінің жеке бағдарламаларын жүзеге асырады. Еуропалық
Кеңес комиссиясы (ТАСИС, ТЕМПУС), Академиялық алмасулардың
неміс бағдарламасы (ДААД), Білім жəне тілдерді үйрену саласындағы
ынтымақтастық бойынша американдық кеңес (ACSELS), Халықаралық
алмасу бағдарламасы (IREX) жəне басқа ұйымдар Қазақстандағы білім
бағдарламаларының дамуын қаржыландырды [108, 18-19 б.]. Сонымен
қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындары шетел университеттерімен
оқу барысын жетілдіру бойынша, оның ішінде оқытудың, ғылыми-
зерттеу қызметінің жəне басқалардың кредиттік жүйесін əдістемелік
қамтамасыз етуін əзірлеу мақсатында жемісті байланыстарды орнатты.
Басқару үдерісін жаңғырту саласында білім жəне институционалдық
аккредиттеу сапа менеджментінің жоғары оқу орындары жүйелерін
сертификаттаумен ынтымақтастықта үдемелі жүргізілді.
Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен
өзара əрекеттесуінің маңыздылығын жəне санаттық дифференциация-
сын (оқушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілердің,
қоғам мен мемлекеттің)
нақты түсіну қажет. Бұл – жоғары оқу орындары
үшін маңызды. «Білім жүйесі инновациялық нарықтық экономиканың
сұраныстарына барабар ықпал ету қажеттілігінің алдында тұрған
жағдайларда, жоғары білім жүйесінің жұмыс берушілермен серіктестігі
жөніндегі мəселе ерекше мəнге ие болады. Қазіргі таңда серіктестік
қатынастары тиісінше жүйеге рəсімделмеген, тұрақталмаған. Түлек-
Достарыңызбен бөлісу: |