43
ғана жаңалық табу, өнер асыру, жақсыны таңдап алу, жаманды ысырып
тастау мүмкін болады.
Біздің педагогикалық өндірісіміз өмірі технологиялық логика бо-
йынша құрылып көрген емес, ол ылғи мораль үйретудің логикасымен
жүріп келеді. Бұл, əсіресе, жеке тəрбие саласында күшті байқалады, ал
мектеп жұмысында оңай болып келеді.
Бізде өндірістің барлық маңызды бөлімдерінің жоқ болаты-
ны да міне дəл содан. Мысалы: технология процесі, еңбек санағы,
конструкторлық жұмыс, кондукторларды, түрлі түсініктерді қолдану,
нормалау, бақылау, рұқсат қағаз, жарамсыздыққа шығару дегендерді
біз таза білмейміз.
Бірақ мен өзім ойлаған сайын тəрбие жұмысы мен кəдімгі
материалдық өндірістің арасында көп ұқсастық бар екенін ұға түстім,
бұл ұқсастықта ешқандай кісі шошырлық механистілік те жоқ екені
белгілі болды. Əрбір жеке адам баласы менің ұғуымда да ешбір
өзгермей, баяғы өзінің көп сырлы, көркем сипатында қала береді. Мен
өзім сол үшін, адаммен істес болғанда, бет алды көк езуге сала бер-
мей, неғұрлым дəлірек өлшеу қолданып, зор жауаптылық пен терең
ғылымға сүйене отырып іс қылу керек деп білемін. Өндіріс пен тəрбие
арасында өте терең ұқсастық болуы менің адам туралы пікірімді ешбір
төмендетпейді, қайта анағұрлым жоғарылата түседі, неге десеңіз, ең
арғысы жақсы деген машина да құрмет көрсетуге тұрады ғой.
Əр кезеңде адамды, адам құлқының бірсыпыра тетіктерін прес-
ке салып шығаруға, тіпті айта берсеңіз, стандарт əдісімен штам-
пылап шығаруға да болатыны маған көптен мəлім. Бірақ бұл үшін
штампылардың өздері де, өте шебер нақыспен істейтін болуға тиіс,
олардың жұмысына өте тақақтық, сақтық, дəлме-дəлділік керек. Ал
кейбір бөлшектер ондай емес, олар кəдімгі қолынан бал таматын, көзі
өткір, жетік маманның қолын керек қылады. Көптеген бөлшектерге
арнаулы жүйелі құралдар керек болады. Ол құралдардың өзіне де
көп тапқырлық, адамның ақыл күшін сарп етуге тура келеді. Барлық
осы айтылған тетіктердің, қала берді бүкіл тəрбие жұмысының дер-
бес өз ғылымы болуы керек. Маған бір ерсі көрінетін жері: біз жоғары
техникалық оқу орындарында материалдардың қарысуын зерттейміз,
ал педагогикалық оқу орындарында тəрбиедегі адамның қарысуын
зерттемейтініміз неден? Тəрбие жүзінде мұндай қарысу бар екені
жұрттың бəріне аян.
Онан соң бізде бақылау бөлімі неге жоқ? Ол болса, əртүрлі шалағай
педагогтарға көзге түртіп тұрып айтар еді:
– Қарақтарым, жұмыстарыңның тоқсан пайызы жарамсыз.
Сендердің бұл шығарып жатқандарың коммунист пікірлі адам емес,
44
өңкей сілімтіктер, маскүнемдер, жатып ішерлер, арамтамақтар. Қане
соның үшін мұның шығынын өз жалақыңыздан төлей қойыңыз, - дер
еді.
Бізде шикізат туралы ғылым неге жоқ? Одан не істеп шығару керек
екенін – я шырпы немесе аэроплан шығару керек екенін білетін адам
аз.
Макаренко А. С. Педагогическая поэма.
М.: Детская литература, 1986, 524-525 б.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Г. П. Щедровицкий, 30-60 жылдардың басқару тəжірибесін тал-
дай отырып, КСРО-да басқарушылардың дайындығына бағытталған
жоғары оқу орындарын құру себептерін түсіндіреді (1-ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛ). Сіздің пікіріңіз бойынша, заманауи білім беру
мекемелерінде, оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда болған қандай
өзгерістер педагогикалық менеджменттің ғылыми пəн ретінде пай-
да болуына жəне оның білім беру мекемелерін басқару бойынша
тəжірибелік қызметін енгізуіне себепші болды?
2. А. С. Макаренконың келтірілген дəйексөзінің негізінде (2-
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ) оның қай идеялары Фредерик У. Тейлордың
ғылыми басқару мектебінің жəне А. К. Гастевтің əлеуметтік инжене-
ризм идеяларына жақын екенін анықтаңыз?
3. Жаңашыл-педагогтардың мектеп, оқу-тəрбие үдерісін басқару
тəжірибесімен танысыңыз (Педагогический поиск / Құрастырушы.
И. Н. Баженова. М.: Педагогика, 1988. 544 б.). Ұсынылған ғылыми-
тəжірибелік педагогикалық инновацияларының бірін тандаңыз.
Оның негізінде басқарудың қандай тұжырымдамалары жатқанын
анықтаңыз.
4. Ф. Тейлор, А. Файоль, Э. Деминг, TQM тұжырымдамасы
қағидаттарының салыстырмалы талдауын жүргізіңіз. Жалпысын жəне
əртүрлілігін табыңыз.
5. Білім беру мекемесінде (мектепте, колледжде, ЖОО-да) осы
қағидаттарды жүзеге асырудың ерекшеліктерін қарастырыңыз.
1. 4. Менеджменттің негізгі функциялары
Жоғарыда көрсетілгендей менеджменттің функцияларын бөлгенде
əртүрлі авторлардың пікірлерінің едəуір үйлеспеушілігі байқалуда.
45
Əсіресе, осы мəселеде педагогикалық менеджмент саласындағы
жұмыстардың авторларының нұсқаулығы ерекше жоғары.
П. И. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектеппен басқару»
кітабында [104] басқарудың келесі функцияларын бөлді:
1. ақпараттық-талдау;
2. уəждеу-мақсаттық;
3. жоспарлы-болжамдық;
4. ұйымдастырушылық-атқарушы;
5. бақылау-диагностикалық;
6. реттеу-түзету.
Ол басқарудың функциялық буындары қызметінің салыстырмалы
дербес түрлері ретінде қарастырылса да, олардың барлығы өзара бай-
ланысты жəне бірыңғай басқарушы циклді құрай отырып, бірін-бірі
кезең-кезеңімен ауыстыратынын көрсетті.
Ақпараттық-талдау функция
үш деңгейдегі ақпарат ағысын
көздейді:
– əкімшілік-басқарушы (директор, оқу-тəрбие жөніндегі орынбаса-
ры, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс жөніндегі орынбасары,
əкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, диспетчер жəне
басқалары);
– ұжымдық-алқалық басқару деңгей (мектеп кеңесі, педкеңес,
əдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар);
– оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.
Ақпараттық-талдау қызметінің тиімді жүйесі П. И. Третьяковтың
пікірі бойынша, біріншіден, жүйелі болуға тиіс; оның құрылуы жəне
қызмет етуі кезінде мазмұнын, көлемін, дереккөздерін, ол кімге
арналғанын анықтау маңызды.
Уəждеу-мақсаттық функция
өзіне басқарудың бірінші кезеңі,
оның шығармашылық құрамдас бөлігі болатын мақсаттың таңдауын
енгізеді. Мақсаттар дереккөзі жəне пайда болу тəсілі бойынша адам-
мен немесе əлеуметтік жүйемен өздігінен қалыптасатын не ішкі, егер
сырттан берілсе, сыртқы болу мүмкін. Педагогикалық жүйелерде
сыртқы мақсаттар ең маңызды жəне жаһандық болады, өйткені
қоғаммен байланысты. Білім беру мекемесінің мақсаттық бағдарларын
анықтағанда «мақсат», «міндет», «мұрат» деген ұғымдарды саралау
қажет.
Уəждеу-мақсаттық функцияның негізгі міндеті келесідей:
«педагогикалық ұжымның барлық мүшелері оларға жүктелген
міндеттер мен жоспарға сəйкес, сондай-ақ жеке жəне ұжымдық
мақсаттарға жетуде қажеттіліктері бойынша жұмысты нақты атқаруға
тиіс. Мектеп менеджерлерінің басты міндеті – педагогикалық үдерістің
Достарыңызбен бөлісу: |