21
шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты белгілейді.
Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын
халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органмен және өңірлік комиссиямен келісу бойынша оқу орталығы
айқындайды.
63. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту
орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс
орнына жібереді.
64. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын
қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
көрсетілген адамдар оқуын толық аяқтағанға дейін жүзеге асыратын болады.
Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу
65. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы
жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан
асырмай жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда,
субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті
әлеуметтік
аударымдарды, пайдаланылмаған
еңбек
демалысы
үшін
өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар
практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет
қаражаты есебінен қоса қаржыландыруға жол беріледі.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға
қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа
орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға
қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері
экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды,
міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына
өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды,
бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша
жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.
66. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік
оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетінше не мемлекеттік
сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы
заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік
емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
22
67. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылар
үшін ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге оқыту шеберлік сыныптарын
ұйымдастырады.
Оқыту шебер сыныптары практикалық сабақтар қолданыла отырып
өткізіледі.
Оқыту шеберлік сыныптарын өткізу үшін практикалық жұмыс тәжірибесі
бар жоғары білікті мамандар, оның ішінде табысты жұмыс тәжірибесі бар
жоғары білікті шетелдік мамандар тартылады.
68. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік
қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын
ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа
орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын
көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
69. Іске асыру тетігі:
1) үміткерлер тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты
жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгінеді
және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды
оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
ұсынылған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттардың
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру
негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы
шешім қабылдайды және дерекқорда бар бос жұмыс орындарына не жұмыс
берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы
мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік
жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс
орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген
Бағдарламаға қатысушылар жұмыс берушілер мәлімдеген мамандықтар
бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі;
4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы
арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру
ұйымы мен жұмыс беруші де әлеуметтік келісімшарт тараптары болады.
Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу
туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның
қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру
арқылы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын растайды.