Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

28 

 

 



2)  мемлекеттік,  салалық  бағдарламалар  мен  аумақтарды  дамыту 

бағдарламалары,  сондай-ақ  жеке  сектор  бастамасы  шеңберінде  іске 

асырылатын  жобаларда  сұранысқа  ие  мамандықтар  бөлінісінде  ағымдағы  бос 

жұмыс  орындары  туралы  мәліметтерді  қамтитын  жалпыұлттық  дерекқорды 

(бұдан  әрі  –  жалпыұлттық  дерекқор)  қалыптастыру  және  дамыту  бойынша 

шаралар қабылданатын болады. 

Жалпыұлттық  дерекқор  нақты  кәсіпорындар  мен  мамандықтар 

бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындарын қамтитын болады. 

Ағымдағы  бос  жұмыс  орындары,  сұранысқа  ие  мамандықтар  туралы 

мәліметтерді  ұсыну  нысандарын  Бағдарлама  операторы  мүдделі  орталық 

мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді. 

Мемлекеттік, 

салалық 

бағдарламалар, 

аумақтарды 

дамыту 


бағдарламалары  шеңберіндегі  жобаларды  іске  асыруға  жауапты  жергілікті 

атқарушы  органдар  Бағдарлама  операторына  құрылыс  кезеңінде  және  оларды 

пайдалануға  бергеннен  кейін  құрылатын  жұмыс  орындарының  болжамды 

санын салалар, жобалар мен мамандықтар/лауазымдар бөлінісінде ұсынады. 

 

 

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар 

 

81.  Әлеуметтік  көмек  көрсету  жүйесін  жетілдіру  еңбек  белсенділігі  мен 



атаулы  әлеуметтік  көмек  (бұдан  әрі  –  АӘК)  көрсету  арасында  оңтайлы 

байланыс орнатуға бағытталған. 

Осы  мақсатта  шартты  әлеуметтік  көмекті  енгізу  көзделуде.  Ол  атаулы 

қолдаудың 

шартсыз 

нысанынан 

«өзара 

міндеттемелер» 



(отбасыны 

жандандырудың 

әлеуметтік 

келісімшарт 

жүйесі) 

қағидатына 

өтуді 

болжамдайды. 



Отбасын  жандандырудың  әлеуметтік  келісімшарты  еңбек  әлеуетін 

жандандыру және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың өзара 

міндеттемелерін,  әрекеттерін  көрсете  отырып,  әлеуметтік  және  кәсіптік 

бейімдеу  бойынша  қызметтер  көрсету  есебінен  отбасының  өмірлік  қиын 

жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады. 

Жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органдар  халықты 

жұмыспен  қамту  орталықтарымен  бірлесе  отырып,  азаматтардың  әлеуметтiк 

келiсiмшарттың  талаптарын  орындауына  бақылау  жүргiзедi  және  ұсынылған 

көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады. 

Құрамында еңбекке  жарамды жастағы мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк 

мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК 

«Мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына сәйкес берiлетiн болады. 

 

 



 


29 

 

 



Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру 

 

82. 



Бағдарламаның  іске  асырылуы  жоғарыдан  төмен  басқару 

құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, 

Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық 

(қалалық)  комиссиялар,  орталық  және  облыстық,  аудандық  және  ауылдық 

маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді. 

83. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды: 

республикалық деңгейде: 

1) ВАК; 


2) Бағдарлама операторы

облыстық  (астана,  республикалық  маңызы  бар  қала)  деңгейде  – 

Бағдарламаны  іске  асыру  жөніндегі  өңірлік  комиссия  және  жұмыспен  қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті орган; 

аудандық  (қалалық)  деңгейде  –  Бағдарламаны  іске  асыру  жөніндегі 

аудандық (қалалық) комиссия, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 

орган мен халықты жұмыспен қамту орталықтары; 

кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен 

ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады. 

84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

1)  өңірлер  бойынша  қаржыландыру  лимиттерін  және  қаражатты  бөлуді 

келіседі; 

2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және 

орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  Бағдарламаны,  сондай-ақ 

салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа 

орналастыру  бөлігінде  тиісінше  мемлекеттік,  салалық  бағдарламалар  мен 

аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды

3)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қарауына  Бағдарламаны  іске 

асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді

4)  Бағдарлама  шеңберінде  кешенді  дамыту  үшін  айқындалған  тірек 

ауылдық  елді  мекендердің  тізбесін  және  тірек  ауылдарды  дамытуды 

қаржыландыруға  арналған  қаражатты  өңірлер  арасында  бөлуді  қарайды  және 

келіседі. 

85.  Бағдарлама  операторы  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-

қимыл жасай отырып: 

1)  Бағдарламаны  нормативтік  құқықтық,  әдістемелік  және  ақпараттық 

сүйемелдеуді жүзеге асырады; 

2)  ВАК-пен  келісу  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

қаулысымен  республикалық  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілері  мен  өңірлер 

бөлінісінде  қаржыландыру  лимиттерін  белгілеу  және  Бағдарлама  бағыттары 

бойынша қаражат бөлу туралы ұсыныстар дайындайды

3) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді




30 

 

 



4)  жалпыұлттық  дерекқорды  қалыптастыру  тәртібін  және  ағымдағы  бос 

жұмыс  орындары,  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдар 

қажет  ететін  мамандықтар  туралы  мәліметтерді  беру  үшін  нысандарды 

әзірлейді; 

5)  өңірлік,  аудандық  (қалалық)  комиссияның  үлгілік  ережелерін, 

әлеуметтік  келісімшарттың,  жұмыс  берушілер  мен  білім  беру  ұйымдарының 

әлеуметтік  келісімшартқа  қосылу  туралы  өтініштерінің  (хабарламаларының) 

нысандарын әзірлейді және бекітеді; 

6)  Бағдарламаның  іске  асырылуына  мониторинг  жүргізу  тәртібін 

айқындайды. 

86. Өңірлік комиссиялар: 

1) Бағдарламаға қатысушылардың тізімін келіседі; 

2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі

3)  Бағдарламаны  бағыттары  бойынша  аудандар  мен  қалалар  бөлінісінде 

қаржыландыру лимиттерін келіседі; 

4)  уәкілетті  өңірлік  ұйым  микроқаржы  (микрокредиттік)  ұйымдарына 

және  кредиттік  серіктестіктерге  беретін  кредиттер  бойынша  жылдық  сыйақы 

мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі; 

5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық 

тиімді пайыздық мөлшерлеменің мөлшерін келіседі; 

6) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі; 

7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде 

бір  ауданнан  басқа  ауданға,  бір  облыстан  басқа  облысқа  қоныс  аударатын 

адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден 

бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді

8)  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  және  жұмыс 

берушілердің оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі; 

9)  облыстық,  қалалық  және  аудандық  маңызы  бар  жергілікті  атқарушы 

органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды; 

10)  Бағдарламаның  іске  асырылуын  тексеру  нәтижелері  бойынша 

анықталған  бұзушылықтардың  алдын  алу  және  жою  жөнінде  ұсынымдар 

дайындайды; 

11)  Ақмола  облысының  Калачи  және  Красногорский  елді  мекендерінің 

тұрғындарын  көшіру  және  оларға  мемлекеттік  қолдау  шараларын  көрсету 

туралы шешім қабылдайды. 

87. Аудандық (қалалық) комиссиялар: 

1) Бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын 

ақпараттар  мен  құжаттар  негізінде  Бағдарламаның  әлеуетті  қатысушыларына 

іріктеу  жүргізеді  және  тиісті  ұсыныстарды  қарау  үшін  өңірлік  комиссияларға 

жібереді; 

2)  екінші  деңгейдегі  банктердің  кредиттері  бойынша  сыйақы 

мөлшерлемесін  субсидиялауды  және  тірек  ауылдарды  кешенді  дамытудың 

мастер-жоспарын келіседі; 



жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау