Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет1/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы 

 Үкіметінің 

2015 жылғы « 31 » наурыздағы 

№ 162  қаулысымен 

бекітілген 

 

 



Жұмыспен қамту 2020 жол картасы 

 

 



1.  Бағдарлама паспорты 

 

Атауы 



Жұмыспен қамту 2020 жол картасы 

Әзірлеу үшін 

негіздеме 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы      

Н.Ә.  Назарбаевтың  2012  жылғы  14  желтоқсандағы 

«Қазақстан 

– 

2050» 


стратегиясы: 

қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына Жолдауы; 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен 

өткен  2013  жылғы  23  қаңтардағы  кеңестің  №  01-7.1 

хаттамасы 

 

Әзірлеуге және іске 



асыруға жауапты 

мемлекеттік орган 

 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және 



әлеуметтік даму министрлігі 

Мақсаты 


Халықтың  жұмыспен  қамтылу  деңгейін  арттыру,      

халықтың 

әл-ауқатын 

арттыруға 

жәрдемдесу, 

жұмыссыздықты қысқарту 

 

Міндеттері 



Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың 

нысаналы  топтарына  кіретін  адамдарды  жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; 

кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын 

индустриялық-инновациялық  дамыту  жөніндегі  2015  – 

2019  жылдарға  арналған мемлекеттік  бағдарламаны  іске 

асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;  

атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. 

 

Іске асыру 



мерзімдері және 

1-кезең – 2015 жыл 

2-кезең – 2016 – 2020 жылдар 



 

 



кезеңдері 

 

Нысаналы 



индикаторлар 

2020 жылға қарай: 

жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; 

әйелдер  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  5,5  %-дан 

аспайтын болады; 

жастар  (15-28  жас)  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  

4,6 %-дан аспайтын болады 

 

Қаржыландыру 



көздері және көлемі 

Жұмыспен  қамту  2020 жол  картасын  іске  асыруға 

республикалық  бюджетте  2015  жылға  37,3  млрд.  теңге 

көзделген.  

Келесі  жылдары  Бағдарламаны  қаржыландыру  көлемі 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  тиісті 

жоспарлы  кезеңге  арналған  республикалық  бюджетті 

қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. 

 

 

2. Кіріспе 



 

1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» 

стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына 


жыл 

сайынғы 


Жолдауында 

өнімді 


жұмыспен 

қамтудың 

қолжетімділігін  кеңейту,  еңбекке  ынталандыруды  жоғарылату  және  халықтың 

табысын  өсіру  мақсатында  халықты  жұмыспен  қамту  саясатын  жаңғырту 

қажеттілігін көрсетті. 

Бұл  үшін  қажетті  шарттар  Қазақстан  Республикасындағы  әлеуметтік-

экономикалық  өзгерістердің  бүкіл  барысында  әзірленген.  Елімізде  серпінді 

дамып  келе  жатқан  еңбек  нарығы  құрылды,  халықтың  экономикалық 

белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. 

Дағдарысқа  қарсы  реттеу  тәжірибесі  жинақталды.  Жол  картасы  (2009  – 

2010  жылдары)  шеңберінде  әзірленген  жұмыс  орындарын  сақтау  және 

жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  шаралары  әлемдік  қаржы-экономикалық 

дағдарыс  ықпалына  байланысты  уақытша  экономикалық  қиындықтар 

жылдарында  да  жұмыспен  қамтудың  жоғары  деңгейін  сақтауға  мүмкіндік 

берді. 

Соған  қарамастан,  әлемдік  дамудың  тұрақсыздығы  және  әлеуметтік 



жаңғырту  жағдайларында  серпінді  өзгеріп  отыратын  ішкі  болмыстар  еңбек 

нарығын  реттеуге  және  нәтижелі  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесуге  жаңа 

талаптар қояды. 

Осы  бағдарлама  –  Жұмыспен  қамту  2020  жол  картасы  (бұдан  әрі  – 

Бағдарлама)  аталған  талаптардың  жауабы  болып  табылады.  Ол  2009  және    



 

 



2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын 

іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. 

Бағдарламаға  Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2015  жылғы  11  ақпандағы  кеңейтілген  отырысында  халықты  жұмыспен 

қамтуды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  шараларды  кеңейту  және  жалдамалы 

қызметкерлерді  жұмыстан  босатуға  жол  бермеу  жөнінде  шаралар  қабылдау 

бөлігінде берген тапсырмаларын ескере отырып өзектілендірілді. 

 

 



3. Ағымдағы ахуалды талдау 

 

2. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен 



Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  кеңейтілген  отырысында  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өз  тиімділігін  дәлелдеген 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті.  

Айталық,  2011  –  2014  жылдар  аралығында  оның  шеңберінде  табысы  аз, 

жұмыссыз  және  өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған  халық  санатынан  462  мың  адам 

жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.  

Көзделген  шараларды  іске  асыру  нәтижесінде  472  мың  адамға  жұмысқа 

орналасуға  жәрдем  көрсетілді,  оның  ішінде  66  %-ы  тұрақты  жұмысқа 

орналастырылды,  ал  121  мыңнан  астам  адам  жаңа  кәсіп  меңгеруге  мүмкіндік 

алды,  шамамен  29  мың  ауыл  тұрғыны  жеңілдікті  шарттармен  микрокредит 

алды.  

Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді, оның деңгейі 2014 жылдың 



4-тоқсанының  қорытындысы  бойынша  5,0  %-ды  құрап,  2010  жылмен 

салыстырғанда 0,8 %-ға азайған.  

Бұл  ретте  жұмыспен  қамтылғандардың  саны  тиісінше  8,1  млн.  адамнан 

8,6  млн.  адамға  көбейді.  Жұмыспен  қамтылған  тұрғындардың  құрамындағы 

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың үлесі 33 %-дан (2010 жылы) 29,4 %-ға 

(2014 жылдың 4-тоқсаны) азайды.  

2013  жылдың  басымен  салыстырғанда  нәтижесіз  жұмыспен  қамтылған 

адамдардың саны 1,0 млн. адамнан 721 мың адамға төмендеді. 

Жастар  практикасы  және  әлеуметтік  жұмыс  орындарын  құру 

бағдарламаларын іске асыру жастар  арасындағы  жұмыссыздықтың өсуіне жол 

бермеуге ықпал етті.  

Оның  көрсеткіші  4,0  %  деңгейінде  (15-28  жастағы)  қалыптасты,  бұл 

соңғы 20 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады.  

Осылайша,  Бағдарламаның  іске  асырылуы    қабылданып  жатқан 

қадамдардың,  олардың  оң  әсері  мен  атаулылық  бағытының  дұрыстығын 

дәлелдейді.  

Оны  іске  асыруға  мемлекеттік  бюджеттен  бөлініп  отырған  қаражат 

шалғай  ауылдарға  дейін  жетіп,  қоғамда  қордаланған  проблемаларды  шешуге 

ықпал етуде.  



жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау