211
аса сезімтал жəне қорғауды қажет ететін зоналарын анықтаудан бастау керек сияқты.10.1
жəне 10.4 ұсыныстарды қараңыз.
2005-2015ж.ж. арналған жердің шөлейтттенуіне қарсы күрес бағдарламасын орындауға
бағытталған 2005-2007ж.ж. іс-шаралар жоспары қабылданып, онда Каспий теңізінің
жағалауына қатысты бірқатар шаралар ұсынылған. Энергетика жəне минералды ресурстар
министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі жағалауын дамытудың жан-жақты
жоспарын дайындап, оны басқа министрліктердің қарауына жіберді. Жағалауды су
тасқынынан жəне құм басудан қорғау, тозған жəне зақымдалған жерлерді қалпына келтіру,
заңсыз күл-қоқыс орындарын жою жұмыстары Атырау жəне Маңғыстау облыстарында
жүргізіліп келеді. Атырау жəне Маңғыстау облыстарында Орал өзенінің атырауындағы
«Ақжайық» сынды табиғи парктер ашу мақсатында алдын-ала дайындау жұмыстары қолға
алынды. Маңғыстау облысында мұнай жəне газ секторларының биологиялық алуан түрлілікке
тигізетін əсерін зерттеу жұмысы аяқталды. Кеме қатынасының биологиялық əр-түрлілікке
тигізетін əсерін азайту мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорғалатын жер
бөлігін аудандап алу жұмысы əлі алғашқы сатыда ғана жүргізіліп келеді.
8.4 ұсыныс:
Қазақстанда Каспий теңізінің үстінен экологиялық мониторинг жүргізу жүйесі қалпына
келтірілуі тиіс. Мониторинг бағдарламасының нəтижелері саясат қалыптастыруға пайдалы
болуы керек. Үкіметтік бағдарламалар сараптауға жарамды міндеттер қойып, мониторинг
жүргізу жүйесі сол міндеттердің орындалу дəрежесін бағамдауы керек.
2005-жылы «Казгидромет» Атыраудағы аймақтық бөлімшесінің негізінде Каспий теңізі
мониторинг орталығын құрды. Бұл орталық мұнай саласы объектілерінің маңындағы ауаның
сапасын, жауын-шашын құрамын, жер жəне су беті, сондай-ақ теңіздегі мұнай өндірісі
қондырғыларының түбіндегі су мен жер табанының сапасын, қалалық жерлердегі жəне мұнай
өндіріс объектілерінің маңындағы топырақтың сапасы мен аймақтағы радиация деңгейін
анықтап, өлшеп отырады.
Арал теңізінің менджменті
8.5 ұсыныс:
Қазақстан Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық қордың мүшесі ретінде қорды
қаржыландырып отырған халықаралық донорлық ұйымдар мен елдер арасында ашық əрі
айқын үйлестіру жұмысының қажеттелігі мəселесін көтеру керек . Арал теңізі бассейні
жөніндегі бағдарламаны тиімді орындау үшін ең алдымен орындалу барысын елге
көрінетіндей етіп ашық көрсетіп, қаржының қалай жұмсалып отырғанын жариялап отыру
керек. Осыған қоса бағдарламаға мүше елдердің ішінде жергілікті жəне ұлттық деңгейде
қолға алынатын бастамалар туралы мəлімет халықарлық деңгейде еркін алмасып отыруы
тиіс.
Аймақ деңгейінде Арал теңізі бассейніндегі жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар
жобалар дайындалып, іске асырылды. Соның ішінде «Арал теңізі бассейнінің əлеуетін дамыту»
жəне «Арал теңізі бассейнінде тұрақты даму индикаторларын сынау» бағдарламалары бар.
«Сырдария өзенінің арнасын жəне Солтүстік Арал теңізін ретке келтіру» деп аталатын тағы бір
жоба қазір іске асырылып жатыр. Бұл жобаның алғашқы сатысына қажетті қаржының бір
бөлігін (64,5 миллион АҚШ доллары) Дүниежүзілік банк несие ретінде беріп, қалғанын (21,3
миллион АҚШ доллары) Қазақстанның мемлекеттік бюджеті көтеріп келеді. Аталмыш жоба
міндеттерінің бірі – Сырдария өзені атырауындағы жəне Солтүстік Арал теңізіндегі
экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
8.6 ұсыныс:
Арал теңізі жəне Каспий теңізі проблемаларын шешуге бағытталған саяси қадамдар қалпына
келтіру жобаларын қолдауға қажетті мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайтудан басталу
212
керек. Бұл қаржы экологиялық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ, ауа, су, топырақ жəне азық-
түлік сапасын тексеріп, зерттеуге жұмсалуы тиіс. 2.1 ұсынысты қараңыз.
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама 2003-жылы
қабылданған болатын. Оның аясында мемлекет қаржысының есебінен орындалып жатқан іс-
əрекеттер қатарында істен шығарылған мұнай ұңғымаларын қалпына келтіру жəне мұнай
өндірісінің экологиялық əсерін бағалау шаралары бар. 2004-жылы Арал теңізі аймағының
проблемаларын шешуге бағытталған жан-жақты шаралар қолдану бағдарламасы қабылданды.
9 Тарау:
Минералды ресурстардың менеджменті
9.1 ұсыныс:
Минералды ресурстардың тұрақты менеджментіне қажетті заңнамалық жəне реттеу
тетіктері жетілдіріліп, күшейтілуі керек. Бұл əсіресе мұнай мен газ секторына қажетті
болып тұр. Орындау жəне күшке енгізудің тиімді механизмдерін, атап айтқанда,
экономикалық механизмдерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет.1.1 ұсынысты қараңыз.
2000-жылдан бері минералды ресурстар менеджментіне қажетті заңнамалық негіз айтарлықтай
жетіле түсті. Минералды ресурстардың пайдаланылуын реттейтін ең басты заң актісіне 1996-
жылы қабылданған «Жер қойнауы жəне жер асты байлықтарын пайдалану туралы» заң
жатады. Бұл заң бірнеше рет өзгеріске ұшырап, оның ақырғы мəтіні 2007-жылдың қаңтар
айында ғана бекітілді. Жаңадан енгізілген өзгерістер экологиялық əсерді азайтуға бағытталған
талаптардың орындалуын көздейді. 2004-жылы 1995-жылғы «Мұнай жəне газ туралы» заңға
қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірқатар елеулі өзгерістер жасалды. Атап айтқанда,
мұнай операциялары кезінде газды кəдеге жарату жəне жандыруды реттеу процесіне
жаңалықтар енгізіліп, Каспий теңізінің солтүстігіндегі қорғауға алынған қазақстандық бөлікте
мұнай операцияларын жүргізуге қойылған талаптар өзгерді. Дегенмен, заңдарды орындау жəне
қолданысқа енгізу ісінде ақаулар өте көп. Бұл бағытта əрмен қарай жұмыс істеу керек.
9.2 ұсыныс:
Тау-кен өндірісіндегі қорршаған ортаны қорғау шараларын алға жылжыту мақсатында
жаңа технологиялардың енгізізілуін жан-жақты қолдау керек. Елдің ең ірі өндірістік
аймақтарында таза өндіріс орталықтарын құруға қаржылай көмек көрсеткен дұрыс болар
еді. 5.2 жəне 11.3 ұсыныстарды қараңыз.
Тау-кен өндірісі саласында қоршаған ортаны қорғау мақсатында жаңа технологиялардың
енгізілуін ынталандыратын арнайы шаралар қолға алынбаған. 2007-жылы шыққан
Экологиялық кодексте қазба өндірісімен айналысатын компаниялар қолда бар ең жақсы
технологиялардың негізінде ЛААББ (ластаудың алдын алу жəне бірлесіп бақылау)
рұқсаттарын алуы мүмкін деп жазылғанымен, бұл əрекет іске аспады. Республикада екі таза
өндіріс орталығы құрылды: бірі Павлодарда (тау-кен өндірісі орталықтарының бірі), екіншісі
Алматыда. Алайда тау-кен өндірісі саласында таза өндіріс тəсілдерін алға жылжытуды
көздейтін осы орталықтардың нақты іс-əрекеттері туралы мəлімет жоқ.
9.3 ұсыныс:
Қазба өндірісімен шұғылдануға лицензия берудің алғышарты ретінде халықаралық
экологиялық менеджмент стандарттарына (ISO 14000 жəне т.б.) сай жасалған толық
экологиялық менеджмент жүйесінің (ЭМЖ) енгізілуі керек. Қазба өндірісі саласындағы
экологиялық менеджмент жеке пəн ретінде тау-кен жəне газ өндіру саласы үшін мамандар
даярлайтын мектептер мен басқа да білім беру орталықтарындағы оқу бағдарламаларына
енгізіліп, түрлі дəрежедегі тау-кен мамандарына экологиялық тренингтер өткізілуі тиіс.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамаға сəйкес, лицензия алғысы келген кез-келген
компания экологиялық менеджмент жоспарын тапсыруы керек. Алайда халықаралық
экологиялық менджмент стандарттарына сəйкес толық ЭМЖ жасау талап етілмейді. ISO 14000
Достарыңызбен бөлісу: |