Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет106/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115

219 
 
 
14.2 ұсыныс: 
Экологиялық жағдайды сауықтыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары орындалуы үшін 
жергілікті  деңгейлерде  осыған  ұқсас  аймақтық  жоспарлар  дайындалуы  керек.  Осы 
жоспарлардың  бəрі  министрліктер  арасында,  жергілікті  басқару  органдары,  денсаулық 
сақтау  ұйымдары  жəне  ҮЕҰ-дар  арасында      үйлестіріліп,  кеңінен  тартылуы  тиіс. 1.2 
ұсынысты қараңыз. 
 
Жергілікті деңгейде экологиялық жағдайды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар жоспарлары 
дайындалып жатыр деген мəліметті жинау мүмкін емес.  
 
14.3 ұсыныс: 
Азық-түліктің  сапасына  жəне  тағам  мөлшеріне  қойылатын  талаптар  қатайтылуы  керек. 
Азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  жүйелері  үстінен  жүргізілетін  бақылау  күшейтілуі  қажет. 
Бұл  азық-түліктің  салдарынан  пайда  болатын  ауру  ошақтарын  жойып  отыру  үшін  керек. 
Азық-түлік  өндірушілері  мен  жалпы  халық  үшін  азық-түлік  гигиенасы  жəне  денсаулыққа 
жағымды тамақтану дағдысы туралы арнайы білім көтеру бағдарламалары ұсынылуы тиіс. 
Тамақтандыру институты ұсынған Ұлттық тамақтандыру саясаты іске асырылуы керек.  
 
Азық-түлік сапасы жəне тамақтандыру саясатына қатысты өзгерістер туралы мəлімет жоқ.  
 
14.4 ұсыныс: 
Ядролық  сынақ  орындары  адам  мен  жануарларға  жабық  болуы  тиіс.  Ескі  уран  шахталары 
жан-жақтан  қоршалуы  керек.  Ескі  уран  шахталарынан  өндірілген  материалдарды  құрылыс 
заттары  ретінде  пайдалану  туралы  арнайы  зеттеу  қолға  алынуы  керек.  Аса  қауіпті 
учаскелерді табу мақсатында ғимараттардың, үйлердің ішіндегі радон деңгейін өлшеу керек. 
Бұл  алдын-алу  шараларын  қолға  алып,  соларды  дұрыс  бағалау  үшін  қажет.  Ескі  уран 
шахталарынан  алынған  материалдарды  құрылыс  заттары  ретінде  пайдаланудың  зияны, 
радон  мен  оның  төндіретін  қауіптері  туралы  мəлімет  халық  арасында  таратылып, 
ақапарттық  кампаниялар  қолға  алынуы  керек.  Құрылыс  материаллдарының  радиоактивті 
құрамы  туралы  арнайы  үкіметтік  нұсқаулар  шығарылып,солардың  көмегімен  ғимараттар, 
үйлер ішіндегі радиация деңгейін қадағалап отыру керек. 6.2 ұсынысты қараңыз.   
 
Уран  өндірісі  кəсіпорындарын  консервациялау  жəне  уран  депозиттерін  өндірудің  салдарын 
жою туралы 2001-2010ж.ж. арналған бағдарлама қабылданып, қазір жүзеге асып жатыр. Соны 
орындау  шеңберінде  тұрғын  аудандарға  жақын  жатқан  радиоактивті  қалдықтар  орындары 
жабылды.  Бұрынғы  Семей  ядролық  сынақ  полигонының  аумағында  жəне  соның  маңында 
істеліп  жатқан  əрекеттердің  бəрі  қатаң  бақылауға    алынды.  Бақылауды  Ұлттық  ядролық 
орталық  жүзеге  асырады.  Үй  ішіндегі  радон  деңгейін  өлшеу  шаралары  жалғасып  келеді. 
Құрылыс  материалдары  құрамындағы  жəне  ғимараттар  ішіндегі  радиация  деңгейінің 
нормалары туралы ресми құжаттар қабылданды.  
 
14.5 ұсыныс: 
Құрамында қорғасын  жоқ  бензинді  ең болмағанда  ірі қалаларда  пайдалану қажеттілігі  алға 
жылжытылуы керек. 4.4 ұсынысты қараңыз. 
 
Қорғасыны  бар  бензинді  пайдалануға 2003-жылы  тыйым  салынған  болатын.  Алайда  сондай 
бензинді  елге əкелу əрекеттері бар жəне қорғасыны жоқ бензинді этилдендіру əрекеттері де əлі 
тыйылмай келеді.  
 
14.6 ұсыныс: 
Үй  ішіндегі  ауаның  ластануына  көбірек  көңіл  бөлу  керек.  Осыны  ластанудың  көздерін 
анықтаудан  бастауға  болады.  Сол  сияқты  жұмыс  орындарында  ауаның  ластануын 
қадағалайтын бақылау жүйелері орнатылуы керек. 4.2 ұсынысты қараңыз.  
 


220 
 
 
Денсаулық сақтау министрлігі сандық көрсеткіштердің көмегімен үй ішіндегі ластанудың əсері 
туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына есеп береді. Бұл мəліметке сəйкес, үй ішінде 
қатты отынды пайдалану кезінде шығатын түтін Қазақстанда ауруларды туғызатын ең басты 10 
факторлардың  біріне  жатады.  Айта  кету  керек,  осындай  отынды  пайдаланатын  үй 
шарушылықтарының  саны  жалпы  халықтың 5-ақ  пайызын  құрайды.  Қауіпсіз  жұмыс 
жағдайлары  туралы  жаңа  реттеу  құжаттары  қабылданды.  Алайда  жұмыс  орындарындағы 
ауаның сапасын бақылайтын жүйелердің дамытылып, енгізілгені туралы ақпарат жоқ.  
 
14.7 ұсыныс: 
Экологиялық  жағдайды  сауықтыру  мақсатында  санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтер 
жүйесін қайта құрып, күшейту керек. Осы қызметтерден түсетін мəліметтердің пайдасын 
арттыру  мақсатында  аталмыш  жүйенің  қолданатын  компьютерлік  жүйесін  жəне 
лабораториялық  құрал-жабдықтарын  жаңарту  керек.  Санитарлық-эпидемиологиялық 
қызметтердің  географиялық  жəне  демографиялық  тұрғыдан  алып  қарастырғандағы  ең 
оңтайлы ауқымын анықтайтын зерттеу жүргізу қажет.  
 
Санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтердің  компьютерлік  жəне  лабораториялық 
жүйелерін  жаңарту  жөніндегі  бірқатар  жұмыстар  қолға  алынса  да,  жүйені  қайта  құрып, 
күшейтуге бағытталған ешқандай талпыныстар əлі жасалған жоқ.  
 
 


221 
 
 
II Қосымша 
 
ЖЕКЕЛЕГЕН АЙМАҚТЫҚ ЖƏНЕ ЖАҺАНДЫҚ  
ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ КЕЛІСІМДЕРІ  
 
 
Дүниежүзін қамтитын келісімдер
Дата
Статус
1958
(ЖЕНЕВА) Континенталды шельф туралы конвенция 
Жоқ
Жоқ
1958
(ЖЕНЕВА) Аумақтық теңіз жəне жағалау зонасы туралы конвенция
Жоқ
Жоқ
1958
(ЖЕНЕВА) Жоғары теңіздер туралы конвенция  
Жоқ
Жоқ
1961
(ПАРИЖ) Өсімдіктердің жаңа түрлерін қорғау жөніндегі халықаралық конвенция 
Жоқ
Жоқ
1963
(ВЬЕНА) Ядролық зиян келтіру бойынша азаматтық жауапкершілік туралы конвенция
Жоқ
Жоқ
1997 (ВЬЕНА) Ядролық зиян келтіру бойынша азаматтық жауапкершілік туралы 1963-
жылғы Вьенна конвенциясына өзгеріс енгізу туралы хаттама 
Жоқ
Жоқ
1966
Жүк тиеу сызығы туралы халықаралық конвенция 
07.06.1994
Қос
1969
Кемелерді тонна бойынша өлшеу жөніндегі халықаралық конвенция 
07.06.1994
Қос
1969
Мұнаймен зиян келтіру бойынша азаматтық жауапкершілік туралы конвенция 
05.06.1994
Қос
1971
(РАМСАР) Халықаралық маңыздылығы бар сулы-батпақты алқаптар, əсіресе суда 
жүзетін құстар  ортасына айналған алқаптар туралы конвенция 
02.05.2007
Ра
1982 (ПАРИЖ) Өзгертулер
02.05.2007
Ра
1987 (РЕГИНА) Өзгертулер
02.05.2007
Ра
1971
(ЖЕНЕВА) Бензолмен зақымдалудан қорғау туралы конвенция (ХЕҰ 136)
Жоқ
Жоқ
1971
(БРЮССЕЛЬ) Мұнаймен ластау салдарынан пайда болған зиянды өтейтін халықаралық 
қор құру жөніндегі конвенция 
Жоқ
Жоқ
1971
(ЛОНДОН, МƏСКЕУ, ВАШИНГТОН) Ядролық қаруды жəне басқа да жаппай қырып-
жоятын қару түрлерін мұхит пен теңіз түбінде жəне қойнауында сақтауға тыйым салу 
туралы келісім
Жоқ
Жоқ
1972
(ПАРИЖ) Дүниежүзілік мəдени жəне табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенция 
29.04.1994
Қаб
1972
(ЛОНДОН) Теңіздің қалдықтар жəне басқа заттарды төгу салдарынан ластануының 
алдын алу туралы конвенция  
Жоқ
Жоқ
1978 (ТОРРЕМОЛИНОС) Өзгертулер (жандыру)
Жоқ
Жоқ
1980 Өзгерістер (ластау заттарының тізімі)
Жоқ
Жоқ
1972
(ЛОНДОН, МƏСКЕУ, ВАШИНГТОН) Бактериологиялық (биологиялық) жəне 
токсикалық (улы) қару-жарақты дамыту, өндіру жəне сақтауға тыйым салу жəне 
Жоқ
Жоқ
1972
(ЛОНДОН) Теңіздегі қақтығысулардың алдын алу жөніндегі халықаралық реттеу 
07.03.1994
Қос
1972
(ЖЕНЕВА) Қауіпсіз контейнерлер туралы конвенция
07.03.1995
Қос
1973
(ВАШИНГТОН) Жабайы флора мен фаунаның жойылып бітуге жақын түрлерін 
халықаралық саудаға салу туралы конвенция 
20.01.2000
Қос
1979 (БОНН)  Өзгертулер
20.01.2000
Қос
1983 (ГАБОРОНЕ) Өзгертулер
Жоқ
Жоқ
1973
(ЛОНДОН) Кемелер салдарынан болатын ластаудың аллдын алу туралы конвенция 
(МАРПОЛ)
07.06.1994
Қос
1978 (ЛОНДОН) хаттама (ажыратылған балласт)
07.06.1994
Қос
1978 (ЛОНДОН)  Қапталған түрінде тасымалданатын қауіпті заттар туралы III-қосымша
07.06.1994
Қос
1978 (ЛОНДОН) Сарқынды сулар туралы IV-косымша
07.06.1994
Қос
1978 (ЛОНДОН) Қоқыс туралы  V-қосымша
07.06.1994
Қос
1974
Теңіздегі өмір қауіпсіздігі туралы халықаралық конвенция 
07.06.1994
Қос
2008ж. 21-сəуір күнгі жағдай бойынша
Қос = Қосылу;  Сақ= сақтау;  Қаб= қабылдау; КүЖ = Күш жою;  
ҚҚ = Қол қойылған;  ҚМ = құқық мирасқорлығы;  Ра = Ратификация.   
 
 
 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау