6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
139
•
«Алтай-Саян экологиялық аймағының қазақстандық секторында биологиялық
алуантүрлілікті сақтау жəне тұрақты пайдалану» (2007–2012 жж., жалпы бағасы - 86,1 миллион
доллар, бұған мемлекеттің 83,6 миллион – салымы қосылады);
•
«Қазақстанның таулы in-situ агро алуантүрлілігін сақтау» (2006–2011 жж.; жалпы
бағасы 22,3 миллион доллар, мемлекеттің 19,53 миллион – салымын қоса есептегенде);
•
«Өрістейтін құс түрлерінің жаһандық маңызға ие басым мекендеу орындарын сақтау»
(2003–2010 жж.; жалпы бағасы 36 миллион доллар, оған 24,3 миллион доллар – мемлекеттің
қаржыландыруы қосылады).
6.2 Сурет: Ластау үшін жасалатын төлемақы табыстарының деңгейіне пайыздық
арақатынаста берілген, қоршаған ортаны қорғауға 2002–2006 жылдарда жұмсалған
жергілікті шығындар
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Қазақстандық
экология жəне климат ғылыми-зерттеу институты (Қаз ЭК ҒЗИ).
Жаһандық экологиялық қор
2000-2007 жылдар арасында бір елдің қатысуын көздейтін қазақстандық 11 жоба мақұлданды.
Ұсынылған гранттардың жалпы көлемі 37,6 миллион долларды құрады. Жобалар Қазақстан
Республикассы Үкіметінің тарапынан қаржыландырудың елеулі көлемдерін көздейді.
Мақұлданған жобалардың тақырыптамалық салалары биоалуантүрлілікті, климаттың өзгеруін,
жердің тозуын, озон қабатының сарқылуын жəне тұрақты органикалық ластаушыларды (ТОЛ)
қамтиды. Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны қаржыландыруға қатысты ЖЭҚ грантын
атап өту керек (2003–2009 жж.) жобаның жалпы бағасы - 9,7 миллион доллар.
Бұған қосымша, Қазақстан ЖЭҚ мақұлдаған 2000-2007 жылдарға арналған 12 ортаазиялық
аймақтық жобалардың шеңберінде көмек алды, бұлар басқалардың ішінде, Каспий теңізінің
қоршаған ортасын қорғауға, жердің тозуымен күрес жүргізуге жəне биоалуантүрлілікті
қорғауға бағытталды.
БҰҰ экономикалық комиссиясының Африкаға (ЭКА) арналған ЖЭҚ гранттық
қаражаттарының сəйкес көлемі 56,4 миллион долларды құрады.
Дүниежүзілік Банк
2007 жылдың соңына қарай қолданыстағы 4 экологиялық жоба болды, олар Халықаралық
қайта құру жəне даму банкінің (ХҚДБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыздар беруін
көздейді:
•
Ормандарды қорғау жəне қалпына келтіру жөніндегі жоба ( 2005 жылы қарашада
бекітілді жəне 2012 қарашаға дейін есептелген), Дүниежүзілік банктің 30 миллион доллар
мөлшерінде қарыз беруі міндеттемесін қоса есептегенде, жалпы бағасы 63,8 миллион доллар;
•
Нұра өзенін тазарту жобасы (мамыр 2003 ж. – қыркүйек 2009 ж.) ХҚДБ 40,4 миллион
доллар қарыз беруін қоса есептегенде, жалпы бағасы 67,8 миллион АҚШ доллары;
0
5
10
15
20
25
30
проц
ен
ты
2002
2003
2004
2005
2006
140
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
•
2007 жылы ақпанда бекітілген жəне 2003 жылғы наурызға дейін есептелген Өскеменді
қоршаған ортаны қалпына келтіру жобасы, 24,3 миллион доллар қарыз беру, міндеттемесін
қоса есептегенде, жобаның жалпы бағасы 40,1 миллион доллар;
•
Сырдарияны жəне Арал теңізінің солтүстік бөлігін бақылау жобасы (I кезек) (2001 ж.
маусым- 2008 ж. желтоқсан); 64,5 миллион қарыз беру жөніндегі міндеттемені қоса
есептегенде, жалпы бағасы 85,8 миллион доллар.
Таяу уақытқа дейін активті (белсенді) портфель сондай-ақ «Өзен», мұнай кенішін қалпына
келтіру жобасын да қамтыды, жоба 1996 жылы шілдеде мақұлданды жəне 2007 жылғы сəуірге
қарай аяқталды. Жобаның жалпы бағасы, ХҚДБ 109 миллион доллар көлемінде қарыз беруін
қоса есептегенде, 136 миллион долларды құрады.
Азия даму банкі
АДБ-нің еларалық стратегиясы ауылдағы кедейліктің ауқымдарын азайтуға, жəне соған сəйкес
ауылдық аудандардың дамуын ілгерілету, сумен қамтамасыз ету жəне канализация
инфрақұрылымын жақсарту мен кеңейту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға бағытталған.
Осы қызмет ішінара Ислам даму банкімен жəне (KFW) (Германия) Kreditanstalt fur
Wiederaufbau ынтымақтастықта жүргізілді.
Оның үстіне, АДБ «Орталық Азия елдерінің жер пайдалану жөніндегі Бастамасы» Жобасының
аясындағы барлық іс-шараларды үйлестіру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдаған
көшбасшы агенттік болып табылады. Осы жоба Орталық-азиялық бес елдің əріптестігіне
негізделген, жəне ынтымақтастықты дамыту саласындағы оннан аса көпжақты жəне екіжақты
əріптестер аталмыш жобаны іске асыруға қатысуға даяр екендерін білдірді. АДБ-дан басқа,
жобаға мына институттар қатысты: Халықаралық даму жөніндегі Канада Агенттігі (ХДКА),
шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі ГТЦ, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі
Швейцария Агенттігі (ЫДША), КООНБО жаһандық механизмі; қуаң аудандардағы
ауылшарушылық зерттеулерінің Халықаралық орталығы (ҚЖАЗО); ауылшарушылығын
дамытудың Халықаралық қоры (АШДХҚ); БҰҰДБ, ЮНЕП жəне дүниежүзілік банк.
2006 жылы қарашада іске қосылған «Орталық-азиялық елдердің жер пайдалану жөніндегі
Бастамасы» жобасының он жылдың ішінде Орталық Азияның бес елінде жердің тозу үдерісін
тоқтату мақсаттарында тұрақты жер пайдалануға 1,4 миллиард доллар сомаға инвестиция
тарататыны күтілуде. Жобаға қатысушы əр ел ұлттық жəне көпұлттық бағдарламалық
учакселер мен іс-шараларды жоспарлау жəне іске асыру жөніндегі ұлттық бағдарламасын
межелерді əзірледі. 2008 жылдың соңына дейінгі кезеңге бөлінген қаржыландыру 155
миллионг АҚШ долларын құрайды, бұған Орталық-азияның бес елдің-25 миллион доллар,
ЖЭК-тың – 20 миллион доллар салымы қосылады жəне жоғарыда аталған донорлардың
жиынтық салымы 110 миллион долларды құрады.
Алғашқыда ұлттық сегіз басым жобалармен əріптестік орнатылды. Қазақстанның ұлттың
басым жобасы (бірлі-жарым) жойылымдық экожүйелерді басқаруға бағытталған. Оның үстіне,
Қазақстан əріптестікті нығайтуға жəне əлеуетті дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған
бірнеше елдің қатысуымен екі жобаны іске асыруға қатысады.
Еуропа қайта құру жəне даму банкі
Еуропа қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) жұмысы экономикалық əртараптандыруға жəне
экономиканың негізгі секторларындағы бəсекені күшейтуге қолдау көрсетуге бағытталды.
2006 жылғы 30 қыркүйекке қарай ахуал бойынша ЕҚДБ муниципалды жəне экологиялық
инфрақұрылым саласындағы жобаларға қаржыландыру бөлген жоқ. Дегенмен банк өзінің
негізгі қызметінде экологиялық мəселелерді ескеруін тоқтатпады. 2007-2009 жылдарға
арналған Стратегиялық міндеттер энергия тұтынуға байланысты қоршаған ортаға тиетін
əсерді азайтуға бағытталған энергиятиімділікке инвестицияларды жылжытуды қамтиды. Оның
үстіне, ЕҚДБ Жапония қаржыландыратын жаңа экологиялық бағдарламаны іске асыруға
қатысады. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстандағы экологиялық таза технологияларды іске
Достарыңызбен бөлісу: |