- жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
- жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
- жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі
нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу
жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және
біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім
беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары
құнының кемінде 50 %-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен
жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 50 %-дан аспайтын сомасын
аударуды жүзеге асырады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды іске асыру
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек ресурстарын қайта даярлауға арналған онлайн оқыту
Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетіспейтін және
сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында
онлайн оқыту іске қосылады.
Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру
бойынша онлайн курстарды қамтиды. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім
беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.
Ескерту. 5.1.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019
№ 521
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда
микрокредит беруді кеңейту;
3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда
кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалалар мен
моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда "
Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша,
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі –
жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша
Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.
Мынадай:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді
көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге
асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918
қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне
енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз
қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік
кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және
акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы
мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік
туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама
түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес
ұйымдар Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
"Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына,
оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына
оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында
тұратын, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын
халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан
жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен
қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, жас
отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке
қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға
қатысушылар болып табылады.
"Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде Бағдарламаға қатысушылар Қазақстан
Республикасының заңнамасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан
студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар
мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.
Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау
операторының базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай
кезеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес
консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;
3) Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
психологиялық диагностикасы (уәждемесі);
4) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;
5) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |