Қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен,
жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті
орган бекітетін Техникалық
және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "
Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы, 100/200 қағидаты бойынша "
Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша
білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді
қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік
негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін
өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кадрларға
қажеттілікті және кейін өңірде жұмысқа орналастыруды ескере отырып
қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде
жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.
Мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары
бойынша білім беру гранттарын бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органның
бұйрығымен бекітіледі. Мамандықтар мен біліктіліктердің, ТжКБ оқу орындарының
тізбесін және мемлекеттік білім беру гранттарын қалыптастыруды және бөлуді білім
беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жоба шеңберінде жүзеге асырады.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен,
ӨКП-мен және "ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығындағы
қажеттіліктерін талдау мен болжауды ескере отырып айқындалады.
Оқу орындары жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары
бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болса ғана тізбеге қосылады.
Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген
мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктілікке байланысты болады.
Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған жоғары оқы орындары мен колледждердің
түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді.
Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасындағы түлекті
жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім
беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі –
ЖАО) жүзеге асырады.
Ескерту. 5.1.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019
№ 521
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын
жұмыскерлерді қайта даярлау
Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде
қысқартылатын жұмыскерлер кадрларды қайта даярлау бойынша Бағдарламаға
қатысушылар болып табылады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің өтінімі
бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау
шартымен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты
жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын,
кәсіптер тізбесі мен оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс
берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары
қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200
қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие
мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және