қ а м т ы л ғ а н д а р д ы ң
ү л е с і
1 0 , 2
% - д а н
а с п а й д ы ;
4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды
құрайды.
Қаржыландыру
көздері және
көлемі
1 )
р е с п у б л и к а л ы қ
б ю д ж е т т е н
қ а р а ж а т :
2 0 1 7
ж ы л ы
–
4 0
3 4 7
9 6 5
м ы ң
т е ң г е ;
2 0 1 8
ж ы л ы
–
6 6
3 6 4
4 4 9
м ы ң
т е ң г е ;
2 0 1 9
ж ы л ы
–
1 3 0
6 6 1
4 0 7
м ы ң
т е ң г е ;
2 0 2 0
ж ы л ы
–
6 8
3 9 1
9 7 8
м ы ң
т е ң г е ;
2 0 2 1
ж ы л ы
–
6 9
0 4 1
2 5 0
м ы ң
т е ң г е .
2 )
ж е р г і л і к т і
б ю д ж е т
е с е б і н е н
қ а р а ж а т :
2 0 1 7
ж ы л ы
–
4 5
0 3 8
4 3 6
м ы ң
т е ң г е ;
2 0 1 8
ж ы л ы
–
4 5
3 1 1
0 9 3
м ы ң
т е ң г е ;
2019 жылы – 45 453 119 мың теңге
2. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай
прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді.
Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама
бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың
әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз
еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға
мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"
бағдарламасының (бұдан әрі – ЖЖК 2020 бағдарламасы) шеңберінде 2011 жылдан бері
жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде
іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл
жоспарының ("2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының" кадрларды жұмыспен
қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болып табылды әрі
дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша
қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте
Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде
міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру
саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы
болуын қамтамасыз ету "Қазақстан – 2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің
ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму
басымдықтары ретінде айқындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты
2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жастар мен отбасы
институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс деп
атап өтілді.
Жолдауда жастардың барлық санатын қолдаудың толық кешенді шараларын
қамтитын әлеуметтік лифттердің кең платформасын құру тапсырылды.
Технологиялық жаңғырудың әсері, бұрын болмаған жаңа кәсіптердің пайда болуы
мемлекеттен еңбек нарығының жаңа бейнесін әзірлеуді талап етеді, бұл қазақстандық
жастар үшін өте маңызды.
Тез өзгеріп жатқан әлемде адами және инновациялық капиталды нәтижелі
пайдалана алатын елдер стратегиялық артықшылыққа ие болады.
Осы капиталдың дамуында білім ерекше орын алады, яғни жас ұрпақ қазірдің
өзінде өмір бойы оқу қағидатымен қамдануы қажет, ал білім беру жүйелері еңбек
нарығында сұранысқа ие дағдылар беруге тиіс.
Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік, туризм, демалыс салаларына жеткіліксіз
қатысуы, жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеудің болмауы бүгінгі күні жастарды
жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
Осыған байланысты жастарды жұмыспен қамту саласындағы стратегиялық шешім
кешенді сипатқа ие болуға және қайта оқыту мен біліктілік арттыру бағдарламаларын
қолдана отырып, өндірістің өсуін және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз
етуге бағытталуы тиіс.
Бұл ретте жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу кезінде әлеуметтік және
экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс
істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастарға ерекше көңіл бөлу қажет.
Жастарды мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын іске асыру білім беру
бағдарламаларының қолжетімділігі мен сапасын, жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік
бастамаларды дамыту, жастар ортасында бейәлеуметтіктің пайда болуына қарсы
іс-қимыл арқылы қамтамасыз етуі тиіс.
Бұдан басқа, мемлекет тарапынан көңіл бөлуді талап ететін маңызды мәселелердің
бірі халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жас
отбасылардың кірісін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Осыған байланысты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті
меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың
әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының
тиімді моделін құруға, сондай-ақ "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді
іс-шараларын іске асыруға бағдарланған.
2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады
:
1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – жергілікті деңгейде
қаржылай емес қолдау операторы;
2) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы
жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия;
Достарыңызбен бөлісу: |