3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар
даярлау;
4) еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.
Бағдарламаның бірінші бағытының техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды
даярлау және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде
кадрлар даярлау мәселелері бойынша операторы – Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек ресурстары мен
қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады
.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлау
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды
даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан,
ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу
орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы
аз отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының
көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар
4-тармағында
кадрларды даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы
төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол
жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру
ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік
ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "
Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша
білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді
қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік
негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және
мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру
саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия
бекітеді.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, "
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ
) және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен
болжау ескеріле отырып айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының
15-2) тармақшасына сәйкес техникалық және
5-бабы
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің
сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша
біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
ТжКБ оқу орындары мыналар:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру
қызметіне лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық
тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық
(қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы
бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді
топтар құрылады.
Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар
қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының,
аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар
ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан,
жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық
маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер
алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және
кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер
жөніндегі ақпаратты (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды
даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("
Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы
шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар
даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды,
сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша
есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты
жұмыспен қамту орталықтарына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол)
ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |