Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру
тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары
бойынша тренингтерді қамтиды.
"Атамекен" ҰКП халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы
электрондық түрде/қолма-қол) ұсынған оқуға үміткерлердің тізімінен қатысушыларды
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуға, оның ішінде статустарды өзектілендіру
кезінде анықталған үміткерлердің тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "
Еңбек нарығы" ААЖ арқылы қалыптастырады.
Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы
сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау
кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.
Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде
консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.
"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының
операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу
жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасы республикалық бюджет қаражатының есебінен
қаржыландырылған кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті
орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасалады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда ауыл
шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП-нің арасында
тиісті шарт жасалады.
ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай ауыл шаруашылығы
мәселелері жөніндегі ЖАО-ға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі екінші
бағыттың тиісті операторы бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/
микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалалар мен
қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын
Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны
туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін)
Бағдарламаға қатысушылар басым құқыққа ие болады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, "
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 11-бабының
белгіленген зейнеткерлік жасқа
1-тармағында
толмаған жұмыссыз адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жастар, оның ішінде NEET
санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы
аз еңбекке қабілетті мүгедектер, ісін жаңадан бастайтын және жұмыс істеп жүрген
кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, зәкірлі
кооперацияны қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары, кәсіпкерлік
бастамаларға жәрдемдесу шараларына қатысушылар болып табылады.
Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс
істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін
кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту
орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының болуы
Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып
табылады.
Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың,
ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
2) бар болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат
) көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына
консультация алу үшін жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы тексерулер
нәтижелері бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін 2
жұмыс күні ішінде үміткерлерге жолдама береді.
Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның
ішінде бұдан бұрын ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде кредиттер/
микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және
Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық
мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды
және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Кредиттер/микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған/ ісін жаңа бастаған жас
және жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |