«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

2.3.2.  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  жоқ  болған  жағдайда,  оның  функцияларын 

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшелерінің бірі атқарады.   

2.3.3.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен, 

Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген тәртіпте: 

1)  Директорлар  кеңесінің  жұмысын  ұйымдастырады  және  оның  отырыстарын 

өткізеді; 

2)  Директорлар кеңесінің отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;  

3)  Директорлар кеңесінің отырыстарында хаттаманың жүргізілуін ұйымдастырады; 

4)  Директорлар кеңесінің отырысының күн тәртібін дайындауды ұйымдастырады; 

5)  Директорлар  кеңесінің  шешіміне  сәйкес  лауазымдық  жалақы  мөлшерін,  еңбекке 

ақы төлеу, сыйлықақы және әлеуметтік қолдау шарттарын  белгілеумен, Қоғам атынан Қоғам 

Басқармасының  Төрағасымен  еңбек  келісімшартын  жасасады.  Бұл  ретте  бұл  еңбек 

келісімшартымен  Қоғам  Басқармасының  Төрағасын  материалдық  ынталандырудың  Қоғам 

қызметінің  Директорлар кеңесімен бекітілген негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге тікелей 

тәуелділігі қарастырылуға тиіс; 

6)   Директорлар  кеңесін  жалпы  басқару  үшін  жауап  береді,  Директорлар  кеңесінің 

оның  негізгі  функцияларын  толық  және  тиімді  іске  асыруын  және    Директорлар  кеңесінің 

мүшелері,  Жалғыз  акционер  және  Қоғам  Басқармасы  арасында  конструктивтік  диалог 

құрылуын,  сонымен  қатар    ішкі  құжаттармен    белгіленген  мерзімдерде  Директорлар 

кеңесінің өткен күнтізбелік жыл ішіндегі қызметі туралы есеп беруін қамтамасыз етеді

7)  Жалғыз  акционермен  тиімді  өзара  әрекеттесуді,  соның  ішінде  онымен  Қоғамның 

даму стратегиясын талқылауды, сол сияқты бүкіл Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 

көзқарасын  жеткізуді қамтамасыз етеді; 

8)  Қоғам атынан Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларымен келісімшарттарға 

қол қояды;  

9)  Жалғыз акционерге оның сұрауларына жауап беруді қамтамасыз етеді; 

10) 


Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  шешімдер  қабылдау  үшін  толық  және 

актуалды ақпаратты уақтылы алуын қамтамасыз етеді

11) 

Директорлар  кеңесінің  назарын  Директорлар  кеңесі  қарауға  тиісті 



стратегиялық  мәселелерді  қарауға  және  ағымдағы  (операциялық)  сипаттағы  мәселелерді 

барынша азайтуға жұмылдыруды қамтамасыз етеді; 

12) 

күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау, жан-жақты және терең қарастыру үшін 



жеткілікті  уақыт  бөлу,  ашық  талқылауларды  ынталандыру,  келісілген  шешімдерге  қол 

жеткізу  арқылы  Директорлар  кеңесінің  отырыстарын  өткізудің  барынша  өнімділігін 

қамтамасыз етеді; 

13) 


Директорлар  кеңесі  және  Жалғыз  акционер  қабылдаған  шешімдердің  тиісті 

түрде орындалуын мониторингтеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді; 

14) Корпоративтік  жанжалдар  туындаған  жағдайларда  оларды  шешу  және  олардың 

Қоғам  қызметіне  теріс  әсерін  барынша  азайту  бойынша  шаралар  қабылдайды  және  мұндай 

жағдайларды өз күшімен шешу мүмкін болмаған жағдайда,  Жалғыз акционерге хабарлайды; 

15) Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және  Қоғамның  Жарғысымен 

қарастырылған өзге функцияларды жүзеге асырады. 

2.3.4.  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  жыл  сайынғы  тыңдауда  Жалғыз  акционерге 

мыналарды ұсынады:  

1) Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің есептік кезең ішіндегі қызметінің 

қорытындылары,  ұзақмерзімді  тұрақтылықты  арттыру  және  Қоғамның  тұрақты  дамуы 

бойынша  Директорлар  кеңесімен  қабылданған  шаралар,  негізгі  тәуекел  факторлары,  елеулі 

оқиғалар,  қарастырылған  мәселелер,  отырыстардың  саны,  отырыстардың  нысаны, 

отырыстарға қатысушылық, сонымен қатар басқа маңызды ақпарат көрсетілген Директорлар 

кеңесінің есебі Қоғамның жылдық есебінің құрамына енгізіледі; 

2) Жалғыз акционердің болжалдарының іске асырылуы туралы есеп. 




 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

Директорлар кеңесі жыл сайын Корпоративтік басқару кодексінің нормаларын сақтау 

туралы Жалғыз акционер алдында есеп береді. 

 

3. Директорлар кеңесінің комитеттері 

3.1. Директорлар кеңесінің комитеттерін құру 

Аса  маңызды  мәселелерді  қарау  үшін  және  Директорлар  кеңесіне  ұсыныстар 

дайындау  үшін  Қоғамда  мынадай  мәселелер  бойынша  Директорлар  кеңесінің  комитеттері 

құрылады: 

1)  Стратегиялық жоспарлау; 

2)  Кадрлар  және сыйақылар

3)  Ішкі аудит; 

4)  Әлеуметтік мәселелер; 

5)  Заңнамада және Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған өзге де мәселелер. 

 

3.2. Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы және жұмыс тәртібі 

Директорлар  кеңесі  комитеттерінің  құрылуының  және  жұмысының  тәртібі,  сонымен 

қатар  олардың  сандық  құрамы,  функциялары,  өкілеттіктері  мен  қызметін  ұйымдастыру 

процесі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  серіктестік  Жарғысына,  Корпоративтік 

басқару  кодексіне,  Директорлар  кеңесі  бекітетін  қоғамның  тиісті  ережелеріне  және  өзге  де 

ішкі құжаттарына сәйкес регламенттеледі. 

 

4. Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету 



4.1. Қоғамның ішкі аудит қызметі 

Қоғамның ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесімен белгіленген тәртіпте: 

1)  Директорлар  кеңесіне  Қоғамның  қызметі  туралы  тәуелсіз  объективті  ақпарат 

ұсынады; 

2)  жүйелендірілген  және  бірізді  тәсілді  пайдалана  отырып,  тәуекелдерді  басқару, 

ішкі  бақылау  және  корпоративтік  басқару  процестерін  бағалауды  жүргізеді  және  оларды 

жетілдіруге ықпал етеді; 

3)  Қоғамның  ішкі  аудит  қызметі  туралы  Ережеге  сәйкес,  оның  құзыретіне  жататын 

өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Қоғамның  ішкі  аудит  қызметі  тікелей  Директорлар  кеңесіне  бағынады  және  оның 

алдында  өз  жұмысы  туралы  есеп  береді.  Қоғамның  ішкі  аудит  қызметінің  міндеттері  мен 

функциялары,  оның  құқықтары  мен  жауапкершілігі,  қызметінің  тәртібі  Директорлар  кеңесі 

бекітетін Қоғамның ішкі аудит қызметі туралы ережемен анықталады. 

Ішкі аудит қызметінің жұмысына жетекшілікті Директорлар кеңесінің Аудит комитеті 

жүзеге асырады. 

 

4.2. Қоғамның корпоративтік хатшысы 

Директорлар кеңесінің Қызметін және Директорлар кеңесінің, Қоғам Басқармасының 

Жалғыз  акционермен  өзара  әрекеттесуін  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында,  Директорлар 

кеңесі Корпоративтік хатшы тағайындайды.  

Директорлар  кеңесі  Корпоративтік  хатшы  тағайындау  туралы  шешім  қабылдайды, 

оның  өкілеттік  мерзімін,  функциялары  мен  қызмет  тәртібін, лауазымдық  жалақы  мөлшерін 

және  сыйақы  төлеу  шарттарын  анықтайды,  Корпоративтік  хатшының  қызметін 

(хатшылығын)  құру  туралы  шешім  қабылдайды  және  аталған  қызметтің  бюджетін 

анықтайды.  Корпоративтік хатшы  Директорлар  кеңесіне  есепті  және  Қоғам  Басқармасынан 

тәуелсіз болады.  

Корпоративтік  хатшы  өз  қызметін  Директорлар  кеңесі  бекітетін  ереже  негізінде 

жүзеге  асырады,  онда  оның  функциялары,  құқықтары  мен  міндеттері,  Қоғамның 

органдарымен өзара әрекеттесу тәртібі, біліктілік талаптары және басқа ақпарат көрсетіледі. 




жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау