«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

6.2.5.  Директорлар  кеңесінің  отырысын  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  немесе 

Қоғам  Басқармасы  шақыру  туралы  талап  түскеннен  кейін  10  (он)  күннен  кешіктірмей 

шақыруға тиіс.   

 

6.3. Директорлар кеңесінің отырыстарын шақырудан бас тарту 

Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  отырысты  (көзбе-көз  немесе  сырттай)  шақырудан 

бас тартқан жағдайда, бастамашы көрсетілген ұсыныспен Қоғамның Басқармасына жүгінуге 

құқылы, ол Директорлар кеңесінің отырысын оны дайындау үшін Қоғамның Корпоративтік 

хатшысын белгіленген тәртіппен тарта отырып шақыруға міндетті. 

 

6.4.  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  Директорлар  кеңесінің  отырысы 



шақырылатыны және өткізілетіні туралы хабарлау 

6.4.1.  Директорлар  кеңесінің  отырысы  өткізілетіні  туралы  хабарламаға  Директорлар 

кеңесінің  Төрағасы  қол  қояды,  ал  ол  отырысты  шақырудан  бас  тартқан  жағдайда  –  Қоғам 

Басқармасының Төрағасы қол қояды. 

Директорлар  кеңесінің  отырысын  өткізу  туралы  хабарламада  отырыстың  өткізілетін 

күні, уақыты және орны туралы мәліметтер, оның күн тәртібі, сондай-ақ көзбе-көз отырысты 

өткізу  кезінде,  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  күн  тәртібі  бойынша  жазбаша  хабарлама 

жіберу  арқылы,  ол  отырысқа  қатыса  алмайтын  жағдайда  дауыс  беру  мүмкіндігі  туралы 

түсіндірме болуға тиіс. 

6.4.2. Отырыстың өткізілетіні туралы хабарламаны, сонымен қатар оған қоса берілетін 

материалдарды  Қоғамның  корпоративтік  хатшысы  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне 

жазбаша түрде немесе Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісу бойынша, оларға ыңғайлы 

өзге  тәсілмен  (соның  ішінде  пошта,  факсимильдік,  электрондық  және  өзге  байланысты 

қолданумен) отырыс өткізілетін күннен кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын  жолдайды.  

Төменде көрсетілген аса маңызды мәселелер:  

1) Қоғам қызметінің басым бағыттарын белгілеу; 

2) Қоғамның даму стратегиясын бекіту; 

3) Қоғамның бес жылдық кезеңге даму жоспарын  бекіту;  

4)  жарияланған  акциялар  санының  шегінде  акциялар  орналастыру  (өткізу),  соның 

ішінде  орналастырылатын  (өткізілетін)  акциялар  саны,  оларды  орналастыру  (өткізу)  тәсілі 

мен бағасы туралы  шешімдер қабылдау; 

5)  орналастырылған  акцияларды  немесе  басқа  бағалы  қағаздарды    сатып  алу  туралы 

және оларды сатып алу бағасы туралы шешімдер қабылдау; 

6) Басқарманың Төрағасы мен мүшелерінің қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту; 

7)  Қоғамның  жылдық  қаржылық  есептілігін  алдын  ала  бекіту,  Қоғамның  Жалғыз 

акционеріне Қоғамның аяқталған қаржылық жыл ішіндегі таза табысын бөлу тәртібі туралы 

және Қоғамның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері  туралы ұсыныстар беру;  

8) Қоғамның басқа заңды тұлғалар құруға қатысуы туралы шешімдер қабылдау; 

9) жылдық есепті бекіту бойынша материалдар кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын 

беріледі. 

6.4.3.  Директорлар  кеңесінің  мүшесі  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  мен  Қоғамның 

Басқармасына  өзінің  Директорлар  кеңесінің  отырысына  қатыса  алмайтыны  жөнінде  алдын 

ала хабарлауға міндетті. 

6.4.4. 


Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  жолданатын  Директорлар  кеңесі 

отырысының материалдарына: 

- баяндамашыларды көрсете отырып, отырыстың күн тәртібі,; 

-  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  атына  Ережеге  №3  қосымшада  белгіленген 

талаптарға сәйкес дайындалған түсіндірме жазбалар; 

- құжаттардың жобалары; 

- Директорлар кеңесі шешімдерінің жобалары; 

- Басқарманың шешімдерінен үзінді көшірмелер; 




 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

-  бар  болған  жағдайда,  өзге  қосымша  құжаттар  (таныстырылымдар,  мемлекеттік 

органдардың,  Жалғыз  акционердің,  Директорлар  кеңесінің  шешімдерінің  көшірмелері), 

көрсетілген  мәселелердің  күн  тәртібіне  енгізілуін  негіздейтін  анықтамалық  материалдар 

және тағы басқалар кіреді.    

Директорлар  кеңесі  отырысының  күн  тәртібіндегі  мәселелерге  түсіндірме  жазбаға 

мәселені күн тәртібіне енгізуге бастамашылық етуші қол қоюға тиіс.  Мәселенің қаралуына 

Қоғамның  Басқармасы  бастамашылық  жасаған  жағдайда,  отырыстың  күн  тәртібінің 

мәселелеріне түсіндірме жазбаға Қоғам Басқармасының Төрағасы қол қоюы қажет. 

Директорлар  кеңесін  шешімдерінің  жобасына    мәселені  күн  тәртібіне  енгізуге 

бастамашылық  етуші  қолын  қояды.  Мәселенің  қаралуына  Қоғамның  Басқармасы 

бастамашылық  жасаған  жағдайда,  Директорлар  кеңесі  шешімдерінің  жобасына  Қоғам 

Басқармасының Төрағасы қол қоюы қажет.  

Директорлар  кеңесінің  бекітуіне  Қоғам  Басқармасы  шығаратын  құжаттардың 

көшірмелеріне Қоғамның Бас директорынан төмен емес тұлға қолын қояды. 

Құжаттың  көшірмесі  Қоғам  Басқармасының  отырысында  қарастырылған  жағдайда, 

егер  құжат  Қоғам  Басқармасының  шешімдерінен  үзінді  көшірмемен  бірге  тігілген  болса, 

құжатты  Қоғамның  Корпоративтік  хатшысына  қажетті  қолдарды  қоюсыз  беруге  жол 

беріледі.   

Қоғам  Басқармасының  шешімдерінен  үзінді  көшірмеге  Қоғам  Басқармасы 

хатшысының қолы қойылуы  қажет және Қоғамның тиісті мөрімен куәландырылуға тиіс. 

Директорлар  кеңесінің  мүшесі  мемлекеттік  немесе  орыс  тілдерін  білмейтін  шетел 

азаматы болған жағдайда, материалдардың барлығы ағылшын тіліне аударылуға тиіс. 

Қоғамның  органдарын  сайлау  мәселелері  бойынша  материалдарда  ұсынылған 

кандиаттар туралы мынадай ақпарат: 

1) тегі, аты, әкесінің аты; 

2) білімі туралы мәліметтер; 

3) Қоғамға үлестестігі туралы мәліметтер; 

4)  соңғы  үш  жыл  ішіндегі  жұмыс  орындары  мен  атқарған  лауазымдары  туралы 

мәліметтер; 

5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс өтілін растайтын өзге де ақпарат болуға тиіс. 

Ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделілік бар мәміле жасау туралы шешімдер 

қабылдау  туралы  мәселе  қарастырылған  жағдайда,  мәміле  туралы  ақпаратқа  мәміле 

тараптары, мерзімдері мен мәмілені орындау шарттары, тартылған тұлғалардың үлестерінің 

сипаты  мен  көлемдері  туралы  мәліметтер,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес бағалаушының есебі болуға тиіс. 

6.4.5. 

Директорлар 



кеңесінің 

отырыстарына 

материалдарды 

түпкілікті 

қалыптастыруды  Қоғамның  Корпоративтік хатшысы  қызметі  жүзеге  асырады.  Директорлар 

кеңесі отырыстарының материалдары мен хаттамалары басым болып табылады, бұл мұндай 

құжаттарды  бірінші  кезекте  Қоғамның  құрылымдық  бөлімшелері  әзірлейтін  және  (немесе) 

келісетінін  білдіреді.  Отырыстың  күн  тәртібін  қоспағанда,  Ереженің  6.4.4-тармақшасында 

көрсетілген материалдарды Қоғам Басқармасының хатшысы отырысты өткізудің болжамды 

күніне  дейін  10  (он)  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  Қоғамның  Корпоративтік  хатшысы 

қызметіне ұсынады. Қажетті материалдар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған және (немесе) 

олар тиісті түрде ұсынылмаған жағдайда, мәселе отырыстың күн тәртібіне енгізілмейді. 

 

 

6.5.  Директорлар  кеңесінің  отырысы  өткізілетін  орынның  және  уақытының 



өзгеруі 

6.5.1.  Директорлар  кеңесінің  отырысын  өткізу  мүмкін  емес  немесе  қиындататын 

жағдайлар туындаған кезде Директорлар кеңесінің мүшелері хабардар етілген жерде немесе 

уақытта жоспарланған  күн тәртібі бойынша отырыс өзге жерде және (немесе) өзге  уақытта 

өткізілуі мүмкін. 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау