деңгейіне
байланысты жалпы, инклюзивті не-
месе арнайы мектепке дейінгі, бастауыш не-
месе институционалдық әлеуметтік мекеме-
лерге бара алады. Көптеген мүдделі адамдар,
оның ішінде мұғалімдер, мүгедектігі бар және
мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары,
сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері
инклюзивті сыныптар мүгедектігі бар оқушылар
үшін ең жақсы білім беру ортасын қамтамасыз
етеді деп санайды. Мұнымен қатар мүгедектігі
бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне
тарту міндетті түзету, педагогикалық және
психологиялық көмек тұрғысынан үлкен күш-
жігерді талап етеді. Сонымен қатар мүгедектігі
бар балаларды біліммен қамту деректері мен
көрсеткіштерінің жоқтығын ескере отырып,
мүгедектігі бар балаларды жалпы білім беретін
оқу орындарына араластыруда жағдайдың нақты
жақсарғанын бағалау қиын.
Дей тұрғанмен,
орта және орта кәсіптік білім беру саласында
белгілі бір ілгерілеушіліктер бар. Сөйтіп, 2002 –
2012 жж. техникалық және орта кәсіптік білім
беретін оқу орындарына баратын мүгедектігі
бар және дамуында мүмкіндіктері шектеулі ба-
лалар саны артты. Мүгедектігі бар балалар үшін
білім беру тегін болып табылғанымен, соңғы
деректер квота бойынша білім беру грантын
алуға өтінім берген мүгедектігі бар балалардың
85%-ы ғана оны 2012 жылы алғанын көрсетеді.
Бұл кәсіптік-техникалық және жоғары оқу
орындарында оқумен қамтылған мүгедектігі
бар балалардың санының өсіп отырғанына
қарамастан, мүгедектігі бар балалардың білім
алу жүйесіне интеграциялануы үшін әрі қарайғы
шараларды қабылдау қажеттігі туралы дабыл
қағады.
Статистикалық деректер мен зерттелген ма-
териалдарда анықталған көптеген үрдістерді
фокус-топтардағы талқылауларға қатысқандар
мен сұралған респонденттер растады.
Қазақстан Республикасында балаларды қорғау
жүйесінде
бұрынғыша қандай олқылықтар
бар екенін анықтау үшін бес өңірде (Астана
және Алматы ққ., Қарағанды, Қызылорда және
Шығыс Қазақстан облыстарында) фокус-топ-
тарда тоғыз талқылау және 33 егжей-тегжейлі
сұхбат жүргізілді. Қатысушылардың пікірлері
мүгедектігі бар балаларға қатысты бірнеше
негізгі бағыттар әлі де болса ел үшін өзекті бо-
лып табылады деген ұстанымға саяды.
Инклюзивті білім беру тұрғысынан респон-
денттер мынадай мәселелерді талқылады:
1) білім беру мекемелері жаңартылуға және
мүгедектігі бар балаларды қабылдау үшін қайта
жабдықтаруға тиіс;
2) инклюзивті мектептер мен сыныптар-
да жұмыс істеу үшін мұғалімнің көмекшісін,
логопедтерді, физиотерапевтерді және т.б. қоса
алғанда мамандандырылған қызметкерлерді
енгізу қажет;
3) «оқушы-мұғалім» арасалмағының неғұрлым
төмен болуы мүгедектігі бар балалардың білім
алуға ықпалдасуындағы табыстарға ықпал
етеді;
4) мүгедектігі бар балаларға қолайлы білім беру
қарқынын қамтамасыз ету үшін
мұғалімдерге
мүгедектігі бар балаларға арналған ар-
найы жеке оқу бағдарламалары, білім беру
саласындағы жұмыс жоспарлары және жоспар-
лар қажет;
5) оқушылар мен олардың ата-аналары мүгедек
балаларды сыныпқа апаруға бағдар ұстауға
және дайын болуға тиіс.
Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ,
фокус-топтар мен респонденттер мынадай үш
негізгі мәселені атап көрсетті:
1) медициналық мекемелерге қолжетімділік;
2) тиісті босанғанға дейінгі скрининг пен пост-
диагностикалық консультацияларды қоса
алғанда, сапалы медициналық қызметтің болуы;
3) медициналық қызмет көрсетуге арналған
әлеуметтік қорғау шараларына қолжетімділік.
Әлеуметтік қатысу саласында көптеген ре-
спонденттер соңғы көптеген жылдар ішінде
мүгедектігі бар адамдардың өмірінде бо-
лып жатқан
айқын жақсару жағдайларын
атап көрсетті. Респонденттер мүгедек емес
балалардың әдетте мүгедектігі бар балалар-
мен ашық қарым-қатынас жасауға бейім
екенін, әлеуметтік таңба белгілі бір деңгейде
мұндай балалардың толымды өмір сүруі шек-
телген деп санайтын ата-аналар немесе билік
органдарының өкілдерінен шығатынын хабар-
лады.
Әлеуметтік қорғау респонденттер талқылаған
әлеуметтік инклюзияның тағы бір саласы болып
табылады.
Ата-аналар мен қызмет көрсететін ұйымдар
мыналарды хабарлады:
1) мүгедектігі бар балаларға қомқорлық жа-
сау қымбат болып табылады, осыған орай
мемлекеттік жәрдемақылар қажет болып табы-
лады;
2) жәрдемақылар пакеті көлемінің қомақты
болуына қарамастан, көптеген отбасылар бюд-
8
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында
инклюзивті ҚоғаМды даМыту
жет қаражатының тапшылығын бастан кешіріп
отыр, өйткені олардың балаларына көрсетілетін
белгілі бір қызметтер немесе материалдық
қажеттіліктер қолдағы бар жеңілдіктермен
қамтылмаған;
3) мемлекеттік органдар жәрдемақылар мен
жеңілдіктерді пайдалану тиімділігін шектейтін
әлеуметтік қорғау шараларына қалай рұқсат алу
және оларды тиімді пайдалану туралы шектеулі
ақпарат ұсынады.
Ең ақырында, респонденттер мүгедектігі бар
балалардың құқықтарын заңнамалық және
нормативтік-құқықтық база арқылы қорғау
мәселесін талқылады.
Респонденттер анық негіздемелер
әзірлеу саласында айтарлықтай жақсару
жағдайларының бар екенін, бірақ оны іске
асыру проблема
болып қала беретінін атап
көрсетті, өйткені:
1) баланы мүгедектігі бар ретінде тану үшін
Қазақстанда қабылданған стандарттардың
халықаралық стандарттарға қарағанда
мейлінше қатал бірнеше белгілері
болғандықтан, мүгедектікті анықтаудың
қолданыстағы критерийлері кейбір балалардың
әлеуметтік артықшылықтарға қолжетімділігін
алып тастауы мүмкін;
2) елдің көптеген өңірлерінде, әсіресе медици-
на мен білім беру салаларында мамандар мен
жабдықтар анық жетіспейтін ауылдық аудан-
дарда ақша қаражаты мен адам ресурстары
бұрынғысынша жеткіліксіз;
3) қызметпен қамтуды кеңейтуге арналған
қаржыландыру құрылымы (мысалы, мемлекеттік
органдардың қоғамдық ұйымдарының қосалқы
мердігерлігі арқылы) жүйелі
және қолжетімді
қызметті қамтамасыз ету үшін нақтыланып,
түзетілуі тиіс.
Құжаттарға, фокус-топтардағы талқылауларға
және респонденттердің сауалдамаларына тал-
дау жүргізу барысында жинақталған ақпарат
негізінде Қазақстан Республикасындағы
мүгедек балаларды әлеуметтік интеграциялау
және оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
саласындағы ілгерілеушіліктер үшін бірнеше
негізгі салалар анықталуы мүмкін. Төменде
Қазақстанның мүгедектігі бар балалардың
мейлінше әлеуметтік интеграциялануына және
оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге
ықпал ете алатынына қатысты ұсынымдардың
қысқаша жиынтығы мазмұндалған.
терминологиялық аппаратты жетілдіру
1) Ұлттық стандарттар халықаралық
стандарттарға, әсіресе бала мүгедектігі бар
адам ретінде танылуы үшін балада анықталуға
тиіс бұзылыстардың
ең төменгі деңгейіне
қатысты сәйкестікке келтірілуге тиіс.
2) «Дамудағы шектеулі мүмкіндіктерді»
«мүгедектіктен» ажыратудың нақты стандартта-
ры мен критерийлері бұл санаттардың неғұрлым
жүйелі түрде берілуін және патологиялары аса
ауыр емес балалардың қажетті мемлекеттік
қызметтер мен тауарлардан балаларды айыр-
мауы үшін әзірленуге тиіс.
3) «Мүгедектігі бар бала» немесе «дамуында
мүмкіндіктері шектеулі бала» секілді сөздерді
балаға таңба ретінде басылуын немесе оның
оқшаулануын болдырмау үшін ауыстыру немесе
заң терминологиясында қолданудан аулақ болу
қажет.
Мониторинг жүргізу құралдары
Осы баяндамада білім беру, медициналық
қызмет көрсету, әлеуметтік қамтамасыз ету,
әлеуметтік жәрдемақыларға қолжетімділік,
мүгедектігі
бар балаларды қоғамға арала-
стыру, олардың тең мүмкіндіктерін және
қатысуын қамтамасыз ету секілді салаларға
қатысты мерзімді түрде бақылау қажет болатын
көрсеткіштер тізбесінен тұратын техникалық
қосымша беріледі.
Қарым-қатынасты өзгерту
Мүгедектігі бар адамдардың көріну
мүмкіншіліктерін арттыратын ақпараттық-
ағарту және насихат науқандары жүргізілуі
мүмкін. Мұндай науқандар мүгедектігі бар
адамдардың мүгедек емес адамдар секілді
мүдделерінің, мүмкіндіктері мен шектеулерінің
ұқсас екендіктерін көрсете алар еді.
Мүмкіндіктерді ынталандыру
Жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің,
педагогтердің және басқа әлеуметтік қолдау
жүйесінің қатысушыларының мүгедектігі бар
балалар мен олардың отбасыларына өнімді
болашағын жоспарлауға көмектесуге дайын
екендіктеріне кепілдік беру үшін тренингтер
өткізу қажет.
9